Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
халыаралы исламды аржы иымдары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
199.68 Кб
Скачать

Исламдық банк жүйесімен байланысты ұйымдар

ЖОСПАР:

  1. Исламдық қаржы жүйесінің эволюциясы

  2. Ислам Даму Банкі

  3. Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйымы (AAOIFI)

  4. Ислам банкі мен қаржы институттарының халықаралық бас кеңесі

  5. Халықаралық Ислам қаржы нарығы

  6. Ислам қаржы қызметттері бойынша кеңес

  7. Малайзияның ислам банктік институттарының ассоциациясы

  8. Ислам банкінің халықаралық ассоциациясы

Кіріспе

Экономика – бұл адамның шексіз қажеттіліктерін, шектелген ресурстарды пайдалана отырып қанағаттандыру туралы ілімі.

Дәстүрлі экономика теориясы макроэкономика және микроэкономика білімдерінен тұрады. Макроэкономика өндіріс, табыс, баға деңгейі, халықаралық сауда, жұмыссыздық және жұмыс күші сынды сұрақтар аясын қамтиды. Сонымен қатар, макроэкономика экономикалық дағдарыстардың пайда болу себептерін, инвестиция мәселелерін және пайыздық қойылым мен ақшаны басқарудағы Орталық банктің рөлін қарастырады. Микроэкономика нарықтағы тауардың ұсынысы мен сұранысын анықтау мақсатында жекелеген адамдар мен фирмалардың мінез-құлықтарын зерттейді.

Макроэкономика және микроэкономика концепциялары батыс ойшылдарына қоғамның әрбір бірлігінің: индивидуум, компания, мемлекет және т.б., қажеттіліктерін қамтуға қабілетті жүйені құру мен жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Уақыт өте келе қоғамда, капиталистік және социалистік жүйелер пайда болды. Капиталистік жүйе – өндіріс факторларына деген жеке меншіктің болуы және нарықтық механизіммен сипаталаттын экономикалық жүйе болса, социалистік жүйе, керісінші, қоғамдық меншікке негізделген және шешімдер орталықтан қабылданатындығымен сипатталды.

Капиталистік және социалистік жүйелердің әр түрлі қоғамдарда сәтті жүзеге асырылуына қарамастан, арада уақыт салып көптеген жетіспеушіліктер орын ала бастады. Мәселен, 1980 және 1990 жылдардың аяғына таман социалистік жүйеге негізделген көптеген мемлекеттердің қысқаруын еліміздің мысалында да көрсетуге болады. Сол тұста капиталистік мемлекеттерде көптеген қиыншылықтарға тап болған еді. Әрине, мұндай қалыптасқан жағдай жүйелердің мінсіз еместігін және әмбебап экономикалық мәселелерді шешуге қауқарсыздығын көрсетті. Осы тұста, дәстүрлі деп танылған жүйелермен қатар, ислам экономика жүйесі өз қызметін жүргізіп жатты. Ислам, өз кезегінде кемелденген дін ретінде, өзінің жеке, өзге жүйелерден ерекшеленетін, артықшылықты экономикалық жүйеге ие болған. Себебі, ислам экономика жүйесінің мақсаты, жалпыға бірдей әділдікпен объективті түрде материалдық құндылықтарды бөлу, тұлғалық еркіндікті сақтай отырып адамгершілік пен исламдық құндылықтар шегінде экономикалық дамуға қол жеткізу болды.

Адаммен әзірленген заңдар жинағына бағынатын батыстық жүйеден, ислам экономика жүйесі екі топтағы заңдарға бағынуымен ерекшеленеді. Яғни, өзіне төрт қайнар көздің: Құран, хадис, иджма, кыяс ережелерін біріктіретін Шариғат заңнамасымен ұйымдастырылады. Қорыта айтқанда, ислам экономика жүйесін Шариғат негізінде реттелетін жүйе ретінде қабылдаймыз. Өзімізге белгілідей, ислам экономика жүйесі даму процесінде ислам банк жүйесінің теориясын әзірлейді. Соның негізінде, қазіргі күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде ислам экономикалық жүйесіне негізделген ислам банктері өзінің қаржылық қызметтерін көрсетуде.

Ислам банк жүйесі – қызмет ету принципі ислам құқықтарымен Шариғат заңдарына негізделген жүйе. Яғни ислам банкі жүзеге асыратын операция түрлері (депозиттік салымдар немесе қаржыландыру) Шариғат принциптерімен қызмет атқарады. Бұл өзге де банктік операция түрлері: ақша аударымдары, кепіл хаттар, аккредитивтер және шетел валюталарымен сауда жүргізуде іске асады. Ислам банктерін өзге де дәстүрлі банктерден ерекшелендіретін негізгі факторға, банк операцияларында «риба» яғни, ислам дінімен тиым салынған пайыздың болмауы. Егер де, кез-келген қаржылық институттың қызметінде риба элементі кездессе, ол ұйым ислам қаржыландыру мекемесіне жатқызылмайды. Сол себептен де Исламдық банк жүйесінде қарапайым банктердегідей өсімқорлық жоқ. Пайыздық өсімсіз қызмет етуіне қарамастан Ислам қаржы жүйесі ең жылдам өсуші сегмент болып табылады. Жылына 15 пайызға өсетін исламдық негіздегі активтердің жиынтығы 800 миллиард АҚШ долларын құрайды.   Әлемдік банкинг саласында жаңадан өзгерістер енгізіп, өздерінің қаржылық активтерін жыл өткен сайын молайтып жатқан, шариғат заңдарын қатаң ұстаған банктердің дамуы күн санап жылдам қарқынмен өсіп жатыр, экономикалық алпауыт елдердің де нарығына етене енуде.

Біздің заманымыздың VIII – XIII ғ.ғ. Аралығы Ислам әлемінің Алтын Ғасыры кезіңі болып саналады. Ол кездері Ислам әлемі Халифаттық басқару жүйесінде болды. Нарықтық экономика, саудагерлік пен айырбас жасау кеңінен тарады. Нарықта қарызға алу қатынасы дами түсті. Міне, осындай экономикалық белсенді өмір ислами банктің негізі болатын. Адамдар арасында экономикалық серіктестіктер орнады. Мысалыға: Муфауада – қатысушалар санына шектеу қойылмайтын, бір мақсатқа жұмылған әріптестердің серіктесуі. Бұдан бөлек Мудараба деген серіктестіктің түрі болды. Мудараба бойынша әріптестердің санына шектеу қойылады. Әл-Мал деген ислами негіздегі капитал пайда болды. Ортағасырлық Ислам қоғамында жетілген қаржылық институттар мен экономикалық негіздер ортағасырлық Еуропаға ауысып (XIII ғ. бастап), ол жерде одан әрі дами түсті.

Ислам банктерінің тарихы исламның алғашқы пайда болғаннан бастау алады. Ислам Өркениетінің қолдауымен арабтан шыққан Мұсылмандар Римдіктер қолданысқа енгізген банктік істі қабылдап қана қоймай, оны жетілдіре түсті. Мұның барлығы Шариғаттың ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес жасалған болатын.

Исламның пайда болуына дейн және пайда болғаннан кейін де Мекке сауда-саттық қаласының қызметін атқарды. Сол кездегі банктік операциялар түрлеріне ақша қаражаттары мен құндылықтарды сақтау жатты. Мемлекет тарапынан депозиттік институттарының болмағанына байланысты, үшінші жақтың ақшасы мен бағалы мүліктерін сақтау қызметі сенімді адамдарға тапсырылды. Мұндай қызмет тапсырылған тұлғаларға сақтауға берілген ақша қаражаттары мен мүліктерді иелеріне қайтарып беру міндеттелді. Алайда, Пайғамбар тұсында (Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оның замандастарының бірі Аззубаир Ибн Аль-Аввам салымдарды «вадиа» (сенім) принципімен емес, «кард» (қарыз) принципімен қабылдағанды жөн көрген. Егер, салымдар сақтау мақсатында берілген жағдайда, қайтарылып отырған. Осыдан кейін, Аззубаир Ибн Аль-Аввам ислам банк жүйесіне ең алғаш кард принципін енгізуші ретінде танылады. Ол бұл принципті былай түсіндіреді: «егер адамдар менің әкеме келіп, өз ақшаларын сақтауға берсе, менің әкем бұл қаражаттар оған қарызға берілген деп санауына толық құқықты, себебі, депозит ретінде қабылданған ақша қаражаттарының жоғалу мүмкіндігі бар». Ол өте ақылды саясат жүргізе отырып, көздеген екі мақсатқа қол жеткізген. Біріншіден, ол кард принципімен ақша қаражаттарға еркін иелік ете алған. Екіншіден, мұндай әрекет қарыз берушіге қарызгердің ақша қаражаттарын қайтаратындығының кепілдігі болған.

Бұл тарихи дерек басында сенім принципіне негізделген депозит концепциясының өзгергенін көрсетеді. Сонымен қатар, депозит жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының қолданысы үшін емес, мемлекет қолданысына арналған инструмент болды. Мекке қоғамы бұл кезеңде өз ақша қаражаттарын үшінші тұлғалардың бизнесінде кирад және мудараба принциптері негізінде қолдануына байланысты сеніп тапсырған. Яғни, бұл принциптер бойынша, пайда қатысушылар ортасында тең бөлініп немесе риба алу мақсатында жүзеге асырылған. Алайда, исламның пайда болуымен байланысты риба принципін қолдануға тиым салынды. Бірақ, мұндай тиым банктік қызметтің дамуына кедергі жасамай қойған жоқ.

Ақша айырбастау, пайыздарға тиым салу және қарызды «кард» принципі арқылы алу концепцияларымен бірге, ислам дамуының ерте кезінде ақша аударымдары мен вексельдерге байланысты қызметтер де жүзеге асырылды.

Исламның орта кезеңі ислам банк жүйесі мен банк қызметтерінің дамуының жалғасы болды. Хижра бойынша төртінші ғасырдың ортасында ислам банкингі саласында жаңа зерттеулер жүргізіле бастады. Мұның айқын көрінісі ретінде, Ислам банкингі тарихында төлем тапсырмалары мен чектер ақша құжаты немесе төлем құралы ретінде пайдаланыла бастады. Мәселен, Сайф-уд-Даули Аль-Хамдани – Аллепо әмірі алғаш өзінің Бағдатқа сапарында жергілікті Хакан әулетінің дүкенінде бір қағаз тілімін сұрап, өзінің атын және дүкен иесінен қарызға алған 1000 динарды бейнелейді. Кейіннен, бұл қағаз тілімін дүкен иесі көрсетілген соммаға айырбастап алыпты. Бұл ислам банкіндегі алғаш төлем құралдарының қызметінің көрінісі болды.

Рим империясының құлауымен еуропаны басқан қара түнек көлеңкесі мұсылман мемлекеттерінің экономикасының жағдайына кері әсер етті. Сол кезде ислам банк жүйесінің қызметі тұралап қалды. Алайда, мұндай жағдайға қарамастан бұл кезеңде мұсылман заңгерлері рибаға қатысты заңдық шешідер бойынша ізденістер жүргізіп жатты. Бұл кезеңді - ағартушылық кезең деп те атауға болады. Сол кездегі еңбектер қазіргі күнде ғалымдардың ислам банкингі саласындағы зерттеулерінің бағдары болып отыр.

Шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің көптеген мұсылман елдерінде таралуы банк ісінің Исламдық баламасын құру қажеттілігін тудырды. Мұсылман ғалымдарының көбі шетелдік коммерциялық (өсімқорлық) банктердің және олардың күнәлі операцияларын ешқандай баламасын ұсынбайды деп сынға алады. Уақыт өте, коммерциялық банктердің үлкен басымдылығын ескеріп, ғалымдар өз күштерін Шариғаттың ұстанымдары мен ережелеріне сәйкес келетін шешімдерді іздестіре бастады.

XIII ғасырдағы еуропалық сауданың жандануымен дамыған параллель банктерге қарағанда, ислам банкі өз ісін дамыта алмады. Мұсылман елдер сауда мен колониализм дамытудың нәтижесінде дәстүрлі банк жүйелерін қабылдады, ал ислам дамуының ерте кезеңіндегі пайда болған ислам әмбебап банкі өз жұмысын тоқтатты. Барлық мұсылман әлемін сілкіндірген «ислам қайта тууы» ислам банк ісін жасау үшін түрткі болды.

Қазіргі заманның ислами банктерінің тарихы XX ғ. 60-жылдарынан бастау алады. 1963 ж. Мысырдың Гамр қаласында Ислам Банкін құру бойынша алғашқы әрекетті доктор Ахмед Әл-Наджар жасады, ол банктің бірінші бөлімін ашпай тұрып, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындары арасында ұзақ үгіт насихат жүргізген. Бұл жобаның мақсаты: капитал біліміне ауыл тұрғындарын интегралдау болды. Банкті құрудың себепшілері, Египетті индустриалдау үшін капиталдың жинақталу процесі аграрлық секторда болу керек, ол сол кезде Египеттің халық шаруашылығында үстем болған. Жобаның ұраны: «Крестьяндарды салымшыларға айналдырыңыз!».

Банк шариғат заңдылықтарының негізінде құрылып, мақсаты халықтың жинақтаған қаржыларын пайдалана отырып табыс әкелетін жобаларды қаржыландырудың арқасында пайда табу болды.

Банк 85 000 салымшысы бар 53 бөлімше құрды. Банк адамдарға инвестициялық, әлеуметтік және білім беру қызметтерін ұсынды. 1971 жылы Мысыр үкіметі Nasser Social Bank банкті құру үшін заң қабылдады. Оның пайда табуының 3 көзі болды:

1) Зекетті басқару;

2) Мемлекеттік сақтандыруды басқару;

3) Мемлекеттік қарызды басқару.

1967жылы банк исламдық радикализмге қарсы күрестің құрбаны болып жабылып қалады.

Бірақ банктың негізін қалаушы Ахмад әл-Наджар болашақта мұндай қаржылық институттардың сәтті қызмет ететініне сенімді болды. Ол Сауд Арабиясына көшіп кетеді. 70-жылдары мұнайдың бағасы қарқынды түрде өскен болатын. Бұл жағдай исламдық негізде банк құру үшін оңтайлы кез болды. Алдымен 1975 жылы Ахмад әл-Наджардың қатысуымен Ислам Даму Банкі құрылды (ИДБ). Соңынан Біріккен Араб Әмірлектерінде (БАӘ) ''Dubai Islamic Bank'' атты ислами банк дүниеге келді. Олардың соңынан Faisal Islamic Bank (Египет, 1977 ж.), Faisal Islamic Bank (Судан, 1977 ж.) және Bahrain Islamic Bank (Бахрейн, 1979 ж.) банктері өз қызметтерін бастап кетті. Алғашқы кездегі скептицизм (күдік) бірте-берті жойылып, банктердің жарқын болашағына деген сенім арта түсті. Осылайша, ислами банк жүйесіне деген байсалды қатынас орнай бастады. Аз уақыттың ішінде Ислам банк ісінің сенімді әрі болашағы бар банк жүйесі екендігі түсінікті болды.

Діни мұсылман клиенттердің қаржылары ағылып келуі, ислам банктеріне бірқатар пассивтерін құруға мүмкіндік  берді, бірақ ислам нарығының эмбриалды капиталының жағдайы оны толық жұмысістеуге мүмкіндік  бермеді.

Ислам банкингі дамуындағы басты қадамдардың бірі 1975 жылы ресми түрде құрылған, 22 ислам мемлекетін біріктірген «Ислам даму банкінің» (Islamic Development Bank) құрылуын айтамыз. Әрине, Ислам даму банкі құрылуымен мұсылман мемлекеттерінде банктер ашыла бастады.

Ислам банктері мұсылман мемлекеттері ішінде де құрылуы жағынан ерекшеленіп жатты. Мәселен, Иран, Пәкістан, Судан мемлекеттері қаржы жүйесін пайыздан толық ажыратса, Малайзия, Мысыр, Сауд арабиясындағы дәстүрлі банктерде Шариат принциптеріне негізделген банктік қызметтерді ұсынуға рұқсат етілді. Бұл тәсіл «исламдық терезелер» деген атпен әйгілі.

Иран және Пәкістан тәжірбиесі толыққанды ислам банкісіне көшу, көп адамдар болжағандай қаржылық күйреуге әкелмейтіндігін дәлелдеді. Екінші бір мысал, Малайзия мемлекетінің Үкіметі көрсеткен жан-жақты қолдаудың арқасында дәстүрлі жүйемен тең қызмет атқаратын пайызсыз қаржылық жүйенің қызмет етуі 1993 жылдың басына таман Малайзияның Орталық банкімен (Bank Negara Malaysia) 21 банктік қызмет өнімдері әзірленіп, сол жылдың аяғына таман 21 қаржылық институт пайызсыз банктік схемаға қатысты.

1990 жылы Алжирде ислам қаржы индустриясы үшін жалпыға ортақ бухгалтерлік және аудиторлық практика мақсатында «Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік және аудиторлық ұйым» (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions - AAOIFI) құрылады. Бұл ұйым 1991 жылы 27 наурызда Бахрейн қаласында тіркелген. Ислам банкингін халықаралық деңгейге шығарған тағы бір оқиға 2002 жылы қараша айындағы Куала-Лумпур қаласында ислам қаржы қызметтері (Islamic Financial Services Board – IFSB) кеңесін құрылуы болды.

2008 жылдың аяғына таман мұсылман және батыс елдерінде қызмет көрсететін 300-ге жуық ислам банктері тіркелді. Дәстүрлі батыс банктері де Шариғат ережелері бойынша қызмет көрсете бастады.

80 жылдардың басында Азияның оңтүстiк-шығысындағы ислам әмбебап банк iсi белсендi өсуін бастайды. 1963 жылы Малайзияда Мекке қажылыққа баратын мұсылмандардың жинағы жұмсалатын қайырымдылық қоры құрылған. Кейiннен оның негiзiнде әлемдегі ең ірі ислам инвестициялық қорларының бірі Tabung Haji пайда болды. Малайзиядағы ислам банктiк секторының қарқынды өсуi 1983 жылдан, мұсылман көпшiлiктiң өмiр деңгейiнiң жоғарылатуы бойынша үкiметтердiң саясаты шеңберiнде, басталды. Экономикалық саясаттан басқа, ішкі саяси себептерде ие болды - мұсылмандар Малайзия тұрғындарының 75 пайыздары құраса да, жеке сектордың капиталының үлкен бөлігін этникалық қытайлар тексереді.

Ислам Даму Банкі

Ислам даму банкі 1974 жылдың 12 тамызында Джидда қаласында (Сауд Аравия Патшалығы) қол қойылған келісімді жүзеге асыру үшін 29 мемлекетпен халықаралық қаржы ұйымы ретінде орнықтырылған. Мұндай мұсылман елдері мен мұсылман қауымының экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау үшін шариат нормаларына сәйкес негізделген халықаралық қаржы институтын құру қажеттілігі туралы ой тіпті 1973 жылдың 18 желтоқсанындағы Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-мемлекеттері Министрлерінің бірінші конференциясында талқыланған. Ресми түрде Банк өз қызметіне 1975 жылдың 20 желтоқсанында кіріскен.  Банкті құру кезінде оның төленген жарғылық капиталы Ислам даму Банкінің 2 мың акциясына бөлінген 2 млн ислам динарларын құрды.  Казіргі кезде Банктің мүше-мемлекеттері салымдарының (банк капиталы) жалпы сомасы 4 млрд-қа жуық ислам динарын құрайды. Қарапайым ресурстарынан басқа Ислам Банкінің иелігінде Ислам Банктерінің Портфелі, Экспортты қаржыландыру схемасы және Ислам даму Банкінің Пайлық қоры сияқты арнайы қорлары бар. Банк бұл қорлармен Ислам даму Банкі органдары құрастырған Ережелер мен Нұсқаулықтарына сәйкес иелік етеді.  Ислам даму Банкінің мүшелері болып Ислам даму Банкінің Құрылтай жарғысына қол қойған негізін қалаушы мемлекеттер және Ислам даму Банкіне кешірек қосылған мемлекеттер де табылады. 1998 жылы Ислам даму Банкінде 53 мемлекет бас қосқан. 1974 жылдың 12 тамызында Джидда қаласында «Ислам даму Банкінің Құрылтай келісімін заңдастыру туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін 1996 жылы Қазақстан Ислам даму Банкінің құрамына кіреді. Ислам даму Банкі келісім-шарттар жасау, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алу және сату құқығына ие, сондай-ақ, сот органдарына жүгінуге құқылы тәуелсіз халықаралық ұйым болып табылады. Құрылтай келісіміне сәйкес, Ислам даму Банкі өзінің өкілеттіктерін бағалы қағаздарды сатып алуда, сатуда және кепілді сатуда пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Банктің мүше - мемлекеттерінде сот қуғындау иммунитетіне ие. Мұндай жағдайларда Банкке қарсы Банк қызметтерді қабылдауға арналған агенті бар мемлекеттің территориясында немесе Банк бағалы қағаздарды шығаруға немесе шығаруды кепілдендірген мемлекетте сәйкес сотта сот ісі қозғалуы мүмкін. Банктің не бір мүшесінің де, не заңды, не жеке тұлғаның да Ислам даму Банкіне қарсы іс қозғауына құқығы жоқ. Құрылтай келісімінің 64 бабына сәйкес Ислам даму Банкі мен мүше-мемлекеті немесе оның өкілі арасындағы кез келген даулар мен келіспеушіліктер арбитраждық тәртіпте шешіледі. Арбитраждық сотты үш арбитр жүзеге асырады – біреуі Ислам даму Банкінен, екіншісі – дауды ұсынушы болып табылатын мүше-мемлекет, ал үшінші арбитр болып Банкті Басқарушы Кеңестің қолдауы және тараптардың келісуімен халықаралық сотпен немесе сәйкес шешім қабылдай алу құқығына және өкілеттігіне ие болатын тұлға бола алады. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады, яғни үшінші арбитрдың дауысы ерекше мәнге ие болады және тараптардың орындауына міндетті болады.  Ислам даму Банкінің меншігін және активтерін, олардың қайда орналасқанына, кімнің иелігінде екеніне қарамастан Банкке қарсы соңғы айып тағылғанша тәркілеуге, камауға алынуға және тыйым салуға жол берілмейді. Ұқсас шарттар Банк қызметіне, оның мұрағаттарына және қызметкерлеріне де қатысты көзделген.  Ислам даму Банкі төменгі өкілеттіктерге ие болады және функцияларды атқарады: а) мүше-мемлекеттердің акционерлік капиталына қатысады; ә) мүше-мемлекеттерде тікелей қатысу немесе тағы басқа қаржылық тәсілдер арқылы экономика және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының жобаларын қаржыландырумен айналысады; б) мүше-мемлекеттерде әр түрлі жобаларды, өнеркәсіптерді және бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеке немесе мемлекеттік секторларға несиелер ұсынады; с) Ислам даму Банкінің мүше-мемлекеттеріндегі мұсылмандар қауымдастығына жәрдемдесу қорын қоса алғанда, ерекше мақсаттарға арналған арнайы қорларды құрады және оларды үйлестіреді; д) трастық қорларды басқарады; е) салымдар қабылдайды және басқа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қаржылық түсімдерді қалыптастырады; ж) мүше-мемлекеттер арасында, әсіресе, өндіріс тәсілдері арқылы сауда-саттықтың дамуына септігін тигізеді; з) қорларды қаржыландырады; и) мүше-мемлекеттерге техникалық жәрдем көрсетеді; к) мүше-мемлекеттерде дамыту саласында қызмет ететін кадрларды оқытуды қамтамасыз етеді; қ) мұсылман елдеріндегі экономикалық, қаржылық және банктік істі Шариат қағидаттарына сәйкес етуге бағытталған зерттеулер жүргізеді; л) Банк халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті деңгейде ұқсас мақсаттары бар барлық ұйымдармен, органдармен және институттармен қарым - қатынаста болады; м) өзінің мақсаттарына жету үшін жәрдемдесетін кез келген басқа қызметпен айналысады. Ислам даму Банкінің басқару Кеңесі, Атқарушы директорлардың Кеңесі, Президенті және оның үш орынбасары, сондай-ақ, өз қызметінің түрлі салаларына бағытталған бірнеше бөлімшелері бар. Әр қатысушы- мемлекет Басқару Кеңесінде бір басқару кеңсесімен және басқарушы қызметінің бір альтернативті үміткері ретінде қарастырылған. Әрбір Басқарушы және Басқарушылыққа үміткер бұл қызметке тағайындаған мемлекеттің қолдауымен ие болады және Басқарушы қызмет орнында болмаған жағдайларды қоспағанда, Басқарушылыққа үміткердің дауыс беру құқығы болмайды. Басқарушылар Кеңесі жылына бір рет жиналады. Алайда, қажет болған жағдайларда, басқарушылар Кеңесі төтенше отырыстарға жиналады. Биліктің толыққанды иесі болып басқарушылар Кеңесі табылады.  Президенттің басқаруындағы атқарушы Директорлар Кеңесінің құрамына, Басқарушылар Кеңесінің мүшесі болып табылмайтын бірнеше тұлғалар кіреді. Олар басқарушылар кеңесі шығарған Ережелер мен Нұсқаулықтарға сәйкес сайланады. Атқарушы директорлар қызметінің қызмет ету мерзімі – 3 жыл. Президент басқарушылар Кеңесінің көпшілік дауысымен ұсынылған сайлау құқығына ие мүшелердің жалпы санының 2/3-нен кем емес болған жағдайда сайланған болып есептеледі. Президент мүше-мемлекеттердің бірінің азаматы болуы керек және қызметін жүзеге асыру барысында бір мезгілде не Басқарушы, не Атқарушы директор бола алмайды. Президенттің бұл қызметте болу мерзімі 5 жыл және де ол бұл қызметке қайтадан сайлана алады. Президентке оның қызметін жүзеге асыруға Президенттің ұсынуымен Атқарушы Директорлар Кеңесімен тағайындалатын вице-президенттер көмектеседі. Вице-президент қатысушы-мемлекеттердің біреуінің азаматы болуы керек. Ислам банкінің штаб-пәтері Джидда қаласында орналасқан. Ислам даму Банкінің 3 аймақтық офистері бар: біріншісі Куала-Лумпурде (Малайзия), екіншісі – Рабатта (Марокко), үшіншісі – Алматыда (Қазақстан). Екінші топты үкіметтік емес халықаралық ұйымдар құрайды. Мұндай халықаралық ұйымдарға ислам әлемінің Лигасы, Дүниежүзілік ислам ұйымы, Оңтүстік-Шығыс және Тұнық мұхит елдерінің Аймақтық ислам ұйымы, Дүниежүзілік ислам конгресі жатады. Бұл халықаралық ұйымдарға жататын мұсылман мемлекеттерін негізінен ірі қауымдастықтың көшбасшысылары немесе үкімет мүшелері, сондай-ақ ірі қоғамдық немесе саяси қайраткерлер ұсынады. Шешімдер өте кең ауқымдағы мәселелер бойынша шығарылып, көбінесе, ұсыныс беруші мазмұнға ие болады. Саясат пен дін салаларындағы шешімдерді орындау, негізінен, ұлттық аймақтық ұйымдардың арқасында жүзеге асып жатады.  Мұсылман әлемінде құрамына мемлекеттер емес, тек жекелеген діни бірлестіктер мен қауымдастықтар кіретін халықаралық ұйымдар да бар. Олардың да шешімдері ұсыныс беруші мазмұнға ие болады және орындалу кеңістігі де шектелген болады. Халықаралық ислам ұйымдарының бұл тобына келесі ұйымдар жатады: Еуропаның Исламдық Кеңесі, ислам миссияларының Дүниежүзілік федерациясы. Мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы құрамында (ОПЕК) мұсылман емес елдер болғанымен және бұл ұйымның мүшелері діни емес, тек сауда-саттық, іскерлік негіздер бойынша ғана біріккенімен, берілген халықаралық ұйымның қызметі мен мәртебесін оның негізгі мүшелері, мұнайды қайта өңдеуші болып табылатын мұсылман мемлекеттері тұрғысынан қарастыруды жөн көрдік. ОРЕС (Organization of Petroleum Exporting Countries) – Мұнайды экспорттау – елдерінің ұйымы (МЭЕҰ) - 1960 жылы құрылған. МЭЕҰ-ның мүшелері болып: Иран, Ирак, Ку­вейт, Сауд Аравиясы, Венесуэла, Катар, Индонезия, Ли­вия, Абу-Даби, Алжир, Нигерия, Экуадор, Габон мемлекеттері табылады.  Аталған ұйым саясаттың мұнай құны саласындағы қағидаларды анықтайды. Бұл ұйымның мүшелері мұнайды өте кең көлемде өндіру және оны сыртқа экспорттаумен айналысатындықтан, сәйкесінше, олар халықаралық аренадағы көптеген мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқарады.  Қазақстанға осы қаржы-экономикалық тұрғыдан күшті ұйымның қызметіне, оған мүшелікке кіру мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін ерекше назар аударған абзал. 

Ислам Даму Банкі Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) құрамында әрекет ететін 15 дербес ұйымның бірі болып табылады, атап айтсақ: Исламдық жаңалықтар агенттігі, Исламдық ғылыми-техникалық даму қоры, Ислам өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы, Исламдық сауда-өнеркәсіптік палатасы және т.б.

Ислам конференциясы ұйымының негізі 1969 жылы қыркүйекте Рабатта (Марокко) мұсылман елдері басшылары мен үкіметтерінің конференциясында қаланған. Ол өзінің қызметін 1971 жылдан бастап, негізгі жұмыс органы – Бас секретариат толықтай қалыптасқан соң бастады. ИКҰ мүшелері болып 1969 жылы Рабаттағы конференцияға қатысқан 57 мемлекет, 1970 жылы Джиддеде және Карачиде өткен сыртқы істер министрлерінің екі конференциясында, сондай-ақ ИКҰ жарғысына қол қойғандар табылады. ИКҰ Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз ынтымақтастықты қолдайды. 1975 жылдан БҰҰ қарамағында қадағалаушы мәртебесіне ие.

ИКҰ негізгі мақсаты Рабатта (1969 ж) және Меккеде (1981 ж) өткен мұсылман мемлекеттер басшыларының конференциясында айқындалды. Осы кездесулердің құжаттарына сәйкес ИКҰ қызметінің негізгі мақсаты болып келесілер табылады: ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттер арасында жан-жақты байланыстарды дамыту; кемсітушіліктің түрлі нысандарын жоюды ынталандыру; халықаралық қауіпсіздікті және бейбітшілікті қолдау және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]