Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.18 Mб
Скачать

Бүлдіргенге барғанда

Абай бала кезінде бүлдіргенді жақсы көретін. Жәнібек өзенінің бойында бүлдірген көп болатын. Бір топбала атқа мініп өзен жағасына барды. Олар аттарын жіберді. Өздері бүлдірген теруге кірісті. Алдымен бүлдіргенді тойғанынша жеді. Сонан кейін апарған ыдыстарын толтыра терді. Абай шешесіне бүлдіргеннің ең жақсысын бөлек теріп алды. (44)

Тапсырма.

1. Аттарын, өзенінің деген сөздердің түбірін тап.

2. Бала деген сөзге жұрнақ жалғап жаз.

3. Бірінші сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып белгіле.

ІҮ.Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз құрамы туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз –заттың, сапаның, қимылдың атауы. Мысалы: кітап –оқу құралының аты, қызыл-түсті білдіреді, бес-санның атауы, кел-қимылды білдіретін сөз. Бұл сөздер сөйлеу барысында үнемі осылай қолданыла бермейді. Мысалы: кітап, кітапты, кітапта, кітаппен, кітаптан. Бірақ осы сөздердің басты бөлшегі кітап сөзі өзгермейді.

Олай болса, сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз. Қосымша жұрнақ жалғау болып екіге бөлінеді.

Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.

Құлақшын Жұрнақ

Әнші

Қалаға Жалғау

Жазуды

Сөздердегі қосымшаның қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екендігін табу.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу

1-жаттығу. Сөз құрамы туралы білетініңді еске түсір.

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ата. (түбір сөз).

Мына сөздерде сөздің қандай бөліктері қарамен берілгенін анықта.

Дәурен-нің, күй-ші, кітап-хана, арыстан-дар.

Түбірлес сөздерді топтастыр.

Ойын, басқар. Ойыншы, бастық, ойна, ойыншық, басшы.

2-жаттығу. Сызбаға қара. Оны толықтыр.

Сөз

түбір

қосымша

3-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

Ү. Бекіту: 4-жаттығу. Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың қайсысын жалғауға болады?

Мүсінші, қойшы, елшіл, малшы, биші.

Сазгер, қалашық, іскер, көлшік.

Мұнайлы, көктемгі, қысқы, далалы, жылқылы.

ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу. Сендердің алдарыңда – қаланың картасы. Ауызша мектептен стадионға дейін қалай баратыныңды түсіндір.

Керекті сөз топтары: мектептен шығамын, көшеден өтемін, стадионға келемін.

Құраған әңгімеңді жаз. Жалғаулардың астын сыз.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:-------------

Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз құрамы туралы 2-сыныпта берілген білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сәйкестендіру тесті: сөздерді жұрнақ, жалғауларға сәйкестендір.

Құлақшын Жұрнақ

Әнші

Қалаға Жалғау

Жазуды

Сөздердегі қосымшаның қайсысы жұрнақ, қайсысы жалғау екендігін табу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу 6-жаттығуда берілген өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау, оларды тиісті бағанға орналастыру:

машина, металл, сен, кім

іскер, жұмысшы

жолға, машинаны, зауытта

Теңізшінің

7-жаттығу берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат, қай сөзде бір ғана қосымша, қай сөзде екі қосымша бар екенін анықтау.

Қалаған 2-3 сөздермен сөйлем құрастыру.

Бір қосымшасы бар сөздер

Екі қосымшасы бар сөздер

Құлақшын, әнші, биші, жұмыстан, дәптерлер, мектепке

Құлақшындар, әншінің, бишіге, жұмысшыны, жұмысшылар, теміршілер, қалаларға, білімді, орындаушылар.

8-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде оорындау.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 10-жаттығудағы жаңылтпашты оқып,жатқа жазу. Сөздерді түбірі мен қосымшаға ажыратып, тиісті белгімен дәлелдеу.

Ребусты шешу: егіншілер.

Күзде егіншілер егін орды.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 9-жаттығу, 117-бет.

  • Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.

  • Түбір мен қосымшаның жазылуын түсіндір.

Мысалы: Үндістер – Үндіс-түбір тер-жалғау, діңін - дің-түбір ін-жалғау, ұзындығы -ұзын-түбір дығ-жұрнақ ы-жалғау.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Сөз және оның құрамы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз құрамы туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру:

.....

А ң .....

.....

......

К үй ......

.........

.....

Ән ......

......

Сызбаны қосымшалармен толтыру

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

11-жаттығу берілген сөздердің түбірін бөліп алып, басқа қосымша жалғау арқылы жаңа сөз ойлап табу:

дәрігер, жұмыстан, өнерлі,

оқушы, кітапхана, бүркітші.

Біздің мектептің кітапханасында өте қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханаға жиі барады.

12-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, көшіріп жазу, мақалдардың мағынасын ашу.

13-жаттығу Өлеңдегі түбір сөздерді табу, қарамен жазылған сөздерді көшіру, түбір мен қосымшаға ажыратып жазу.

14-жаттығу Әуе шарында берілген бірнеш қосымшалы сөз жасау: ұшқыш, ұшпа, ұшты, ұшақ.

15-жаттығу өздіктерінен сөзжұмбақ құрастыру.

Достық сөзін түбір мен қосымшаға ажыратып, қосымшаның қай түріне жататынын айту.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту: 16-жаттығу «Бесінші артық» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: берілген қатардағы сөздердің артығын табу.

1. Ойын, бас, өнер, дала, түтінді.

2. Көкем, іні, апасы, атаның, қарындасы.

3. Білгіш, балық, сазгер, оқулық, мүсінші.

17-жаттығу сызбаға қарап сөздер тауып айту.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу. 119-бет. Әр сызбаға сай сөз тауып айт.

Мысалы: Құрылысшы, құрылысшылар, құрылыста, құрылыстардың, құрылысшылардың.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөздің туынды сөз деп аталатынғын меңгертуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1) 18-жаттығу. Әр сызбаға сай сөз тауып айт.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Бал жинау» ойыны. Ойынның шарты: араларда жазылған жұрнақтарды сәйкес келетін гүлге қондыру. Жұрнақтарды жалғағанда қандай сөздер шықты? Бұл сөздерді туынды сөздер деп атаймыз. Себебі, жұрнақ арқылы бұл сөздерден жаңа сөздер шықты.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

19-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмысшы, достық, сыйлық, талапкер, қызметкер, дойбышы, астық.

Ережемен жұмыс. 20-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.

Түбір сөз

Туынды сөз

өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарыс

Жазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.

21-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау.

22-жаттығу Мәтінді көшіріп жазу, туынды сөздердің астын сызу. Алматыдағы ең үлкен кітапхана – Ұлттық кітапхана. Кітапхананың залдары кең, жарық, Кітапханаға оқушылар, студенттер, ғалымдар, жұмысшылар келеді. Мұнда керек кітаптың бәрі бар. Кітапханада мейірімді жандар жұмыс істейді.

23-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.

ҮІ. Бекіту: 24-жаттығу Берілген сөздердің кейбіреуінен заттың атын білдіретін, кейбіреуінен заттың сынын білдіретін сөздер жаса.

Заттың атын білдіретін сөздер

Заттың сынын білдіретін сөздер

ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз

өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 25-жаттығу, 121-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: ------------------

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбір сөз бен туынды сөз туралы берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 25-жаттығу, 121-бет. Қай гүлге қай көбелек қонғанда жаңа сөз жасалатынын анықта.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру .

26-жаттығу. Түбір сөздерге –шы, -ші, - ды, - ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жасау: жыршы, тәрбиеші, еңбекші, сыншы, таулы, сәнлі, көрші, көңілді, сулы, құрылысшы, төреші, футболшы.

Бұлар қандай сөздер? Туынды сөздерге не жатады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

27-жаттығу сөйлемдерді көшіріп жазу. Туынды сөздерді табу. Туынды сөздердің мағынасын ашу.

28-жаттығу берілген жұрнақтарды пайдаланып сөздер құрастыру. Жаңадан шыққан сөздердің мағынасын түсіндіру.

паз

-шы

- хана

-кер

-қой

29-жаттығу өлеңді мәнерлер оқу, көшіріп жазу. Зат есімдерді сөз құрамына талдау.

Бүркітші

Аңшы, бірақ бұл тіптен

Шықпайды аңға мылтықпен.

Аң мен құсты бүркітші

Аулайды ылғи бүркітпен.

30-жаттығу жаңылтпашты көшіріп жазу. зат есімдерді табу, қарамен жазылған сөздердің мағынасын талдау.

31-жаттығу сөйлемдерді көшіру, қарамен жазылған туынды сөздерді түбір сөздермен салыстыру: өнерпаз-өнер, сазгер-саз, дәріхана – дәрі. Бұл сөздердің түбір сөзден айырмашылығы қандай?

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 33-жаттығу. Туынды сөздерді тауып, сөз құрамына талда.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 32-жаттығу Туынды сөздерді табу, олардың астын сызу. Алғыш, еліктегіш, оқулықтарына, кітапхана.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:-----------

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіруге, түбірлес сөздерді таба білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 32-жаттығу Туынды сөздерді табу, олардың астын сызу. Алғыш, еліктегіш, оқулықтарына, кітапхана.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 34-жаттығу Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.

Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,

Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста.

  • Қосымшалы сөздердің қосымшаларын тиісті белгімен белгіле.

  • Түбір сөз бен туынды сөздің айырмасы қандай?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

35-жаттығу. Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса.

Басшы, күздік, сызғыш, екілік, ойыншық, орындық, құлыншақ, кезекші, қойшы.