Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОДЕРЖАНИЕ МЕТОД.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

1.2 Жеңілдетілген типтегі жол қабатының құрылымы

Жеңілдетілген типтегі жол қабатының жетілдірілген жамылғысын (асфальтбетонды; сіңдіру тәсілімен тұтқырғыштармен өңделген қара шағыл тастан; шағыл тастан; іріленіп сынғыш материалдан; қондырғыда битумді эмульсия және цементпен өңделген құмды немесе қиыршық тасты топырақтар) III, IV категориялы жолдарда қолданған дұрыс. Жол қабатының типтік құрылым мысалдары суретте келтірілген.

Жеңілдетілген типтағы жол қабаты үшін асфальтбетон жамылғысын алдын ала кестеге сәйкес тағайындау қажет. Жамылғының соңғы қалыңдығын есептеулер арқылы тағайындайды.

Жеңілдетілген жол қабатының жетілдірілген жамылғысының негізінің көтергіш қабатын түйірлі материалдардан тұрғызады. Осыған орай III және IV категориялы жолдарда негізді келесі материалдардан: эмульсиямен және де басқада органикалық тұтқырғыштармен өңделген қиыршық тасты-құмды қоспадан; органикалық емес немесе кешенді тұтқырғыштармен өңделген өндіріс өнімдерінің қалдықтары мен топырақтардан; шағыл тасты және шағыл тасты қиыршық тасты қоспадан тұрғызған дұрыс.

1.3 Өтпелі типтегі жол қабатын құрылымдау

Өтпелі типтегі жол қабаты (берік жыныстан шағыл тасты және қиыршық тасты жамылғылар, органикалық, органикалық емес және кешенді тұтқырғыштармен, және т.б. бекітілген беріктігі аз тас материалдар мен топырақтар) IV и V категориялы жолдарда қарастырған дұрыс.

Өтпелі типтегі жол жамылғысынан жол қабатын жобалаған кезде, олар екі қабаттан тұруға болжам жасау керек. Типтік құрылымдар үлгілері суретте көрсетілген.

Заклинка тәсілімен тұрғызылатын жамылғылар үшін, табиғи тау жыныстарынан фракцияланған шағыл тасты, МемСТ 3344, МемСТ 8267 және МемСТ 25607 талаптарына жауап беретін тау кен қалдықтарынан шағыл тас және аз активті металлургиялық күлдерді, құрылыс жұмыстары үшін табиғи тастардан шағыл тасты қолданады.

1.4 Негіздің қосымша қабаттарын құрылымдау

Негіздің қосымша қабаттарын қолайсыз климаттық жағдайда және топырақты – гидрологиялық жағдайларда жолды жобалауда жол құрылымдарын су мен аяздан қорғау үшін қарастырады. Аяздан қорғау қабаттарын түйір материалдардан: құм, құмды-қиыршық тасты қоспа, қиыршық тас, шағыл тас, күл және т.б., сонымен қатар тұтқырғыштармен бекітілген топырақтар, немесе гидрофобизирленген топырақтар және басқада тоңазымайтын материалдардан тұрғызады. Аязға төзімділікке жарамдылық көрсеткіштері болып МемСТ 25607 сәйкес зертханалық жағдайда анықталған тоңазу дәрежесі саналады.

Фильтрация коэффициенті 1-2 м/тәу кем емес түйір материалдарының қабаты сүзгіш қабат функциясын атқаруы мүмкін. Осы жағдайда оны жер төсемесінің барлық еніне үйіндінің құламасына дейін шығарып немесе құбыр сияқты дрен немесе басқада суды бұрғыш қондырғылар тұрғызады. Аяздан қорғағыш сүзгіш қабатының қалыңдығын Құрылыс нормаларының 7 бөліміне сәйкес есептеулер нәтижесінде тағайындайды, ал оның ені жоғарыда жатқан қабат енінен екі жағынан кем дегенде 0,5 м артық болуы керек.

Құрылымдық қабаттардың беттесетін жерлерінде өтпелі аймақты қарастыру міндетті, себебі соңында жол қабатының құрылымы міндетті түрде өзгеретіндіктен, осы аймақтың соңында топырақтың тоңазуы кернеуленген аймақта қысқы көтерілулермен сәйкес келуі керек. Өтпелі аймақтың ұзындығының тағайындағанда ескерілуі міндетті, асфальтбетон жамылғысын тұрғызуда топырақтың тоңазуының өзгеру қарқындылығы 0,2 см/м аспауы керек.

Өте қолайсыз топырақты-гидрогеологилық жағдайда («сулы» ойықтар, нольдік белгідегі жер төсемесі, аласа үйінділер, мұнда тоңазу тереңдігі жамылғы бетінен топырақ суларының деңгейіне дейінгі арақашықтан асса немесе беттік сулардың ұзақ жиналуы) кезінде технико-экономикалық негіздеуді ескеріп пенопластты қолдану мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жылуизоляциялық материал ретінде үйлесімділігіне қарай тұтқырғыштармен бекітілген жергілікті материалды (топырақты) немесе өндіріс қалдықтары және кеуекті толтырғыштар (керамзит, перлит, аглопорит, полистирол түйіршіктері, үгітілген пенопласт қалдықтары) жеңіл бетонды қолдануға болады. Жамылғы бетінен пенопласттан жылуизоляциялық қабатқа дейінгі арақашықтық 0,5 м кем болмауы керек (көк тайғақты ескермегенде), ал оның ені жүру бөлігінің енінің екі жағынан кем дегенде 0,5-1,5 м жер төсемесінің тоңазу тереңдігіне байланысты артық болуы керек, ал жол қабатының астындағы топырақ тоңазуын болдырмау есептеулерінде 2,0 м дейін болуы керек.

Жылуизоляциялық қабаттың қалыңдығы мен құрылымда орналасуын теплотехникалық есептеулермен анықтайды. Қабат материалының ақаулануы және беріктік сипаттамасы, сонымен қатар соңғы қалыңдығын жол құрылымын беріктікке есептеуде ескеру керек.

Оптимальді құрылымды және жылуизоляциялық материал типін варианттарды аязға төзімділікке тең келетін технико-экономикалық салыстыру негізінде таңдау керек болады.

Сүзгіш қабаттың тұрғызу қажеттілігі жер төсемесінің жұмыс қабатының ылғалдану сұлбасына байланысты (ҚНжЕ 3.03-09 сәйкес): барлық аймақтың 3-ші сұлбасында; III жол-климаттық зонаның жауын шашын мөлшері көп болатын аймақта 1 және 2-і сұлба, сонымен қатар жүрубөлігінің негізінде жол бетінен енетін судың жиналуы мүмкіндігі (созылмалы ұзына бойлық еңістік, жол жиегінің судың оңай енетін жерлердің болуы, ұзына бойлық қимада дөңес сынулары, жүру бөлігіне жақын орналасқан жасыл желектер мен газондар және т.б.).

Сүзгіш қабаттарды құмнан, қиыршық тас материалдан, сортталған күлдер және фильтрлеуші материалдардан тұрғызу керек. Құрылымда, сүзгіш қабат тоңазу тереңдігінен жоғары орналасса, материал аязға төзімді және берік болуы керек. Сүзгіш қабат материалының талапты фильтрация коэффициентін есептеу арқылы, жүру бөлігінің геометриялық параметрлерін және басқада жағдайларды ескеріп анықтайды, ол болуы керек үйінді аймағында 1 м/тәу кем емес және ойықта 2 м/тәу.