- •Ислам Даму Банкі
- •1973 Жылы желтоқсанда Джидде қаласында (Сауд Аравиясы Әмірлігі) мұсылман мемлекеттері қаржы министрлерінің конференциясында Ислам даму банкін (идб) құру туралы Декларациясына қол қойылды.
- •Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйымы (aaoifi)
- •Ислам банкі мен қаржы институттарының халықаралық бас кеңесі
- •Халықаралық Ислам қаржы нарығы
- •Ислам қаржы қызметтері бойынша кеңес
- •Малайзияның ислам банктік институттарының ассоциациясы
- •Ислам банкінің халықаралық ассоциациясы
Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйымы (aaoifi)
Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйымы (AAOIFI) Хижра бойынша 1410 жылы Сафар айының 1-ші жұлдызында (1991 жылы 27 наурыз) Бахрейн қаласында құрылған коммерциялық емес ұйым. Бұл ұйым ертеректе Ислам банктері мен ислам қаржы ұйымдарының қаржылық есеп бойынша ұйымы деген атауға ие болған. Ұйым мақсаты: Ислам қаржы ұйымдарының этика мен Шариғат стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп, аудит және басқарудың дамуына үлес қосу.
Ұйымның құрылуын бастаушы доктор Рифат Ахмед Абдель Карим болған. Ол AAOIFI-тің алғашқы бас директоры қызметін атқарған. Бүгінгі күні бас директор қызметі доктор Мохамад Недал Альчаарға берілген.
AAOIFI – тің ұйымдық құрылымы алты бөлімнен тұрады:
Бас Ассамблея;
Қамқоршылар кеңесі;
Бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары бойынша кеңес;
Шариғат кеңесі;
Атқарушы комитет пен Бас Ассамблея
Ең жоғарғы орган болып Бас Ассамблея танылады. Ол ұйым саясатының құрылуына жауап береді. Мүшелік төрт категориядан тұрады: негізін құраушы мүшелер, біріктірілген мүшелер, реттеуші және бақылау мен қадағалау мүшелері.
Негізін құраушы мүшелерііне Ислам Даму Банкі (Сауд Арабиясы), Дар Аль-Мал Аль-Ислами. (Швейцария), .Аль Раджи Бэнкинг энд Инвестмент Корпорейшн. (Al Rajhi Banking and
Investment Corporation) (Сауд Арабиясы), .Альбарка Бэнкинг. (Бахрейн), .Кувейт Файненс Хаус. (Кувейт) және Бухари Капитал. (Bukhari Capital) (Малайзия).
2008 жылдың аяғына таман AAOIFI мүшелері қырық мемлекеттен жүз алпысқа жуық ұйымға жеткен. Ислам банк жүйесімен байланысты 473 ұйым бар.
Қамқоршылар кеңесі Бас Ассамблеямен әр бес жылда тағайындалатын жиырма толық емес мүшеден тұрады. Кеңес мүшелері өз уәкілеттілктерін келесі жаңа кеңес тағайындалғанға дейін сақтайды. Кеңіс мүшелерін тағайындау географиялық жағдайларға байланысты келесі кезекте жүзеге асады:
реттеуші және бақылау органдары;
Ислам қаржы инститтары;
Ислам қаржы институттарымен байланысты бухгалтерлік және аудиторлық ұйымдары;
Шариғат және Фикх бойынша ғалымдар;
Ислам қаржы институттарының қаржылық есептілігін қолданушылар.
Қамқоршылар жарғылық жағдайларына байланысты AAOIFI-тің кеңес мүшелерін тағайындауға немесе мүшелікті тоқтатуға және ұйымды қаржыландыруды ұйымдастыруға және оны инвестициялауға құқықтары бар. Сонымен қатар, өздерінің екі мүшесін Атқару комитетіне орналастыруға және Бас хатшыны тағайындауға ерікті.
Кеңестің міндетімен жауапкершілігіне жатады:
Ислам қаржы институттарына арналған стандарттар мен басқару принциптеріне негізделген бухгалтерлік есеп, аудит және нормативті есептілікті түсіндіру мен қабылдауды дайындау;
Ислам қаржы институттарының қызметімен байланысты білім стандарттарымен этика кодексін қабылдау және дайындау;
Шариғат кеңесі жиырмадан көп емес төрт жылға тағайындалатын мүшеден құралған. Олар Шариғат бойынша сарапшылар болып табылады. Кеңестің атқаратын қызметіне:
Сүрелерді қолдануда жалпы ортақ ойдың гармониясына жету;
Шариғатпен рұқсат етілген қаржы инструменттерінің дамуына ат салысу.
Атқару комитеті алты мүшеден тұраы: Бас Хатшы, Бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары бойынша кеңес Төрағасы, Шариғат кеңесінің төрағасы, Қамқоршылар кеңесінің үш мүшесі. Бұл комитет қызметіне жұмыс жоспарын, жылдық бюджетті және аудиторлық пен қаржылық есепті қарастыру жатады. Сонымен қатар комитет қызметіне AAOIFI –ті қаржыландыру және қызмет ережелерін бекіту жатады.
Бас хатшы ұйымның күнделікті әкімшілік қызметіндегі бас фигура ретінде танылады.
AAOIFI –тің құрылу күнінен бастап үш негізгі нұсқау қабылданды – ислам қаржы институттарын реттейтін, есеп және аудит стандарттары; шариғат стандарттары мен мақсатты жариялау; ислам банктеріне арналған капитал жетімділігнің коэфициентін есептеу. Жалпы алғанда ұйым ислам қаржы жүйесі бойынша 68 стандартты шығарды.
