- •5В011300, 5в060700 «Биология» мамандықтары үшін
- •Пәннің оқу бағдарламасы- syllabus
- •1.1Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәлімет
- •3. Пәннің мақсаты мен міндеті.
- •6. Оқу сабақтарының құрылымы:
- •7. Студентке арналған ережелер (Rules):
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдары
- •2.1. Курстық тақырыптық жоспары
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Қосымша
- •Лабораториялық сабақтар жоспары
- •10.Лабораториялық сабақтар
- •1 Тақырып (2 сағат)
- •12.Обсөж жоспары және орындалу кестесі
- •Қосымша
- •13.Студенттердің білімін бақылау түрлері
- •13.1 Бақылау сұрақтары:
- •Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бағалау жүйесі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
«Жаратылыстану және ауыл шаруашылық ғылымдар» факультеті
“Биология” кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет деканы
__________ А.Мусаева
«____»___________2016 ж.
Оқу-әдістемелік кешен
“Молекулалық биология” пәні бойынша
5В011300, 5в060700 «Биология» мамандықтары үшін
Атырау, 2016
Құрастырушы: Жұматова Гүлшат Ғабитқызы, экология магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы
ОӘК аннотациясы: Оқу әдістемелік кешен «Молекулалық биология» пәні бойынша 5В011300, 5В060700 «Биология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
Биология мамандықтарға арналған «Молекулалық биология» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені / Құрастырушы Г.Ғ.Жұматова - Атырау; Х. Досмұхамедов атындағы АМУ баспаханасы, 2016.
Пәннің оқу бағдарламасы- syllabus
1.1Оқытушы туралы мәліметтер:
Жұматова Гүлшат Ғабитқызы, экология магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің биология кафедрасының аға оқытушысы Биология кафедрасы 414 бөлме, 87787033979
1.2 Пән туралы мәлімет
Пәннің аты: Молекулалық биология
Кредиттің саны: 3 кредит
Өткізу орыны: кестеге сәйкес
Оқулық жоспардан жазып алынған
Курс |
семестр |
кредит |
Дәріс |
Практика |
Барлығы |
Бақылау формасы |
3 |
6 |
3 |
30 |
15 |
45 |
жазбаша |
4 |
7 |
3 |
30 |
15 |
45 |
жазбаша |
Пәннің пререквизиттері (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер): Осы панді игеру үшін төмендегі курс та өтілген жалпы химия, фізика, биохимия, микробиология, генетика сияқты пәндерден алған білім дәрежелері қажет.
Пәннің постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер): Бұл пәнде оқу кезінде студент тер нуклеин қышқылдарының қаситеттері, құрылымы және биолоиялық ролін, генетикалық ақпараттың ұрпақтан ұрпаққа берілу межанизмдерін, репликация, транскрипция және трансляция жүйелерін меңгереді.
