Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.18 Mб
Скачать

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Тіл және сөйлеу 6-11 жаттығу.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Сөз және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмысы

Сабақтың көрнекіліктері:мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 5-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Компьютердің көмегімен сөйлеудің қай түрі іске асырылатынын өз жолдасыңмен бірге талқыла.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІV. Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б.

Оқулықпен жұмыс:

6-жаттығу. Төмендегі сөйлеу мәнерлері кімге тән екенін анықта.

- Алматы уақыты 9 сағат 15 минут.

- Аузыңды аш, «а-а» де.

- Ыстық самса алыңыз.

- Абайлаңыз, есік жабылады. Келесі аялдама – «Абылай хан даңғылы».

- Ойыншықтарыңды тағы да шашып тастағансың ба?!

- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Етістік».

б) Дәптермен жұмыс: Күн ретін, көркем жазуға Б б Б б Б б Бауыржан жаздырту.

7-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Самат ауылдағы атасы мен әжесін қатты сағынды. Сол сағынышын тілі жеткенше айтып хат жазбақ болды. Кешкі тамағын ішіп болған соң, біраз уақыт теледидар көрді де, өз бөлмесіне кірді. Торкөз дәптерден екі парақ жыртып алды. Ақ қағаздың басына «Сәлем хат» деп үлкен әріптермен жазып қойды да, әрі қарай өз ойын, жай-күйін әңгімеледі.

Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатыр ма? Біз де аман-саумыз...

8-жаттығу.Өлеңді түсініп оқып, ата тілегін теріп жаз.

Атам мені қуантты –

Маған берді құлақты:

  • Жақсы сөзді құлағың

  • Тыңдасын, -деп, -шырағым!

Маған берді тіл ұшын

«Шешен бол!» деу – мұнысы.

Сергіту кезеңі: Әдемі біз баламыз,

Әртүрлі қимыл саламыз,

Әсем ұл мен қыз болып,

Әлемге әйгілі боламыз.

V. Бекіту: 9 –жаттығу . Мақалды салыстыр.

1. Оқу – білім азығы.

2. Оқу инемен құдық қазғандай.

Мақалдарда бір ғана «оқу» туралы айтылып тұр ма, әлде екі «оқудың» мағынасы әр басқа ма? Бұл сұрақтың жауабынбірлесіп талқылаңдар.

Мақалдарды жатқа жазып, бір-біріңді тексеріңдер.

VІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай қалай бөлінеді?

VІІ. Үйге тапсырма: 10, 11- жаттығу, 7-бет.

VІІІ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 1-8 жаттығу.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 11-жаттығуды тексеру. Жұмбақтың шешуін суреттердің көмегімен тауып көшіріп жазып келу. Орындап келген тапсырмаға баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІV. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Ә ә Ә ә Әтеш сөзін жаздырту.

1-жаттығудағы мақалды түсініп оқып, көшіріп жаз.

Әдеп басы – тіл.

«Әдеп басы – тіл» деп неліктен айтады?

2-жаттығу Мәтінді мәнерлеп оқу.

Маржан ең әуелі әдептілігін әжесі мен атасына көрсетіп жүр. Ол ерте тұрған атасының қасына келіп:

- Қайырлы таң, ата! – дейді.

- Таң қайырлы болсын, жарығым! – деп, атасы риза болады.

Одан соң Маржан ертеңгі астың алдын атасына ұсынып:

- Ас тәтті болсын! – дейді.

- Іншалла, ас болсын, - деп, атасы бата береді.

  • Маржан қандай қыз?

  • Әдептілікті қалай түсінесің?

  • Әдепті деп қандай адамды айтады деп ойлайсың?

  • Мәтінге ат қой.

3-жаттығу. Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің? Оларды сөйлеу кезінде қолданасың ба?

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

4-жаттығу. Сәлемдесу үшін қандай сөздерді пайдалануға болады? Ал қоштасқанда ше?

5-жаттығу. Сұхбатты рөлге бөліп оқы.

6-жаттығу. Танысу сұхбатын толықтыр.

  • Сәлем!

  • - ....!

  • Танысып қояйық. Менің аты-жөнім - ... . Сенің атың кім?

  • ... . Сен қай сыныпта оқисың?

  • ... . Танысқаныма қуаныштымын.

V. Бекіту: 7-жаттығу. Мархабат етіңіз, өтінемін, ренжімесеңіз деген сөздерді қандай жағдайда қолданар едің? Осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.

VІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

VIІ. Үйге тапсырма: 8-жаттығу.

Ребусты шеш: (Мақұл)

Ребустың шешуіндегі сөз туралы не білетініңді әңгімеле.

Vііі. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті 9-13 жаттығу.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығуды тексеру. Ребусты шеш: (Мақұл). Ребустың шешуіндегі сөз туралы не білетініңді әңгімеле.

Мысалы: Үйде үлкендер мені жұмсаған кезде, мен мақұл деп жауап беремін. Орындап келген тапсырмаға баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. 2) Сөздер нелерден құралады? Дыбыс деп нені айтамыз? Әріп дегеніміз не? 3) көрнекілікке сүйене отырып сөздің құрылымын түсіндіріп, еске түсіру.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем жазуға Бб Бб Бб Балапан сөзін жаздырту.

9-жаттығу. Туған күн, басқа да мерекелерге шақыру қағаздарын алып көрдің бе?

Әлия!

Қазанның 29-ы күні сағат 12.00-де болатын

туған күніме шақырамын.

Сені асыға күтемін.

Досың Мөлдір.

Шақыру қағаздарын не үшін және қалай жазады? Ата-анаңа «Алтын күз» мерекесіне шақыру қағазын жазып дайында.

1

Шын жүректен

қатысушыларды

0-жаттығу.
Суретке қара.

құттықтаймыз

жеңістерімен

жарысқа

  • Плакаттардан құттықтау сөзі шығу үшін плакат ұстаушылардың орнын қалай өзгерткен дұрыс?

  • Плакаттардағы сөздерді пайдаланып, мына сызбаны толтыр.

.......

.......

.......

кімді? немен? қалай

Құттықтаймыз

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

Ү. Бекіту: 11-жаттығу. Құттықтау мәтінінің зымыран түріндегі сызбасын қара. Ол қандай бөліктерден тұрады екен?

Құрметті достар!

«Өнер алды – қызыл тіл» конкурсының

ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!

Әділқазылар алдында ойыңды түсінікті,

бейнелі етіп жеткізулеріңді сұраймын.

Сендерге тек табыс пен сәттілік тілеймін!

12-жаттығу.

  • Құттықтау мәтінінің бөліктерін зымыран сызбасына қарап анықта. Бұл құттықтау мәтінінде қолдың қойылмау себебі неде деп ойлайсың?

Құттықтау ауызекі және жазба тілде болады.

ҮІ. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөздер неден құралады? Әріп деп нені айтамыз? Дыбыс дегеніміз не?

ҮІІ. Үйге тапсырма: 13-жаттығу. Бүгін – әжеңнің туған күні. Әжеңе ашық хат әзірлеу үстіндесің. Өз құттықтауыңды қандай сөзбен бастайсың?

Мысалы: Менің сүйікті әжем!

Сізді туған күніңізбен құттықтаймын!

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Дыбыс және әріп 1-9 жаттығу.

Мақсаты: