Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:
Шағымдары: кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезімі, ентігу, бас айналу, әлсіздік.
Сұрақ мәнісі |
Әртіске арналған сұрақты құру |
Жауабы |
Төс артындағы ауыру сезімінің иррадиациясы |
Ауыру сезімі бір жерге беріледі ме? |
Жоқ, берілмейді |
Неге байланысты |
Қашан ол пайда болады? |
Физикалық жүктемеден кейін пайда болды |
Ауыру сезімінің ұзақтығы |
Қанша уақыт сіз ауыру сезімін сезіндіңіз? |
15 минутқа дейін |
Немен басылады |
Ауыру сезімі қалай басылды? |
Тыныштықта |
Ентігу сипатын анықтау |
Ентігу қандай – тыныс алу әлде тыныс шығару қиын ба? |
Тыныс алу қиын |
Физикалық жүктемелермен ентігудің байланысы |
Қандай жүктемеде ентігу мазалайды?
|
Шамалы ғана физикалық жүктемеден кейін, бөлмелер арасында жүргенде ентігу мазалайды |
Анамнезінде: Өзін жұмыста есінен танып құлағаннан бастап бір ай бойы аурумын деп санайды. Жағдайының нашарлауын жоғары физикалық жүктемемен байланыстырады. Осыдан кейін шамалы ғана физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүрегінің қатты соғуы пайда болды. Бала кезінен жиі суық тиюмен байланысты аурулармен ауырған. Жас өспірім кезінде буындары ауырған, тұрғылықты жері бойынша педиатр ЭхоКГ түсіру керек деп айтқан, бірақ кейін барлығы басылды. «Ревматизм» диагнозы қойылмады.
Объективті: бойы 172 см және салмағы 68 кг. Дене бітімі қалыпты. Тері жабындылары бозарған, шамалы акроцианоз. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 24 рет минутына. Жүрек түрткісі жайылған, жоғары. Жүрек үндері тұйықталған, ырғағы дұрыс. Қолқада 2 үннің әлсіреуі, мойын тамырларына берілетін оң жақтан 2 қабырға аралықта систолалық шу естіледі. АҚ 112/70 мм.сб.б., ЖСЖ 78 рет мин. Бауыры қабырға доғасымен.
ЖҚА: эритроциттер 4,3х1012/л гемоглобин 134 г/л, ТК 0,94, лейкоциттер 5,6х109/л, с/я 62%, т/я – 6%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 17 мм/с.
|
ЖЗА: мөлшері 100,0 мл, салыстырмалы тығыздығы – 1022, түсі – сары, лейкоциттер – 2-3 к/а.
|
СРБ +, АСЛО 1:250 |
|
Эхокардиографиялық зерттеу
картасы
Аты – жөні___ ___ С_____________
____________________________________________
Жасы 26 ______________________________________________________________
Митральді қақпақша____ митральді тесіктің аумағы -4 см2____________
Қолқа негізі - 1,5 см ______________________________________________
Қолқа қапақшасы - қолқа қақпақшасының жармаларының және қолқа түбірінің айқын кальцинозы, қолқа жағына қарай қақпақша жармаларының систолалық иілуі
Үш жармалы қақпақша_____________________________________________
_____________________________________________________________________________
Өкпе артериясы 2,0______ қысымы =25 мм.сб.б.______________________________
Сол жүрекше. Диастолада өлшемі_3,1__________________________________________
Оң қарынша. Диастолада қуыстың өлшемі 1,8 см_________________________
Сол қарынша. СДӨ (КДР) 5,2 см____________________________________
ССӨ (КСР) 4,3 см ________________________________________________
Систолалық көлем 23мл__________________________________________________
Айдау фракциясы 58%______________________________________________________
Диастолада артқы қабырғасының өлшемі 1,4-1,6_______________________________________
Қарыншааралық перде 1,6-1,8_________________________________________
Қорытынды: қолқа жағына қарай қақпақша жармаларының систолалық иілуі, қолқа қақпақшасының жармаларының және қолқа түбірінің айқын кальцинозы. Сол қарыншаның миокардының айқын гипертрофиясы, қарыншааралық перденің және сол қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдауы.
ЭКГ
Кеуде ағзаларының рентгенографиясы
