Релелік қорғаныс
Релелік
қорғаныс —
электр автоматикасының негізгі түрі
болып табылады. Онсыз
қазіргі энергетикалық жүйелердің
сенімді жұмысы мүмкін емес. Ол энергожүйенің
бүкіл бөліктерінің күй-жағдайын және
жұмыс жүргісін тынымсыз тексереді және,
пайда болған ақаулық пен қалыпсыз
жұмысқа орай әрекет етеді. Бұзылған жер
болса қорғаныс мұны табады да жүйеден
ажыратады. Бос жүріс пайда болғанда
қорғаныс оны анықтайды да, бұзылудың
сипаттамасына байланысты, бос жүрісті
қалпына келтіру үшін қажетті іс-әрекет
жасайды немесе кезекші қызметкерлерге
белгі береді.
Мақсаттары:
Қазіргі
электр жүйелердегі релелік қорғаныс
электрлік автоматикамен тығыз байланыста.
Бұл автоматика жүргіні қалпына келтіру
мен тұтынушыларды қоректендіру үшін
арналған.
-Релелік
қорғаныс келесі негізгі талаптарға сай
келуі тиіс:
-Талғаулық.
-Әрекет
тездігі.
-Сезгіштік.
-Сенімділік.
Дамуы:
Энергетика
саласындағы бағдарлама ЖЭЖ-нің болашақта
әрі қарай дамуын алдын ала ескереді.
Жоғары
және өте жоғары кернеулі электр энергияны
тарату желілерінің, жоғары қуатты электр
станцияларының пайдаланылуы, негізгі
және үлестіру тораптарының қарқынды
дамуы басқару мәселесін қиындатты.
Осыған
байланысты релелік қорғаныс техникасы
тоқтаусыз даму мен жетілдіруде. Үлкен
қашықтықты ЭТЖ-не, ірі генераторларға,
трансформаторлар мен энергоблоктарға
жаңа қорғаныстар жасалынып, пайдалануға
беріліп жатыр. Пайдалану сенімділігі
артық та оңайлау — жартылай өткізгішті
дифференциалды-фазалық қорғаныстың
жаңа түрлері құрастырылуда.