№ 3 ДӘРІС
Тақырыбы: еттің шеміршек және сүйек ұлпасының қасиеттері мен құрамы, құрылымы
Дәріс мақсаты: мал етінің шеміршек және сүйек ұлпасының қасиеттері құрамы, жіктелуі, құрылымы қарастырылады.
Дәріс сұрақтары:
Сүйектің және сүйек ұлпасының құрылымы
Сүйектің және сүйек ұлпасының қасиеттері мен химиялық құрамы
Сүйектің тағамдық және өнеркәсіптік құндылығы
Шеміршек ұлпасының қасиеттері мен құрамы, құрылым ерекшелігі
Негізгі сөздер: шеміршек, сүйек ұлпалары, мал қаңқасы, сүйек.
Әдебиеттер:
Джетписбаева Б.Ш. Ауыл шаруашылық малдарының анатомиясы және гистологиясы. Оқу құралы. – 2013- 147 б.
http://elibrary.ru
Дәріс мазмұны:
Шеміршек және сүйек ұлпалары ағзада тек қана тіректік, механикалық функцияларды атқарып қана қоймайды, сонымен бірге минералды зат алмасуға қатысады. Шеміршек ұлпалары жасушалар (хондробластар мен хондроциттер) мен жасушааралық заттан (талшық пен аморфты зат) тұрады. Аморфты заттың 75% - су, құрғақ заттың 70%-ы коллаген, ал қалғаны гликозаминогликандар. Шеміршекте қан тамырлары жоқ, сондықтан шеміршек асты қалыптасқан сыртқы байланыстырушы ұлпа арқылы қоректенеді. Хондрогенді деп аталатын ішкі қабатындағы жасушалар хондробластар деп аталады, осылар арқылы сіңірлер еніне қарай өседі. Өсе келе тығыз консистенциясы бойынша жасушааралық затқа ұқсас хондроциттерге айналады. Хондроциттер митоздық бөліну кезінде (кейде амитозды бөліну) изогенді топтар түзеді (яғни бір кеңістікте жатқан жасушалар). Соңынан жасушааралық заттың бөлінуіне қарай жекелеген капсулалар түзеді.
Шеміршекті ұлпаның 3 түрі кездеседі:
Гиалинді
Эластикалық
Фиброзды
Олар бір бірінен жасушааралық зат құрылымы бойынша ажыратылады. Гиалинді шеміршектің жасушааралық затында тек қана коллаген талшықтары кездеседі. Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек үлпасының ең көп тараган түрі. Адам мен сүтқоректілер үрығының канқасы шеміршектің осы түрінен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың қабырғасында, қабырға үштарында, мүрын пернесінде кездеседі. Шеміршектердің ішіндегі қаттысы, гиалинді шеміршек жалпы шеміршек үлпасы сияқты хондриобластлар мен хондрициттер деп аталатын клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан түрады.
Серпілмелі шеміршектің жасушааралық затында коллаген талшықтарымен қатар серпілмелі талшықтар бар. Серпілмелі шеміршек ұлпасы жануарлардың құлақ қалканшасында, сыртқы есту жолында, кемекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде кездеседі. Айырмасы жасушааралык затында жіңішке коллагендік талшықтардан басқа жуан эластиндік талшықтардың торы болады. Серпілмелі шеміршек үлпасында гиалиндік шеміршекке карағанда жасушалардың изогендік топтары аз болады. Серпілмелі шеміршекте кальций тұздары байқалмайды.
Сүйек үлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға катысады, ал сүйектін қызыл майы қапшық пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала алатын жасушалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де атқарады.
Сүйек ұлпаларыда жасушалардан (остеобластар, остеоциттер және остеокластар) және қатты жасушааралық заттан тұрады (80% - ы құрғақ қалдық). Жасушааралық зат коллаген талшықтарынан (байланыстырушы ұлпа сияқты 1 типті коллаген) және 70% - ы кальций және фосфордың минералды тұздарынан тұратын аморфты заттан тұрады.
Сүйек ұлпасы екі түрде кездеседі: ірі талшықты (көп мөлшердегі жасуша элементтерімен және жасушааралық заттағы талшықтардың ретсіз орналасуымен сипатталады) Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты сүйек кұрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар пластинкалардан түратын пластинкалық сүйекке айналады; жіңішке талшықты немесе пластиналы: бірдей қалыңдықтағы талшықтар бір біріне параллель жатыр, бір-бірімен жасушааралық матриксті пластиналарға жабыстырылған. Егерде пластиналар ретсіз орналасқан болса, онда ол сүйек губкалы, ал егер ретті жүйе құрай алатын болса – жинақты деп аталады.
Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп аталатын, бір-бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден түратын тор. Көлденең ша-бақтардың арасы майға толы болады. Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмактың бағытына сәйкес келеді. Кемік сүйек ұрықтар мен өсуші ағзаға тән, ал ересек ағзада жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Тығыз сүйекті қоршап орналасқан сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден түрады. Әрбір цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы каналдар аркылы қан тамырлары өтеді. Ортасында Гаверс каналы бар пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесі немесе остеон дейді.
Остеон — сүйектің тығыз затының қүрылымдык бірлігі. Жілік сүйек бір-біріне жанаса орналасқан остеондардың көптеген санынан түрады. Сүйекте қан тамырлары көп болады. Сүйек пластинкаларының арасында сүйектің тірі жасушалары остеобластлар болатын қуыстар болады. Остеобластлар сүйектің бейорганикалық заттарын бөледі. Гаверс каналында борпылдак дәнекер үлпасына оралған жүйкелер мен лимфалық тамырлар орналасады. Остеондар арасында қалған аралықты аралық пластинкалар деп аталатын пластинкалар алып жатады.
Жілік сүйекті сыртынан сыртқы негізгі пластинкалар жүйесі қаптап тұрады. Сүйек қуысының ішкі беті ішкі негізгі пластинкалармен астарланған. Оны жүқа дәнекер қабықша — эндост қаптап тұрады. Негізгі және аралық пластинкалардың орналасуы қан тамырларына байланысты емес.
Сүйек затында сүйек пластинкаларымен қапталмаған тамырлар да болады. Олардың біреуі сүйекке негізгі пластинкалар аркылы өтеді, басқалары Гаверс каналдарын өзара жалғастырады.
Сүйекті сүйек қабықшасы немесе периост деп аталатын дәнекер ұлпалық қабықша каптап түрады. Ол сүйек тіршілігіңде үлкен рөл атқарады және екі қабаттан қүралады: 1. ІшкІ және 2. сыртқы.
Сүйек қабықшасының ішкі қабаты коллагендік және эластиндік талшықтардан түрады. Осы талшықтардың арасында остеобластлар жатады. Бүлар, әсіресе, жас өсуші сүйектерде көп болады. Периостың сырткы қабаты тығыз келеді және коллагеңдік талшықтардың жуан шоғырларынан түрады. Осы қабат арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді, олар Гаверс каналдарынан өтіп, сүйекті қоректендіреді.
Сүйек массасы мал денесінің салмағына қатынасы 7 ден 15 % дейінгі аралықты құрайды. Мысалы, етті бағыттағы қойларда – 9 %, бордақыланған шошқаларда – 6 %, бордақыланбаған шошқаларда – 9 %, жас ірі қара бұзауларында – 24,4 %, 1,5 жасар бұзауларды – 11,3 %, ересек малдарда – 10,4 % - құрайды.
Кесте - 2 . Қаңқа сүйектерінің жалпы саны.
Қаңқа бөлімдері |
Мал түрі |
||||
жылқы |
ірі қара |
ешкі |
қой |
шошқа |
|
Бас қаңқасы |
31 |
31 |
31 |
31 |
32 |
Омыртқа |
53-56 |
49-51 |
35-55 |
41-48 |
51-58 |
Қабырға |
36 |
26 |
26 |
26 |
28 |
Кеуде сүйегі |
7 |
7 |
7 |
7 |
6 |
Кеуде бөлігі |
40-42 |
48 |
48 |
48 |
82 |
Жамбас бөлігі |
40-42 |
46 |
46 |
46 |
82 |
Барлығы |
207-214 |
207-209 |
191-213 |
199-206 |
281-288 |
Дене бөліктеріне қатысты қаңқа сүйектері бас, дене (омыртқа жотасы, қабырға, кеуде сүйегі), кеуде және жамбас сүйектеріне (бел сүйектерімен аяқ қол сүйектерінің бос бөлімдері) бөлінеді. Салмағы бойынша үлкен массаға қаңқаның аяқ – қол сүйектері (51 %), одан кейін дене қаңқасының сүйектері (33 %) және аз мөлшерде бас қаңқасы (16 %) ие. Жамбас сүйектерінің қаңқасы кеуде сүйектеріне қатынаста ауырлау және жалпы массаның 3/2 үлесін құрайды.
Кесте - 3. Қаңқа массасы (дене массасына % мөлшерімен).
Жасы |
Мал түрі |
|||
жылқы |
Ірі қара |
қой |
Шошқа |
|
Жаңа туылған |
30 |
25 |
18 |
18,2 |
Ересек |
13-15 |
9-13 |
8-14 |
5-9 |
Сурет 14. Ірі қара қаңқасы.
1 – атлант; 2 – кеуде сүйегі; 3 – қабырға шеміршектері; 4 – қабырғалар; 5 – жауырын; 6 – иық сүйегі; 7 – иық алды сүйегі; 8 – білезік алды сүйектері; 9 – білезік сүйектері; 10 – саусақтың бақайлары; 11 – мықын сүйегі; 12 – құйымшақ сүйегі; 13 – асықты жілік немесе жамбас сүйегі; 14 – сирақ сүйектері; 15 - томпайшық алды сүйегі; 16 – томпайшық; 17 – маклок; 18 – өкше сүйектері.
Жануар қаңқасы. Сүйектер құрылысы
Жануар қаңқасы сүйектен, шеміршектен және буыннан құралады. Қаңқа сүйектері жануар денесінің қатты бөліктерін құрайды, ол оның барлық бөліктерін бір бүтінге жинайды және нәзік жасушаларды құрайды.
Қаңқа – бұл мал денесінің каркасы ретінде қарастырамыз. Оны негізгі және перифериялық деп бөлеміз.
Осьтік (негізгі) қаңқаға – бас қаңқасы, мойын, дене және құйрық қаңқасы жатады. Ең күрделі құрылымды болып бас қаңқасы болып есептеледі, мұнда бас миы, көру, иіс сезу, есту және тепе-теңдік ағзалары, ауыз және мұрын қуысы бар. Мойын, дене және құйрық қаңқасының негізгі бөлігін омыртқа бағаны құрайды. Омыртқа бағанын 5 бөлімге бөледі: мойын, кеуде, бел, жамбас және құйрық. Мойын бөлігі – мойын омыртқаларынан, кеуде бөлігі – кеуде омыртқаларынан, қабырға және кеуде сүйегінен; бел бөлігі – бел омыртқаларынан, жамбас бөлігі – жамбас сүйегінен, құйрық бөлігі – құйрық омыртқаларынан тұрады. Кеуде бөлімі дененің толық құрылымды бөлігі болып табылады, мұнда олар жүрек, өкпе ағзалары орналасқан кеуде қуысын қалыптастырады. Осьтік қаңқа жануардың қозғалысын қамтамасыз ететін дененің заңды құрылымына бағынады.
Перифериялық қаңқа – екі жұпты сирақтармен көрсетілген: кеуде және жамбас. Жамбас белдеуіндегі үш сүйек жақсы дамыған: мықын, лонная, құйымшақ адыры.
Сүйектер бұлшықет жұмысының әсерін қамтамасыз етуде, сонымен қатар маңызды ағзалардың қорғанысында(бас және арқа миы, жүрек, өкпе) үлкен рөл атқарады. Сүйектер қанның пайда болу процессіне қатысады, мықты көмекші, онда керекті тұздар мен майлар жиналады. Олар зат айналым поцесіне белсенді түрде қатысады және жануар ағзасының күрделі жүйесін құрайды.
Толық белдеу сүйектеріне 3 сүйек жатады: жауырын, бұғана және құстұмсықша сүйектер. Аталған сүйектер құстарда толығымен сақталған. Адам мен маймылдарда және мысық тұқымдас жыртқыш аңдарда иық белдеуі жауырын мен бұғанадан, ал үй жануарларында тек жауырыннан тұрады.
Сүйек – дамуы, топографиясы мен атқаратын функциясында ерекшеліктері бар күрделі құрылымға ие. Сүйек екі жолмен дамиды: 1) ұрықтық дәнекер үлпа-сынан немесе мезенхимадан тікелей дамуы (бастың тебе сүйектері мен бет сүйектері); 2) шеміршектің орнына дамуы.
Сүйектің негізін сүйек ұлпасы құрайды. оның жасуша элементтерімен қатар (остеоциттер, остеобластар, остеокластар), талшықты құрылымдар бар (коллаген немесе оссеин талшықтары) және минералды тұздармен қаныққан жасушааралық аморфты зат бар. Сүйек үстіңгі бетінен сүйекті сіңірлі және аяқ жағында сүйек қуысына бағытталған, сүйектің қалыңдығына қарай өсетін үстіңгі сүйек жабынымен қапталған. Түтікшелі және сорғыш тәрізді сүйектердің іші – ағзаның биологиялық қорғанышымен қан жүру функцияларында маңызды роль атқаратын, ретикулярлы ұлпадан құрылған жілік майымен толтырылған. Барлық сүйектер қанмен толығып, жүйкелендірілген.
