Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AG_II_d_1241_rezhesi_boyynsha_stsenariy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлінің сипаттамасы:

Шағымдары: бас ауыруына, жүрек айнуға, көз алдындағы шыбын шіркейлер,мазасыздық, түнгі ұйқының бұзылуы,тез қимылдағанда ентігудің пайда болуы.

Сұрақ мәнісі

Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау

Жауабы

Ауыру сезімінің сипатын анықтау

Ауыру сезімінің сипаты қандай: кенет, қарқынды, тұрақты?

Қарқынды ауыру сезімі

Ауыру сезімінің орналасу орны

Ауыру сезімінің орналасу жері: барлық басына, шүйдеге, төбе аймағына беріле ме?

Шүйдедегі ауыру сезімі

Ауыру сезімінің ұзақтығы

Ауыру сезімі қанша уақытқа дейін созылады?

3 сағат

Ауыру сезімі неге байланысты өршиді?

Ауыру сезімінің пайда болуы немен байланысты?

Психо эмоциональді стресске байланысты

Ауыру сезімі немен басылады?

Ауыру сезімін басуға не қабылдадыңыз?

Аспирин, цитрамон қабылдаған, ауыру сезімі басылмаған

Ауру анамнезінде: Бұрын дәрігерлерге қаралмаған. АҚ өлшемеген. Жағдайының нашарлауы 3 күн. Аспирин, цитрамон қабылдаған, нәтижесіз. Екінші күні жедел жәрдем көмегін шақырғанда АҚ 160/100 мм.сб.б. дейін көтерілгені анықталған. Жедел жәрдем көмегін шақырып каптоприлдің 25 мг 1 таблеткасымен АҚ 140\90 дейін төмендеткен.Үшінші күні АҚ 175/110 мм.сб.б. дейін көтерілген, сондықтан райондық ауруханаға келген.

Өміранамнезінде: Темекіні көп тартады. Тұзды тағамдарды жиі қолданады. Бір жыл бойы қант диабетімен ауырады.Таңертең күнде диабетон 1 таблетка ішеді. Анасы ұзақ уақыт артериалық гипертензиямен ауырған.

Объективті: бойы 178 см салмағы 99 кг. ДСИ 32. Белінің көлемі – 102см. Мазасыз, болып жатқан жағдайларға жауап бере алады. Беті қызарған. Перифериялық ісінулері жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ-20 рет мин. Жүректің сол жақ шекарасы 2-2,5 см ұлғайған. Жүрек үндері аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 96 рет мин. АҚҚ 175/105 мм.сб.б. Бауыры ұлғаймаған.

ЖҚА:

ЖЗА:

Биохимия:

Эритроциттер – 4,6х1012,

Гемоглобин – 144 г/л

ТК – 0,94,

Лейкоциттер – 5,6х109/л,

с/я – 68%,

т/я – 2%,

эозинофилдер – 3%,

лимфоциттер – 23%,

моноциттер – 5%,

ЭТЖ – 8 мм/ч.

Көлемі – 100,0 мл,

Салыстырмалы салмағы – 1022,

Түсі – сары

лейкоциттер – 2-3 к/а.

Глюкоза – 6,7 ммоль/л

Холестерин 6,2 ммоль/л

ТПЛП –3,9 ммоль/л

ЖПЛП – 0,5 ммоль/л

Триглицеридтер – 2,5 ммоль/л

Креатинин – 112 мкмоль/л

«Артериальды гипертензия 2 дәрежесі,4 қауіп қатер тобы» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерилері

1

Шағымдар, ауыру және өмір анамнезін жинау

Ауыру сезімінің сипаты, пайда болу жағдайлары, немен қабаттасады, интенсивтілігі, локализациясы, ұзақтығы; жүрек және ми зақымдалуы белгілеріне сай шағымдар бар ма, АҚҚ бұрын көтерілген бе

2

Қауіп қатер факторларын бағалау

Өмір анамнезін анықтауда барлық сұрақтар қойылды ма:

қауіп қатер факторларының болуы – артық салмақ, темекі тарту, жан ұялық анамнезі, физ. активтілігі гиперхолестеринемия, қант диабеті, ұйқы кезінде қорылдау және т.б.,

3

Физикальді қарау

Физикальді қарауды дұрыс жүргізді: терісі, шырышты қабаттары, ДМИ-32 кг/м2, белінің көлемі – 102см, ошақтық неврологиялық белгілер бар не жоқ екенін анықтады(моторлық, сенсорлық бұзылыстар), төсектегі қалпы.

4

Ережені сақтап АҚҚ өлшеу

5

Біріншілік артериалды және симптоматикалық гипертензиялардың ажырату диагностикасын жургізу

Сұрау және қарау кезінде симптоматикалық гипертонияның белгілерін жоққа шығарды ма(аналгетиктерді, симпатомиметиктерді,стероидтық және СЕҚҚП қабылдауы; зәр шығару ағзалар ауруларының, Конн синдромы, феохромоцитоманың және т. б. белгілерін тексерді

6

Криздің асқынулары бар ма?

Сұрастыру кезінде АГ-ның асқынуы ретінде , инсульт көріністері бар, не жоқ екенін анықтады. Шағымдарын сараптады(бас ауыруы, жүрек айнуы, көз алдындағы шыбын шіркейлер, мазасыздық, түнгі ұйқының бұзылуы,тез қимылдағанда ентігудің пайда болуы, жүрек тұсындағы ауру сезімі.) Ромберг сынамасын жүргізді. Саусақ- мұрын сынамасын жүргізді

7

Алдын ала қойылған диагнозды – тұжырымдап және негіздеу

Артериалық гипертензия II дәрежесі, 4қауіп тобы. СЖЖ I.

Қант диабетінің 2 түрі, ортша дәрежелі ауырлығы, субкомпенсация.

8

Науқасқа көмек көрсету шараларын анықтау

Нифедипин 10 мг тіл астына, каптоприл 25 мг тіл астына

Нәтижесіз болғанда 30-40 минут аралықта – эналаприлат (1,25 мг/ 1 мл ертінді) немесе эбрантил (25 мг - 5 мл еріт) т/і

9

Зерттеу әдістерін тағайындау

ЖҚА, ЖЗА, аш қарынға глюкоза,

калий, натрий, креатинин, креатининнің клиренсі, липидтік спектр (холестерин,ТТЛП,ЖТЛП,3-глицеридтер)

10

ЭКГ, ЭхоКГ, кеуде қуысының рентгенографиясы, артериялардың УДЗ, буйректің УДЗ, окулисте көз түбін қарау, невропатологтың кеңесі

11

ЖҚА, ЖЗА, БхҚА интерпретациялау

ЖҚА, ЖЗА – қалыпты

БхҚА: Гипергликемия.Дислипидемия

Холестерин 6,2 ммоль/л - жоғарылаған

ЛПНП – 3,9 ммоль/л - жоғарылаған

ЛПВП – 0,5 ммоль/л – төмендеген

Триглицеридтер – 2,5 ммоль/л - жоғарылаған

12

ЭКГ интерпретациялау

Сол қарынша гипертрофиясының белгілері

Оны диагноздағы қауіп –қатер тобын анықтауда ескеру

13

Науқасқа көмек көрсету барысында науқас жағдайын бағалау

1 сағат аралығында АҚҚ 20% артық түсіруге болмайтындығын білу

Бұл жағдайда АҚҚ 1 сағат аралығында қалыпқа келуі

14

Келешек емдеу тәсілін анықтау

Емін амбулаторлық жағдайда жүргізу, АҚҚ бақылау

15

Таңдалған антигипертензивті дәрілерді негіздеу

Дәрілер комбинациясы:

1) ИАПФ+диуретиктер

2) Кальций антогонистері + ИАПФ

3) Селективті бета-блокаторлар + диуретиктер

4) ангиотензин-2 рецепторларының бөгегіштері+диуретиктер

5) альфаадреноблокаторы

16

Қауіп факторларды модификациялау бойынша нұсқаулар

-салмақты азайту,

- темекіден бас тарту

- ішімдіктен бас тарту

- 5 г\тәу. тұзды шектеу

-холестеринді,ТТЛП, триглицеридтерді бақылау

-глиемия деңгейін қадағалау

17

АҚҚ өлшеу ережесі бойынша нұсқаулар

АҚҚ 130/80 мм сб. б. жоғары емес.

АҚҚ 2 рет өлшеу (10 мин тыныштықтан кейін, АҚҚ өлшегенге дейін кофе және шәй ішпеу)

18

Дәрілерді қабылдау бойынша нұсқаулар

АҚҚ бақылай отырып дәрілерді тұрақты қабылдау, дәрілердің мөлшерін дәрігер ғана азайтады, не алып тастайды

19

Амбулаторлық емін бақылау бойынша нұсқаулар

Жағдайы нашарлағанда АҚ өлшеу:

АҚ > 140/100 болса, каптоприл 25 мг немесе нифедипин 10 мг тіл астына қояды

20

Науқаспен оптимальді қатынасты дұрыстап және қобалжуды басу

Дайындаған: кафедра ассистенттері: Искакова З.А.,Баймухамбетова Н.Б.

Рецензент: Аймаханова Г.Т., №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының м.ғ.к., доценті

Cценарийлер № 1 ішкі аурулар кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді. 19 қыркүйек 2015ж, хаттама №2

Cценарийлер Ішкі аурулар бойынша БББК мәжілісінде талқыланып және бекітілді. 29 қыркүйек 2015ж., хаттама №1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]