Кіріспе
Курстық жұмыс мәліметтерді жинау үшін қолданылатын микропро-цессорлық жүйені ұйымдастыру және ассемблер тілінде программалаудың практикалық негіздерін оқып үйренуге арналған. Бұл жұмысты орындау кезінде мәліметтерді жинау үшін қолданатын микропроцессорлық жүйені ұйымдастыру үшін 580 сериалы микропроцессордыңң ең қарапайымын қолдану қажет.
Байланыс арналарын өлшеу және телематериалық ақпараттарды ЭЕМ-ға қабылдау кезінде мәліметтерді сақтау қажеттілігі өте жиі орын алады. Болашақта өңдеу және тағы басқа мақсаттарда кернеу немесе ток түрінде келетін аналогты сигналдардың қабылдануы оның цифрлық түрге түрлендірілуі мен қандай да бір оперативтік жады аймағына сақталумен қоса жүреді.
Техникалық мәліметтер
1 Суретте КМ132РУ13А микропроцессоры негізінде деректер жинайтын микропроцессорлық жүйенің (МПЖ) құрылымдық схемасы келтірілген.
Арналар коммутаторының (АК) кірісіне келетін аналогтық сигналдарды тізбектеп сұрай отырып, аналогты - цифрлық түрлендіргіш (АЦТ) арқылы осы сигналдарды цифрлық түрге (разрядтылығы 1 байт =8 бит екілік сөздер) түрлендіріп, МЕМ (memory-жад) символдық аты бар ұяшық адресынан бастап оперативті жадтайтын құрылғының (ОЖҚ) белгілі бір бөлігіне орналастыру қажет. Кезекті арнаның ағымдағы адресін R регисторында сақтау керек.
МПЖ-нің
құрамында сыйымдылығы
(n разрядты N-ұяшық) және пішімі 2 байт=16
бит адрес сөзі бар ОЖҚ бар. Енгізу-шығару
құрылғысы ретінде 0 режимінде жұмыс
істейтін программаланатын паралель
адаптер (ППА) қолданылады.
МПЖ-нің жұмысын синхронизациялау микропроцессорлық модульдің (МПМ) құрамына кіретін такттық импульстер генераторы (ТИГ) арқылы атқарылады. Синхронизациялау жиілігі f = 500 кГц.
Орындау қажет:
ОЖҚ-ны ұйымдастыру мәселесін қарастыру;
8-разрядты микропроцессор базасында микропроцессорлық құрылғы түрінде ДЖҚ-ны іске асыру. Бұл кезде кезекті арналардың адресі 1кестесіне сәйкес берілген нұсқа бойынша R регистрінде сақталу керек. Микропроцессорлық құрылғыны құрылымдық схема түріне келтіріп, жұмыс істеуінің программасын ассемблер тілінде құру керек және программаның жадысында BEG адресті ұяшығынан бастап орналасу кестесін келтіріп, программаны кодалық комбинацияларда жазу;
МПЖ-нің шапшаңдылығын бағалау.
Берілгені:
M = 732C;
Q = 32Кx8;
BEG – 56В9;
F=710;
R =C.
№ 1 Тапсырма. Оперативті есте сақтау құрылғысын (ОЕСҚ) ұйымдастыру
Оперативті жады жартылай өткізгішті ОЕСҚ-ның үлкен интегралды схемалар (ҮИС) негізінде ұйымдастырылған.
1 Кесте - Таңдалған микросхема түрі:
Микросхема түрі |
Сыйымдылығы |
Уақыты (таңдау), нс |
Қолданылатын қуаты,мВт |
Кернеу,В |
Технологиясы |
КМ132РУ6А |
32К×8 |
75 |
400 |
5 |
n-МДП |
Ақпаратты шығынды ықшамдау тұрғысынан КМ132РУ6А оперативті есте сақтау құрылғысынның микросхемасын таңдаймыз. Ол разрядтылығы 1 бит 2К ұяшығынан тұрады. 2Кx8 сыйымдылықты ОСЕҚ құру үшін осындай 1 микросхема қажет.
Талап етілген МТ сыйымдылықты оперативті жадының m микросхемасаның келесі формуламен анықтаймыз:
(1)
мұндағы: M1 –таңдалған микросхемалардың бірінің сыйымдылығы.
Разрядтылықты өсіру үшін жолақтар ұйымдастырылады. Әр жолақтағы микросхемасаны:
m1 = nтал/ nтаң (2)
мұндағы: nтал –талап етілген разрядтылық,
nтаң – таңдап алынған микросхеманың разрядтылығы.
m1=8/1=8
mжол– жолақтар саны келесідей формуламен анықталады:
mжол = m / m1 (3)
mл=16/8=2
Оқу-жазу режімін қамтамассыз ету үшін WR/RD кірісі қолданылады:
WR/RD = 0 жазу, WR/RD = 1оқу.
1 Сурет -Таңдалған kм132ру6а сериясының микросхемасы
2 Суретте ОЕСҚ-ның құрылымдық сұлбасы келтірілген. Әр сұлбаның адрестік кірістер саны А=16, яғни 216 1 бит разрядтылықты 65536 ұяшық жадыларының адрестеуін қамтамасыз етеді. ОЕСҚ-ның 1 микросхемасын бір жолақта ұйымдастыру кезінде талап етілген Q=32К*8 сыйымдылығы алынды.
Барлық 1 микросхеманы бір уақытта жұмысқа қосу үшін олардың
CS |
