Клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ |
Қадамдарды бағалау критерилері |
|
1. |
Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? |
Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Барлық шағымдар негізгі және қосымша сұрақтармен нақтыланды |
2 |
Ауру анамнезін жинау.Аурудың себебін анықтау мақсатында барлық сұрақтар қойылды ма, жүргізілген немесе бұрын алған емін анықтау? |
Ауру анамнезін жинау үшін және анықтау мақсатында,аурудың себебін анықтау мақсатында барлық сұрақтар қойылды ма, жүргізілген немесе бұрын алған емін анықтау? |
3. |
Өмір анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық, гинекологиялық анамнезді,тамақтану тәртібін,созылмалы ауруларын айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? |
Анамнезді жинап және нақтылау үшін, барлық сұрақтар, соның ішінде тұқым қуалаушылық және әйел денсаулығы туралы тамақтану тәртібін,созылмалы ауруларын айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? |
4. |
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын) |
Тері және шырышты қабаттары бозарған, құрғақ, тырнақтарының және шаштарының трофикалық өзгерістері,тілінің өзгерісі,ауыз бұрышының ойылуы анықталды.
|
5. |
Жүрек қан-тамыр жүйесін тексеру |
Жүрек ұшы түрткісін, жүректің салыстырмалы тұйықтылығының шекаралары анықталды. Жүрек нүктелерін тыңдау кезеңділігі сақталып, жүрек аускультациясы жүргізілді, физикалық жүктеме кезінде өзгермейтін,қолтық астына берілмейтін,жүрек ұшында систолалық шу анықтады. Ережелер сақталып АҚ өлшенді. |
6. |
Бауыр және көкбауыр пальпациясы |
Бауыр және көкбауыр пальпациясы дұрыс жүргізілді,олардың ұлғаймағанын анықтады. |
7. |
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу ( клиникалық синдромдарды анықтау) |
Анемиялық синдромға сүйене отырып: шағымдарындағы – жалпы әлсіздік, бас айналу, еңбекке қабілеттілігінің кенет төмендеуі, шаршағыштық, жүктеме кезінде ентігу және жүрек соғу, құлағындағы шуды;. Анамнезін - соңғы 2-3 ай бойы әлсіздіктің пайда болуы, жұмыс істеуінің қиындауы, күшінің азаюы, басының айналуы, жүктеме кезінде жүректің қатты соғуы, тыныс алуының қиындауы, кейде бор жеуге құмарлықтың пайда болуы, тырнақтарының сынғыштығы, шашының түсуін. Көп мөлшерде етекірінің келуін, 1 жыл бойы ЖІС болғанын,етті тағамдарды сирек пайдалануы. Сидеропениялық синдромдар:тері жамылғысының бозғылт болуы, шаштарының сирек және сынғыш болуы, тырнақтарының конфигурациясының өзгеруі және сынғыш болуы (тырнақтарының қасық тәрізді басылуы), «географиялық тіл», ауыз бұрышының ойылуы. Мүмкін қойылатын диагноз: Анемия, теміртапшылықты анемия болуы мүмкін. |
8. |
Лабораторлы – құралдық зерттеу жоспарын тағайындау |
|
9. |
Салыстырмалы диагнозы. Клиникалық көріністері ұқсас ауруларды атап, олардың негізгі айырмашылықтарын анықтаңыз |
|
10. |
Жалпы қан анализін интерпретациялау |
Гипохромия (Нв -49 г/л, Эр- 2,9х 10¹²/л, ТК-0,5 (N – 0,9-1,0), MCV – 63,1 (74 - 95), MCH –16,7 (27 - 31) , MCHC – 265 (320 - 370), гипохромия +++, анизоцитоз+++, пойкилоцитоз ++, жалпы қан анализінде басқа өзгерістердің болмауы. |
11. |
Лабораторлы зерттеу мәліметтерін – биохимиялық қан анализін иммуноферментнтті анализін (ферритин) интерпретациялау |
Сарысулық темір мөлшерінің азаюы – 6,5 мкмоль/л (9,0-30,4 мкмоль/л), сарысудың жалпы темір байланыстырушы мүмкіндігінің жоғарлауы – 98 мкмоль/л (50-84 мкмоль/л); билирубин, креатинин және мочевина, АЛТ, АСТ, глюкоза мөлшерлерінің қалыпты болуы. Ферритин мөлшерінің төмендеуі 2,24 нг/мл; қалыптыда 10-200 нг/мл |
12. |
Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу |
Аурудың барынша мүмкін себебі анықталды ол – 1 жыл бойы ЖІС әсерінен көп мөлшерде етекірдің келуі, тәуліктік үлесте құрамында темірі бар тағамдардың болмауы; гемолитикалық және В12 – тапшылықты анемия, жоққа шығарылды. Алдын ала қойылған теміртапшылықты анемия (анемиялық және сидеропениялық синдромдар) диагнозын ескеріп. Сидеропениялық синдромдар:тері жамылғысының бозғылт болуы, шаштарының сирек және сынғыш болуы, тырнақтарының конфигурациясының өзгеруі және сынғыш болуы (тырнақтарының қасық тәрізді басылуы), «географиялық тіл», ауыз бұрышының ойылуы. Гематологиялық синдром: айқын гипохромды анемия, Нв 49 г/л дейін төмендеуі, сарысулық темірдің азаюы, сарысудың жалпы темір байланыстырушы мүмкіндігінің жоғарлауы, ферритиннің азаюының негізінде Диагнозы:Теміртапшылықты анемия III дәрежесі. |
13. |
Емдеу тәсілін анықтау |
|
14. |
Ем дәм бойынша ұсыныстар,емдәмге мінездеме бер,пациентке қажетті тағамдарды аты
|
Темірге бай жеткілікті мөлшерде тағамдарды емдәмде қолдану (ет, ет тағамдарын, бұршақтық және т.б.). Сонымен қатар тағам үлесіне – құрамында С витамині көп жеміс – жидектерді қосу керек.
|
15. |
Базисті терапияны тағайындау – темір дәрілерін, туындыларын атап, дозасын,қабылдау ұзақтығын анықта |
Эритроцитарлы массаның трансфузиясы – анемияның 3 дәрежесі негіз болып табылады. Науқастың ақпаратты келісімі алынғанда. Феротерапия: сорбифер-дурулес, тардиферон немесе құрамында темір сульфаты бар препараттарды тәулігіне 100 мг х 2 реттен аз емес 3 айға дейін ЖҚА бақылаумен тағайындау. Шырынмен немесе сумен қабылдау. Дәрілік заттарды қабылдау кезінде сүтті және сүтті тағамдарды қолданбау. |
16. |
Темір препараттарының дәрілерілік түрлері,оларды ішке және парентеральды тағайындауға көрсеткіштер
|
Клиникалық практикада 2-і валентнтті темір препараттарының екі формасын ажыратады: пероральды және парентеральды. Парентеральды препараттарды АІЖ аурулары кезінде,яғни темірдің сіңірілуі бұзылғанда тағайындайды. Біщдің науқаста ондай ауру анықталған жоқ,сондықтанда оған темір препараттары per os тағайындалды. |
17. |
Базисті терапияны тағайындау –гемотрансфузияны негіздеу |
Анемияның ауыр дәрежесі. Қан құю мөлшері: 3-4. Емнің нәтижелілігін бақылыу: ЖҚА 6-7күннен кейін –Нв деңгейі жоғарлауы қажет. |
18. |
Ем нәтижесін бақылау |
Тұрғылықты жері бойынша емхана жағдайында ЖҚА бақылаумен темір дәрілерін 3 айға дейін ұзақ қабылдау керек. |
19. |
Келесі амбулаторлы бақылау жоспарын тағайындау |
Көп мөлшерде етекірінің келуін ескеріп, ЖІС алып тастау сұрағын шешу үшін гинеколог кеңесін тағайындау |
20. |
Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстап және қобалжуды басу |
Оптимальді қатынас орнатылды Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды. |
Дайындаған: ассистент Уипбекова М.И
Рецензент: Интернатура және резидентура бойынша №1терапия кафедрасының доценті,м.ғ.к Аймаханова Г.Т
Cценарийлер № 1 ішкі аурулар кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді. 16.09.2015ж, хаттама №2
Cценарийлер Ішкі аурулар бойынша БББК мәжілісінде талқыланып және бекітілді. 29.09.2015ж, хаттама №1
