Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус МБ 2016.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291.33 Кб
Скачать

3. Пәннің мақсаты мен міндеті.

Молекулалық биология пәні биология ғылымы саласына жататын пәндердің біріне жатады. Ол келешек мамандарды биологиялық процесстердің молекулалық механизмдерімен таныстырады. Организмді құрайтын органикалық заттардың молекулаларының құрылысын, биополимерлердің структурасын оларды бөліп алу зерттеу әдістері молекулалық биология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.

Молекулалық биология пәні ойдағыдай өту үшін мынадай мақсаттар қойылады.

1. Биополимерлерді бөліп алу, зерттеу әдістерін оқыту, биологиялық информацияның жүзеге асу механизмдері туралы ұғым беру.

2. Студенттерге молекулалық биология саласында ашылған генетикалық, физиология биохимия салаларындағы проблемаларды түсіндіру, ол жаңалықтардың гендік инженерия, биотехнология үшін практикалық маңызын ашу.

Молекулалық биологиядан білім беру жұмысы лекциялар, семинарлар, лабораториялық жұмыстар түрінде өтеді.

6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдары

2.1. Курстық тақырыптық жоспары

Лекцияның тақырыбы

Лекция сағаты

Лабораторлық сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Молекулалық биология пәні. Молекулалық биологияның қысқаша тарихы және даму этаптары

2

1

2

2

2

Нуклеин қышқылдарының генетикалық ролі

2

1

2

2

3

Нуклеин қышқылдары: ДНҚ ,ДНҚ-ның макромолекулалы құрылымы

2

1

2

2

4

Рибонуклеин қышқылы, ДНҚ-РНҚ гибридтелу.

2

1

2

2

5

Нуклеин қышқылдарының қышқылдык гидролизі және нуклеотид құрамын анықтау

2

1

2

2

6

ДНҚ репликациясы

2

1

2

2

7

ДНҚ-дан РНҚ-ға транскрипциаланудың механизмдері және принциптері

2

1

2

2

8

Алғашқы транскриптер процессингі

2

1

2

2

9

Генетикалық код

2

1

2

2

10

Белок биосинтезі.

2

1

2

2

11

Геном туралы жалпы түсінік Бактериялар мен вирустардың генетикалық аппараты

2

1

2

2

12

Хромосомалардағы ДНҚ-ның орамы және молекула аралық өзара әсерлер

2

1

2

2

13

Нуклеин қышқылдарының мутациялық өзгергіштігі

2

1

2

2

14

Рекомбинантты ДНҚ туралы түсінік

2

1

2

2

15

Дамудың молекулалық биологиясы және биотехнология жетістіктері.

2

1

2

2