Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр прагма.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.44 Кб
Скачать

57. Тақырыпқа сай негізгі ұғымдарға талдау жасау: форма, тәрбие жұмысының формасы, тәрбиедегі қарым қатынас, тәрбие әрекеті.

Форма дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі.

Тәрбие жұмыстарының формасы—оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды. 

Тәрбиедегі қарым қатынас- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі. Олардың осы қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын қарым-қатынастары ретінде анықтауға болады.

Тәрбие әрекеті- тәрбие субьектісінің білім берудегі қарым-қатынас жасау тәсілі.

58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формаларын сызба арқылы сипаттау.

Дәстүрлі тапсырмаларды

Кезегімен ауыстырып бару,

Сюжеттік рөлдік ойындар,

Ұжымдық жоспарлау, бірлікті талдау.

Іс шаралар кеңесі, шығармашылық топтар, өзіндік басқару кешендері, шағын үйірмелер. Тәрбиеші міндеттері: әр оқушының өзін танытуға жәрдемдесу, топ мүшелері-

Нің бәріне бірдей мәнді нәтижеге

Жету жағдайларын жасау.

59. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау кезеңдерінің үлгісін құрастыру.

1. Сынып жетекшісінің оқу жылына талдау жұмыстарының шартты түрде алынған үлгісі

І. Сыныптағы педагогикалық жұмысты талдаудың жалпы нәтижесі.

1.1. Оқушылардың тәрбиелік және әлеуметтік өзгеру сапасы (әлеуметтік маңызы бар сапасының дамуы, мінез-құлқы, әрекеті, белсенділігі т.с.с.).

1.2. Оқушылар ұжымының даму деңгейі, ұжымдағы оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналар мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының сапалық көрсеткіші.

1.3. Педагогикалық тәсілдерді қолдану нәтижесі.

 ІІ. Сынып алдында қойылған міндеттердің орындалуына талдау.

2.1. Бүгінгі күн тұрғысында өткен оқу жылындағы міндеттердің дұрыстығы, өз уақытында қойылуы, уақытпен сәйкестігі.

2.2. Оқу жылының ішінде қандай міндеттер нәтижелі атқарылды? Оның көрсеткіші қандай?

2.3. Қандай міндеттер орындалмады және оның себебі?

Олай болса, сынып жетекшісі педагогикалық процестің нәтижесін талдау барысында анықтайды:

-сынып ұжымы мен өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін;

-сыныптағы атқарылған педагогикалық жұмыстың мақсатқа сәйкестілігін;

-нәтижеге қол жеткізудің факторларын, қозғаушы күштерін, себептерін;

-пайдаланылған педагогикалық құралдарының нәтижелілігін және сынып жұмысының нәтижесіне олардың ықпал ету дәрежесін;

-педагогикалық әрекеттің жетістіктері және кемшіліктерін, олардың себебін;

-пайдаланбай қалған мүмкіндіктер мен педагогикалық құралдарын, болашақта сынып жұмысын жетілдірудің қосымша көздерін қарастыруды т.б.