Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 лекция.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.73 Кб
Скачать

Сүйектердің жіктелуі мен түрі.

Сүйектерді оқып білу барысында оның өлшеміне, түріне, денесінің айқындалу дәрежесіне немесе аяқталатын аумағының – диафизине, немесе жіліктерге қарай бағытталған сүйектің артқы бөліктері метафизіне көңіл аудару керек.

Сүйектердің пайда болуына қарай бірінші реттік – яғни олар өз дамуының барлық үш сатысынан (байланыстырушы ұлпалық, шеміршектік және сүйектік) өтеді, және екінші реттік – мұнда сүйек шеміршектік сатыдан айналып өтіп тек қана байланыстырушы ұлпадан дамиды.

Сүйектер түріне қарай ұзын, қысқа, тегіс және аралас болады.

Ұзын сүйектер – түтікшелі, тегіс және майысқан болады. Түтікшелі сүйектерінің екі соңы мен сары жілік майымен толтырылған ми денесі анық көрсетілген. Тегіс майысқан сүйектер (қабырға) өз түрі бойынша дөңгелек немесе цилиндрлі болады. Осындай сүйектердің ішкі кеңістігі тесік – тесік затпен, оның ұяшықтары қызыл жілік майымен толтырылған.

Қысқа сүйектер – аз мөлшердегі ми қуысы бар, ұзын түтікшелі сүйектер сияқты түтікшелі болып бөлінеді және сесам түрлі, кеуде сегменттері, аяқ қол жіліктері жатады. Ішкі қуысы қызыл жілік майымен толтырылған губкалы затпен көрсетілген.

Тегіс сүйектер – өзінің пайда болуына қарай бірінші реттік (белдік қаңқа сүйектері) және екінші реттік (бас қаңқасының жабынды сүйектері). Тегіс сүйектеріндегі сыртқы және ішкі пластиналар арасындағы кеңістік әлсіз айқындалған майда ұяшықты губкалы затпен толтырылған. Бас қаңқасының ішкі пластиналарының ми қуысына бағытталған сүйектері өте жұқа, тығыз және әлсіз болғандықтан әйнек тәріздес деп аталады.

Аралас сүйектер – өз құрылысында түтікшелі және тегіс сүйектердің барлық белгілері бар, ол олардың дамуымен атқаратын функциясының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Оларға омыртқа және бас қаңқасының негіз сүйектері жатады.

Сүйектердің құрылымы

Сүйектердің сырты, жілік беттерінен бөлек сүйек жабынымен қапталған. Сүйек жабынының екі қабатты құрылымы байланыстырушы ұлпалық талшықтар түйіні көмегімен көптеген арнайы саңылаулар арқылы сүйектік заттың беттік қабатына өтеді. Сүйек жабынының беттік немесе талшықты қабаты – тығыз фиброзды ұлпадан құрылған. Ағзадағы сүйектің әлсіз қызғылт түсі мен жоғары сезімталдығы, қан тамырлары мен жүйкелерге бай фиброзды ұлпаға байланысты. Сүйек жабының фиброзды ұлпасы, байламдар мен бұлшықеттің сіңірлерінің сүйекке байланысқан жерінде үлкен қалыңдыққа ие. Сүйек жабының ішкі немесе камбиалды қабаты тамырлары аз, нәзік құрылымды және сүйектің қалыңдығына қарай өсуіне себепкер остеогенді жасушаларға бай. Сүйек жабынының тамырлары – көптеген тамыр саңылаулары арқылы, сүйек ұлпалары мен жілік майының қан айналымына қатысады. Сүйек жабынының астында – сүйек ұлпасы жатыр. Оның негізі болып сүйек жасаушы жасушалардың – остеобластардың жалпы, қыстырылатын және остеон пластиналары болып табылады. Сүйектің құрылымды бірлігі – остеон. Остеон – 4 – 20 дана сүйек түтікшелерінің жиынтығын көрсетеді, яғни олар үсті - үстіне бір – бірімен бекітілген, көптеген сүйек жасушалары.

Сурет 14. Түтікшелі сүйектің диафизінің құрылысы.

1 – сүйек үсті заты; 2 – ықшамды зат; 3 – сүйек ми қуысы.

Сурет 15. Остеон құрылысының сұлбасы.

1 – орталық канал (остеон каналы); 2 – остеонның пластиналары; 3 – сүйек жасушасы (остеоцит).

Сурет 16. Түтікшелі сүйектің құрылысы: 1 – сүйек үсті; 2 – сүйектің ықшамды заты; 3 – сыртқы қоршаушы пластиналардың қабаты; 4 – остеондар; 5 – ішкі қоршаушы пластиналар қабаты; 6 –сүйек ми заты; 7 – тесік сүйектердің сүйек өткелдері.

Жіліктік сіңір – гиалинді сіңірден құралып, жілік қуысына бағытталған эпифиздің беттік бетін жабады. Гиалинді сіңірдің негізгі заты гомогенді (біртекті), ақшыл түсті масса құрылымды. Гиалинді сіңірдің үстіңгі беті, қозғалыс кезіндегі байламды сүйектердің оңай ауыса алуын қамтамасыз ететін синовиалды сұйықтықпен құйылған.

Жілік майы – ересек малдарда сары және қызыл деп бөлінеді. Сары жілік майы жекелеген аумақтарында ретикулярлы ұлпадан кездесетін май ұлпасынан тұрады. Қызыл жілік майы сүйектің губкалы заттың (омыртқада, қабырғада, кеуде сүйектерінде, түтікті сүйектердің эпифиздерінде, бас қаңқасының сүйек негізінде) құрамында болады. Қызыл жілік майы – қанның формалық элементтерінің дамуы жүретін, гемоцитопоэтикалық ұлпаны көрсететін, қан тасушы миеолоидты ағза. Егерде көп қан кеткен жағдайда сары жілік майы өзінің миеолоидты функциясын қайта келтіріп қызыл жілік майына айнала алады.

Ересек ірі қара малдарда жілік майының массасы сүйек массасына қатынасы 43 – 45 % - ын құрайды, оның 55 % - ы осьтік қаңқа сүйектерінде кездеседі. Жаңа туылған бұзаулардағы сары және қызыл жілік майының ара қатынасы 9:1, ал ересектерде сәйкесінше – 1:1.

Сүйек тамырлары. Әрбір сүйек сүйек жабынындағы, кішкентай саңылаулар арқылы өтіп сүйек затының құрамына кіретін қан тамырларымен қамтамасыз етілген. Тамыр саңылаулары көп жағдайда эпифиз маңында орналасады, олардың саны 1 см2 аумақта 25 – 30. Диафизде 1 ірі сіңірілетін саңылау бар.

Сүйек жүйкелері. Сезімтал жүйке талшықтарына бай сүйек жабынының жүйке тармақтарынан таралған жүйке сүйектің ішкі бетін құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]