Сүйектің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері
Қаңқа сүйектері күрделі химиялық құрамға ие. Әрбір сүйек органикалық және органикалық емес қосылыстардан тұрады. Органикалық емес қосылыстарға су және минералды тұздар (кальций тұздары, магний, калий, натрий) жатады. Органикалық қосылыстар негізінен ақуыз (оссеин) және липидтермен (сары сүйек миы) көрсетілген. Ағзадан алынып, фиксацияланбаған немесе кептірілмеген сүйектің құрамы 50 % судан, 15,5 % майдан, әр түрлі байланыс түрінде көрсетілген 12,5 % органикалық және 22 % органикалық емес заттардан тұрады. Майсыздандырылған және кептірілген сүйектердің құрамында органикалық және органикалық емес заттардың 3/1 және 3/2 мөлшерін сәйкесінше құрайды. Сүйектің серпімділігі оссеинге байланысты, қаттылығы – минералды тұздарға байланысты. изикалық қасиеттері жағынан сүйек темір бетон конструкцияларының қасиеттеріне жақын. Оның мықтылығын шойынның мықтылығымен салыстыруға болады, ал серпімділігі емен ағашының серпімділігінен асып түседі. Сүйектегі органикалық және органикалық емес заттардың тепе-теңдігі мал түріне, жынысына, жасына, қоректену жағдайына және құрамына, денсаулығына және басқа жағдайларына байланысты. Бұл заттардың бір-біріне байланысы қаңқа сүйектерінің негізгі қасиеттерін, олардың қаттылығын көрсетеді. Жас мал сүйегінде минералды тұздар үлкен малға қарағанда аз болады. Жас мал сүйектері серпімді және тегіс болады, ал үлкен жануарлардың сүйегінде органикалық емес тұздар көп, сондықтан олар сынғыш және әлсіз келеді.
Мүшелер жүйесінің қозғалысын құраушылар көбінесе қаңқа сүйектері және көлденең жолақты бұлшықетттер немесе тек бұлшықеттер. Шеміршектермен буындар қосымша мәнге ие. Сүйектер мен бұлшықеттер косылысы жануардың сыртқы келбетін пішіндейді және ағзаның әртүрлі қозғалыстарын, дененің кеңістікте орналасуын, оның жеке бөліктерінің бір-біріне қарағанда өзгерісі және белгілі жағдайдағы олардың бекітілуі, азықтың алынуы және өлшенуі, тыныс алу кезіндегі кеуде торшаларының қозғалысы.
Жануар ағзасының барлық қозғалыстары бұлшықеттердің қысқару және босаңсу қасиеттеріне байланысты оындалады. Еркін немесе тез қозғалатын ағзалар тек тығыз байланыста басқа ағза жүйелерімен функцияланады(жүйке, қанайналым, асқорыту және т.б). Қозғалыстың келісімділігі орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылады, ол қозғалыс жануардың еркімен орындалады, осыдан мүшелер жүйесінің қосымша қозғалысы алынған.
Сүйектердің қалыптасуының жалпы заңдылықтары
Сүйек ұлпасы ең көп жиырылатын немесе созылатын орындарында көп пайда болады.
Сүйектердің даму дәрежесі олармен байланыстағы бұлшықеттердің қызметінің қарқынына тәуелді. Сүйектердің сыртқы түрі созылулар мен қысым әсерінен өзгеріп отырады, яғни олармен байланыстағы бұлшықеттердің қызметі неғұрлым қарқынды болса соғұрлым дамуы жақсара түседі.
Сүйектердің түтікшелі құрылымы сүйек материалының аз шығындалуы нәтижесінде ең көп мықтылықпен жеңілділікті қамтамасыз етеді.
Сүйектердің сыртқы түрі оларға түсетін қоршаған ұлпа мен ағзалардың әсеріне байланысты, және қысым төмендеп немесе ұлғайған сайын өзгеріп отырады.
Сүйек ұлпасы – тұрақты және тез өзгергіш, бұл ағзадағы зақымданған соң толығымен қайта қалпына келетін ұлпа. Мұнда тұрақты жүретін қарама – қарсы процесстер бұзылу мен қайта қалпына келу жүреді. Бұл процесстер – малдың динамика және статика кезеңдерінде пайда болатын механикалық күш әсерінен жүзеге асырылады, бұл кезде қаңқа жаңарады. Сүйек ұлпасы жасуша мен жасушааралық заттан тұрады. Сүйек жасушасының үш типі бар:
Остеобластар – бұл остео құрайтын жас жасушалар, олар матрикс – жасушааралық затты синтездейді. Остеобластардың көмекші функциялары жасушаралық заттағы кальций тұздарының жиналу процесіне қатысады.
Остеоциттер – жетілген сүйек жасушалары. Олар сүйектің құрылымдық және метаболитикалық интеграцияны қамтамасыз етеді. Бұл жасушалар оссеин қалыптасу (сүйектің ақуыз компоненті) және жасушааралық заттың еруіне қатысады.
Остеокластар – ірі көп ядролы жасушалар, олар сүйектік құрылымдар сіңірілетін орындарда пайда болады. Олардың функциялары: сүйектің ыдырауына алып келетін өнімдерді сыртқа шығару. Жасушааралық зат (сүйек матриксі) – негізінен коллаген талшықтары мен аморфты компоненттермен көрсетілген. Аморфты компонент – талшықтар мен жасуша арасындағы аралықты толтырады. Коллаген талшықтарында сүйек ұлпасында минералды бөлігі жинақталады. Аморфты зат – бұл гель немесе күл, зат алмасу өнімдердің жиналуы.
