Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.18 Mб
Скачать
  1. Білімділік: Дыбыс және әріп туралы білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұм.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 9-жаттығу.

Керекті сөздерді тауып жаз.

Мысалы: қоян, мақал, ел, әже, жүрек, өнер, қобыз.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: Сөз неден құралады? Дыбысты біз не істейміз? Әріпті біз не істейміз? Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Әріпті біз көреміз, жазамыз. Дыбыс әріп болып таңбаланып жазылады. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?

Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы,у. Жіңішке дауыстылар:ә,ө,ү,і,е,и,у,э.

Үнді дауыссыздар: л,м,н,ң,р,й,(у) Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,ж,з.

Қатаң дауыссыздар:к,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, тігінен шыққан сөзді оқы.

Доп әтеш

шыны өрік

бас ілгек

қыран әпке

сүт

11-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді – тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем.

12-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

Көлеңке, көйлек, дөңгелек, құдық, ұзын, өсімдік, түлек, үшінші, бүркіт, жұмыс.

қ

ы

т

і

р

е

к

а

н

13-жаттығу Мақалды буынға бөліп жаз.

Та-лап-ты ба-ла тал-пын-ған құс-тай,

Құ-ма-ры қан-бас ас-пан-ға ұш-пай.

Ү. Бекіту:

14-жаттығу.

  1. Жуан дауысты дыбысы бар сөз жаз;

  2. Жіңішке дауысты дыбысы бар сөз жаз.

ҮІ. Қорытындылау

15-жаттығу. Берілген сөздердің тасымалдану жолдарын көрсетіп жаз.

Кө-гершін, көгер-шін, са-уысқан, сауыс-қан, ке-кілік, кекі-лік қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай.

16-жаттығу. Ребусты шеш.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 17-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқы.

  1. Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар.

  2. Төзімді еңбек бәрін де жеңбек.

  3. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді.

18-жаттығу. Сөздерді тап. Олардан сөзжұмбақ құрастырып көр.

  1. Сөзді құрайтын тілдік бірлік.

  2. Дыбыстың таңбасы.

  3. Қазақ әліпбиіндегі әріп саны.

  4. Кедергісіз шығатын дыбыс түрі.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Э дыбысы 1-8 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.Балалар, күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау. Қыркүйек, күз, аспан.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ээ Ээ Ээ Ээ Ээ экран экран

1-жаттығу. Бос торкөзді э дыбысынан басталатын сөздермен толтыр.

э

т

а

ж

э

к

р

а

н

э

л

е

к

т

р

э

к

и

п

а

ж

э

с

т

а

ф

е

т

а

э

к

с

к

а

в

а

т

о

р


Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор.

2-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу. Жатқа жазу, э және е дыбысы бар сөздердің астын сыз.

3-жаттығу. Көшеде электр шамы жарқырайды. Ұшақ экипажсыз орнынан қозғалмайды. Балалар «Экран» кинотеатрына билет алды. Бәрінен де эстафета ойнау қызық болды.

4-жаттығу. Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жаз.

5-жаттығу Жұмбақтың шешуі: Электр.

7-жаттығу. Жұмбақ құрастыру.

в) сергіту жаттығуы.

ҮІ. Бекіту: Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін. (Электр шамы)

Электр шамы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Электр-6 дыбыс, 6-әріп, 3-буыннан тұрады, 2-дауысты, 4-дауыссыз дыбыс.

Э- д. жіңішке, л-д.үнді е-д. жіңішке, к-д.қатаң, т-д.қатаң, р -д. үнді.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Э дыбысы

Э дыбысы қандай дыбыс? Дауысты жіңішке

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 8-жаттығу «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Э дыбысы 1-15 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Э дыбысы және әріп жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтау, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.Балалар, күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Экипаж» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Дыбыс дегеніміз не? Әріптің дыбыстан қандай айырмашылығы бар? Э дыбысы қандай дыбыс?

Э дыбынынан келетін сөздерді ата. Мысалы: Этаж, экран, электр, экипаж, эстафета, экскаватор.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ээ Ээ Ээ Ээ Ээ экипаж экипаж экипаж экипаж

9-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді оқып, салыстыр.

э леватор елеуіш

электровоз елік

эстафета егеу

аэродром еден

  • Э және е дыбысының айтылуындағы өзгешелікті байқап, түсіндір.

10-жаттығу. Көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Алыста электр шамы жарқырайды. Төреш элеваторға астық тасиды. Көмірді экскаватормен тиеді. Бірнеше эшелон көмір жөнелтілді. Ұшақтың экипажында төрт адам бар.

  • Э дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Мысалы: электр сөзінде 7-дыбыс, 6-әріп бар. 3-буыннан тұрады. 2-дауысты дыбыс бар.

12-жаттығу. Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жаз.

Эстрада, аэроклуб, экспедитор, аэроплан, экскаваторшы, эмблема.

13-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тақта – білім айнасы.

14-жаттығу. Тақтаға э дыбысы бар бірнеше сөз жаз, сол сөздердің мағынасын түсіндер.

Мысалы: Эстафета – бұл спорттық жарыс түрі. Бұл жарыста екі не одан да көп топтардың жарысы.

ҮІ. Бекіту: 15-жаттығу Мәтіндерді түсініп оқы. Әр мәтінге ат қой.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Э дыбысы

Э дыбысы қандай дыбыс? Дауысты жіңішке

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 11-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Мысалы: Біз мектепте денешынықтыру сабағында эстафеталық жарыс өткіздік. Жарыста екі топқа бөліндік. Ол жарыстың ережесі бірінші тұрған оқушы, соңғы тұрған оқушыға туды жылдам жеткізу керек еді. Соңында бірінші топ жеңіп шықты. Эстафеталық жарыс бізге өте ұнады.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: В дыбысы 1-7 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: В әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 11-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. Мысалы: Біз мектепте денешынықтыру сабағында эстафеталық жарыс өткіздік. Жарыста екі топқа бөліндік. Ол жарыстың ережесі бірінші тұрған оқушы, соңғы тұрған оқушыға туды жылдам жеткізу керек еді. Соңында бірінші топ жеңіп шықты. Эстафеталық жарыс бізге өте ұнады.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. В дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ол в сөздің қай бөлігінде болады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді оқу, жаттау, мәнерлеп айту.

Вагондар тұр тізіліп,

Володя тұр қызығып.

Вокзал басын қызықтап,

Валя да жүр жүгіріп.

В дыбысының айтылу ерекшелігін айт.

Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу. Көркем жазу. Вв Вв вагон вагон вагон

В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді: вагон, автобус, паровоз, Павлов.

2-жаттығу. Мәтінді көшіру. Мәтінде қандай өсімдік туралы айтылған? В әрпі бар сөздердің астын сыз.

3-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тірек сөздерге сүйене отырып табу. Аквариум сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

4-жаттығу. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіру.

Қазақстанда трамвай 1937 жылдан бастап жүре бастады. Мен мектепке троллейбуспен барамын. Қыздар волейбол ойнады. Ұлдар футбол ойнады. Олар вальс биледі.

5-жаттығу «Сөздер патшалығы» ойынын өткізу. Берілген дыбыстардан сөздер құрастыру. Ең көп құрастырған қатар жеңеді. Мысалы: трамвай, шоссе, велосипед, волейбол, витамин

т.б.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

6-жаттығу Мәтінді оқу, мағынасын ашу, «велосипед» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ҮІ. Бекіту: - В дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң).

ҮІІ.Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 21-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: В дыбысы 8-15 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: В әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу. Велосипед суретіндегі тірек сөздермен сипаттау мәтінін құрастыр.

Мысалы: Менің велосипедімнің түрі жасыл түсті.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. В дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ол в сөздің қай бөлігінде болады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс: Күн ретін жазу. Көркем жазу. Вв Вв велосипед

8- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Верандада Ваня аға

Велосипед майлады.

Вова шығып далаға,

Вагон сүйреп ойнады.

В әрпі бар сөздердің астын сыз.

В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді: вагон, автобус, паровоз, Павлов.

9-жаттығу.Екі бағандағы сөздерді оқып, қарамен жазылған дыбыстардың айтылуын салыстыр.

Б олат вагон

домбыра Тува

барабан волейболшы

10-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, в әрпі бар сөздерді көшіріп жаз. Олардың жазылуын есте сақта.

Волейбол, автобус, паравоз, ваза.

11-жаттығу.В дыбысы ортасында келетін сөздер тауып айт.

12-жаттығу. Бос торкөздерге в әрпі бар сөздер тауып жаз.

в

а

г

о

н

в

а

х

т

а

в

о

к

з

а

л

п

а

р

а

в

о

з

в

е

л

о

с

и

п

е

д

13-жаттығу Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастырып көр.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

14-жаттығу. Ауызша орындау. Түсініп оқы.

ҮІ. Бекіту: - В дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң).

ҮІІ.Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 15-жаттығу, 23-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Ф дыбысы 1-7 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу. «Паравоз» ойынын. Қанша в дыбысы бар сөз ойлап тапсаң, сонша тіркемелі вагондар бар паравоз сенікі болады. Мысалы: волейбол, трамвай, вагон, вокзал, вахта, велосипед.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру: Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Бояу реңіне қарай сөздер құрастыру: форма, телефон, буфет, фабрика, футбол, телеграф, флот, асфальт, Мұстафа. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіру. Ф әрпі бар сөздерді көшіріп жаз. Мұстафа Өзтүрік туралы не білесің?

3-жатттығу өлеңді оқып, жатқа жазу. Сөздердің мағынасын ашу.

4-жаттығу. Нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшіру, сөздерге дыбыстық талдау жасау.

5-жаттығу, мәтінді оқу, түсінгендерін айту.

6-жаттығу ребусты шешу. Ферма сөзінің мағынасын ашу.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: Сөздік диктант. Телефон, туфли, футбол, буфет, фабрика, ферма, лифт, жираф. - Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң)

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ .Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 25-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Ф дыбысы 8-15 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ф әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа даярлық.

Балалар, әрбір атқан таң, жарқырағын күннің сиқырлылығы бізге не сыйлайды? Күн сәулесі барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу тексеру, оқу, нұсқаулардың дұрысын айту. Қоғамдық орында өзінді дұрыс ұстаудың қандай ережелерін білесің?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру Ф дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ф дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.

8-жаттығу жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу. (Ф әрпі)

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу Дд Дд Дд Дд домбыра домбыра

9-жаттығу. Керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіру.Оқушылардың дәптерлеріне қатесіз, өзіндік жұмыс ретінде орындауын қадағалау.

10-жаттығу, жұмбақты мәнерлеп оқу, шешуін табу, жаттау, жазу. Балалардың футбол ойыны білетіндерін сұрау.

11-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, Ф әріп бар сөздердің астын сыз? Ф дыбысы қандай дыбыс?

12-жаттығу шығармашылық тапсырма. Ребустың жауабы: флейта. Флейта музыкалық аспап. Оның үні сондай тамаша болып келеді. Флейтаның үнің естігендерің бар ма? Ауызша осы сөзге мәтін құрау, талдау.

13-жаттығу. Оқушылардың байқампаздықтарын анықтау мақсатымен жаттығуды орындау.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 14-жаттығудағы мәліметті оқу, талдау, есте сақтау. - Ф дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз ұяң)

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 15-жаттығу, «Сиқырлы телефон» ойыны. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталып және сөздің құрамы ф дыбысы болатын болсын.

Мысалы: Шкаф, фабрика, асфальт, телефон…… 47-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Ч, щ дыбыстары 1-8 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ч,щ әріптері бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 15-жаттығу, «Сиқырлы телефон» ойыны. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы дыбысынан басталып және сөздің құрамы ф дыбысы болатын болсын.

Мысалы: Шкаф, фабрика, асфальт, телефон…… Ең дұрыс тізбекті мадақтау.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ч дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ч мен Щ ұқсайды ма?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрау: щи, чемпион, щетка, чек, карточка, плащ. Бұл сөздердегі ч, щ дыбыстары дауысты ма, әлде дауыссыз ба? Неліктен? Ауызша сөйлем құрау. Қоршаудағы ережені оқу, талдау, есте сақтау.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2-жаттығу мақалды мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. Дәптерге көркем етіп жазу.

3-жаттығуды терме диктанты ретінде жазу. Сөйлемдерден ч және щ дыбыстары бар сөздерді теріп жазу, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау.

4-жаттығудағы жұмбақты шешу, щеткамен тағы нені тазалауға болады?

5-жаттығу.Көп нүктенің орнына ч немесе щ әріптерін қойын көшіріп жазу, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

7-жаттығудағы мағлұматты дауыстап оқу, талдау, есте сақтау. Алғашқы екі сөйлемді жазу.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 8-жаттығу «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. Щ: щи, ащы, тұщы, щетка. Ч: чек, Чукот, чемпион, чекис.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, 49-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Ч, щ дыбыстары 9-16 жатығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ч,щ әріптері бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 6-жаттығу, Ащы, ашшы сөздерін қатыстырып сөйлем құрап жаз. Мысалы: Анам салатқа ащы бұрыш қосып жасапты. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ч, щ қандай дыбыс? Ч,щ – қатаң дауыссыз дыбыстар. Ч дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Айтылуы бойынша Ч мен Щ ұқсайды ма?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 9-жаттығу. Сөз жұптарын оқы.

Шеге – щётка

Шың –щи

Шалқан – чекист

Шай – чек\шапан – чемпион

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

10-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

11-жаттығуды Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. «Чекист»

12-жаттығудағы мақалды жатқы жаз.

Алыс пен жақынды жортқан білер,

Ащы мен тұщыны татқан білер.

13-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Чемпионның атағы

Елдің атын шығарар.

Жүйрік аттың жеңісі

Ердің атын шығарар.

14-жаттығудағы сөздерді оқы.

Айтжан, Сейітжан, Құтжанов, Чехов, Чапаев, Чайковский, Чкалов.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 15-жаттығу Мәтінді түсініп оқы. «Адамға тіл не үшін керек?»

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 16-жаттығу,31-бет.Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып қашан және қайда өнер көрсетті?

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы 1-7 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ц әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын арттыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту,;

  3. Тәрбиелік: ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

  4. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 16-жаттығу,31-бет. Қазақстан тұңғыш рет жеке команда болып қашан және қайда өнер көрсетті?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сұрақтар қою. Циркке бардыңдар ма? Онда қандай қызықтар болады?Циркте кімдер өнер көрсетеді? Цирк сөзінің алғашқы дыбысы қандай? 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер?

Ц дыбысы қандай дыбыс?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығуды топпен шешу, шыққан сөздерді қатесіз көшіру. Конституция, центнер, концерт, цена, мотоцикл, циркуль, цирк. Берілген ережені оқу, есте сақтау.

Ц – қатаң дауыссыз дыбыс.

2-жаттығу. Сөйлемдердегі сөздерді керекті дыбыспен толықтыр. Цирк, цемент, центнер, мотоцикл сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп, хормен оқу, мағынасын ашу, жаттау, жазу. Жазған жұмыстарын өзара тексеру.

4-жаттығу. Мәтінді оқу, талдау, мағлұматты есте сақтау. Оқушыларға мәтінге ат қойғызу, бөліктерге бөлу.

5-жаттығу.Ребусты шешу. Суретердің аттарын алдымен айтып, ондағы қажетті дыбыстарды қоя отырып, ребусты шешу. Жауабы: циркуль. Осы сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 6-жаттығуда бірелген мәтінді оқу, есте сақтау.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Ц дыбысы қандай дыбыс? Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, (33 бет). Мотоцикл, циркуль, цифр сөздерін қолданып, сөйлем құрастыр. «Цирк қызықтары» тақырыбына әңгіме жаз.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы 8-15 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ц әрпі бар сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету, дұрыс жазу дағдыларын одан әрі жетілдіре түсу;

  2. Дамытушылық: оқушылардың сөз байлығын арттыру, қисынды ойлау қабілетін дамыту,;

  3. Тәрбиелік: ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

  4. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу, (33 бет). Мотоцикл, циркуль, цифр сөздерін қолданып, сөйлем құрастыр. «Цирк қызықтары» тақырыбына әңгіме жаз.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сұрақтар қою. Циркке бардыңдар ма? Онда қандай қызықтар болады?Циркте кімдер өнер көрсетеді? Цирк сөзінің алғашқы дыбысы қандай?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер? Ц дыбысы қандай дыбыс?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.

8-жаттығу.Сөздерді оқып мағынасын түсіндір.

Цилиндр, концерт, мотоцикл, циркуль,центнер, цемент .

Сөздерді қатесіз көшіріп жаз. Жазылуын есте сақта .

Сөздерді қатыстырып сөйлем құра .

Ц – қатаң дауыссыз дыбыс.

9-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, ц әрпі бар сөздерді көшіріп жаз.

Ажарды теміржол стансасына дейін шығарып салдым. Менің досым авиация мектебінде оқиды. Бүгін Айжан циркті бірінші рет көрді. Сүт құйған цистерналды машинаға тиеді.

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.

10-жаттығу. Ребусты шеш. (Концерт). Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 11-жаттығу. Ц дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер тауып жаз.

Мысалы: концерт Конституция, мотоцикл, Содан соң ц дыбысы сөздің қай жерінде келетіні туралы қорытынды жаса. Өз пікіріңді дәлелде.

12-жаттығу Берілген сөз жұптарындағы с және ц дыбыстарын салыстыр.

Сызғыш - циркул

Саз- цемент

Сантиметр - центнер

Әр жұптағы сөздердің ортақ және өзгеше мағыналық белгілерін тап.

14-жаттығу. Сен білесің бе?

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Ц дыбысы қандай дыбыс? Ц дыбысы бар тағы қандай сөздерін білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мектеп оқушылары концерт қойды. Құрылысшыларға цемент әкелді. Әр гектардан 26 центнерден күріш жинады. Бұл аз цифр емес.

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Х. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Х, һ дыбыстары 1-7 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды х, һ дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, олардың айта білуге мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мектеп оқушылары концерт қойды. Құрылысшыларға цемент әкелді. Әр гектардан 26 центнерден күріш жинады. Бұл аз цифр емес.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Х дыбысы бар қандай сөздерін білесіңдер? Ал һ дыбысы кездесетін сөздерді ше?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.1-жаттығудағы сөздерді оқи отырып х мен һ дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктерін байқату, әр сөздің мағынасын ашу.

Ережені оқу, талдау, есте сақтау.

Х, һ – дауыссыз дыбыстар

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

2-жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын түсіну, дәптерге көшіру тапсырмаларды орындау. Кітапқұмар деп қандай баланы айтамыз? Өздерін кітап оқығанды ұнатасыңдар ма? Неліктен?

3-жаттығудағы суретпен жұмыс. Кітапхана дегеніміз не? Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау, мағынасын түсіндіру.Жеке кітапхана деп қандай кітапхананы айтамыз? Өзінде кітаптар бар ма? Балалар кітапханасы қайда орналасқан? Оған жазылдыңдар ма?

4-жаттығудағы сөздерді оқу, мағынасын ашу, жазу, сөздерге дыбыстық талдау жасау. Қалаған, ұнаған сөздерін қатыстырып сөйлем құрау. Һ, қ, х дыбыстарының айтылу ерекшелігін айт. Олар қандай дыбыстар?

5-жаттығу Шеңберлердің ішіндегі әріптерден кім ең көп сөз құрастырар екен? Ауызша айту, мағынасын түсіндіру, көшіру.

6-жаттығуда кітапхана каталогімен дұрыс жұмыс жасауға үйрету мақсатымен суретпен жұмыс. Абайдың «Өлеңдерін» табу үшін қандай дыбысты каталогті қарау керек? Суреттегі бала нені қарады? Оған кітапты табуға көмектесейік.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту: Терме диктантын ұйымдастыру. Сөздердің ішінен Һ дыбысы бар сөздерді жаз.

Кітапхана, хоккей, жиһаз, хат, қаһарман, гауһар,қырман. Барлығы неше өз жаздыңдар? Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 7-жаттығу, 53-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Х, һ дыбыстары 8-14 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды х, һ дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, олардың айта білуге мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу.Үйдегі кітапханаңда қандай кітаптар бар? 2-3 кітапты әліпби ретімен жаз.

Үлгі: Абай. «Өлеңдері».

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Х және һ дыбыстарын қажетті «Терезелеріне» орналастыр.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 8-жаттығу өлеңді оқу, мазмұнын түсіндіру, х дыбысы бар сөздерді дұрыс айту.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 8-жаттығудағы Өлеңді дәптерге көшіру.

Халел қарап қалмайды,

Хамитке хат арнайды.

«Хоккей добы керек!» - деп,

Хабарлайды хал-жайды.

9-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

Дәріхана, кітапхана, асхана, тойхана, мейрамхана, дәретхана,

10-жаттығу.Мақалды оқу, мағынасын ашу.

Халықтың ортақ үйі – Отаны.

Қаһарлы ел қамал бұзады.

Отанды неліктен халықтың үйі дейміз?

Қаһарлы деп қандай елді айтамыз?

Мақалды жаттау, 6-7 балаға жатқа айтқызу, тыныс белгілерге назар аударту, жатқа жазу. Халық туралы тағы қандай мақалдарды білесің?

11-жаттығу Шығармашылық тапсырма ретінде орындау. Суретке қарап оқушылар ауызша әңгіме құрайды, айтады. Шахмат ойнай аласыңдар ма?

Мысалы: Атам мені шахмат ойнауға үйретті. Мен шахмат жақсы ойнаймын. Мектептегі шахмат жарысынан бірінші орын иегері болдым.

12-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап беру.

1.Шоқан Уәлиханов кім болған? 2.Оның қандай еңбектерін білесіңдер? Өлеңде кездесетін х әрпі бар сөздерді жазу.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту:14-жаттығу «Ханталапай» сөзінен бірнеше сөз ойлап табу, мағынасын түсіндіру. Мысалы: хан, ант, талап,апай, ай.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х және һ дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзбен әңгіме құра. 39-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 5.10.2015

Тақырыбы: Жаттығулар орындау 15-18 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды х, һ дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, олардың айта білуге мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу. Ребусты шеш. (мәслихат) Шешуіндегі сөзбен әңгіме құра. 39-бет.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Балалар, дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Қатаң дауыссыздарды ата. Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ.

Ұяң дауыссыздарды ата. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з.

Үнді дауыссыздарды ата. Үнді: л, м, н, ң, р, й, у.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу. Өлеңнен в әрпі бар сөздерді теріп жаз. Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап ал.

Лава Жеті түнде жеті қабат лавада конвейлер

Тас көмірді қопарады ағалар.

Тиегелі ашық – жайдақ вагонға

Конвейерлер шығарады далаға

Сөздерді жина ойыны: Шахтада тақырыбы бойынша құрамында в, х, ф, э әріптері бар сөздерді жинақта. Оларды төмендегі сызбаға орналастыр.

Велосипед хабар фабрика