Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОДЕРЖАНИЕ МЕТОД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.77 Mб
Скачать

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар

академиясы

«Көлік құрылысы» кафедрасы

«Автомобиль жолын жобалау 2»

пәнінен оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

(5В072900 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандығының студенттері үшін)

Алматы - 2013

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар

академиясы

«Көлік құрылысы» кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Оқу және ғылыми жұмыс

проректоры

______________ М.Б.Имандосова

« _____ » __________ 2013 ж.

«Автомобиль жолын жобалау 2»

пәнінен оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысын орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

(5В072900 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандығының студенттері үшін)

Алматы - 2013

Әдістемелік нұсқаулар «Автомобиль жолын жобалау 2» пәнінен оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысын орындауға арналған 050729 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандықтарына арналған.

Пікір жазғандар:

Махамбетова Ұ.Қ. - т.ғ.д., профессор ҚҚЖУ

Дюсенгалиева Т.М. - т.ғ.к., доцент ҚазККА

Авторлар:

Утешбаева А.А. – т.ғ.к., доцент.

Бибатшаева С.Б. – оқытушы.

Әдістемелік нұсқаулар студенттерді автомобиль жолдарын салу және пайдалану барысында жүргізілетін жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау, инженерлiк жабдықтау барысында сапа көрсеткіштерін, жол жұмыстары өндiрiсiндегi сапаны бақылауын үйрете отырып, нормативтік құжаттардың талаптарына сай жіберілетін ақаулардың мәнін анықтап білуге үйрету. Талаптарға сай орындалған құрылыс жұмыстары ұзақ, сенімді, қауіпсіз қызмет ете алатынын еске сақтаулары қажет.

Әдістемелік нұсқаулар «Көлік құрылысы» кафедрасының отырысында талқыланған және оң шешім алған ( 2013 ж. № хаттама ).

Әдістемелік нұсқаулар «Құрылыс» факультетінің Оқу - әдістемелік бюросының отырысында қарастырылған және ұсынылған ( 2013 ж. № хаттама).

Әдістемелік нұсқаулар Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Оқу - әдістемелік кеңесі төралқасының отырысында мақұлдаған және бекітілген. ( 2013 жыл № хаттама).

Кiрiспе

Автомобиль жолдары – күрделi инженерлiк құрылыстардың кешенi. Экономикалық жағынан ол халық шаруашылығының ең маңызды салаларының бiрiнен саналады. Сондықтан оған ерте бастан-ақ барынше терең көңiл бөлiнiп келедi. Атап айтқанда, барлық халық шаруашылығының өнiмдерiнiң 20-30%-тi жолдың шаруашылығынан (жолсыздықтан) ысырап болып жатады екен.

Автомобиль жолы бiрнеше инженерлiк элементтерден (жер төсемесi, жол төсемесi, көпiр, су өткiзетiн құбыр, жол өтпе, эстокада, тоннель және т. б.) тұрады. Солардың iшiнен ең қымбатты жол төсемесесi болып табылады. Оның жалпы құны жолдың құнының 40-60%-не дейiн жетедi. Сол себептi жол төсемесiн жобалауға, салуға, пайдалануға және жөндеуге аса көп көңiл бөлiнедi.

Көпжылдық жол шаруашылығының тәжiрибесi көрсеткендей, жол төсемесiнiң жұмыс iстеу мерзiмiнiң ұзақтығы, берiктiгiнiң сақталуы секiлдi жалпы көрсеткiштер жобалау кезеңiнде қабылданған шешiмдерге тiкелей байланысты болады.

Барлық жол төсемелерi қатты және қатқыл болып екi түрге бөлiнедi. Қатты жол төсемелерi бүгiн практикада аз қолданылады. Қазахстанда қатты төсемелi автомобиль жолдарының ұзындығы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығының 6-7%-iн-ақ құрайды екен. Сол себептi қазiр жол төсемелерiн жобалау әдiстерi мен ережелерiн жақсы бiлудiң болашақ жол инженерi мамандары үшiн маңызы зор.

440240 «Автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламаларында «Жол төсемесiн есептеу мен жобалау» бөлiмiне арнайы көлемдегi орын берiлген. Осы оқу құралы оқу бағдарламасына сай, қажеттi көлемде жазылған.

Оқу құралы негiзiнен қатқыл жол төсемелерiн жобалауға арналған нормалық құжат негiзiнде жазылды. Студенттердiң жобалау шарттарын терең түсiнуi үшiн кейбiр теориялық элементтер жеңiл тiлмен келтiрiлген.