Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реферат ЭСиП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269.03 Кб
Скачать

1000 Вольтқа дейінгі аппараттар

Коммутациялық аппарат — бір немесе бірнеше тізбектегі электр тоғын қосуға немесе ажыратуға арналған аппарат.

Төменгі кернеу аппараттарын кей кезде коммутациялайтын тоқтың шамасы бойыншы топтастырады: аз тоқтық – 10А дейін, және – 10 А жоғары. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі қондырғыларда қолданылатын электр аппараттарына мыналар жатады:

-Сақтандырғыштар;

-Ауыстырып қосқыштар;

-Автоматты ажыратқыштар;

-Магниттік қосқыштар;

-Релелік қорғаныс;

Сақтандырғыштар

Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған электрлік аппарат. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған ток өткізгіш бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электртораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.

Балқымалы сақтандырғыш (fuse) - тоқ жүріп тұрған тізбекті қысқа тұйықталу тоғынан қорғайтын тетік.

Оның ауыстыруға болатын балқымалы тетігі тоқтың белгілі бір шамасына , мысалы, 5 амперге, 10 амперге тағы сол сияқтыларға төзетіндей болып жасалады. Тізбектегі тоқ шамасы Балқымалы сақтандырғыш арналып жасалған тоқтан артқанда, Балқымалы тетік балқиды да, өзі қорғап тұрған электр тізбегін ажыратады. Балқымалы сақтандырғыштың ұзындығы өзі " балқыған кезде" пайда болатын электр доғасын сөндіруге жетерлікей болуы керек. Сондықтан Балқымалы сақтандырғышты өзі арналып жасалған тоқ пен көрнеуге сәйкес тізбектерде ғана пайдаланған жөн.

Балқыма cақтандырғыштар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

Ток күші

Чек түсі

Жоғарғы қуаттылығы (сеть 220 В)

6А

Жасыл

1200 Ватт

10А

Қызыл

2000 Ватт

16А

Сұр

3200 Ватт

20А

Көк

4000 Ватт

26А

Сары

5200 Ватт

Ауыстырып қосқыш

Ауыстырып қосқыш (Переключатель; switch) - есепті шешу алгоритмдерінің баламалы тармақтарын тандауға автоматты түрде немесе программашы тапсырмасы бойынша қосылған, кейде іске қосылмаған қалпында алынған схема элементі:

Ауыстырып қосқыш түрлері:

Жарықты аяқпен ауыстырып қосқыш - жүргізушінің аяғының астында орналасқаан фарлардың жақын қашықтыққа және алыс кашықтықка арналған шамдарын ажыратып косқыш.

Іске қосу ауыстырып қосқышы - көлік құралының қозғалтқышын ісқае косуда біртіндеп аккумуляторға параллельді жалғауда ауыстырылып қосқыш.

Фазаларды ауыстырып қосқыш - көліктің рулдік бағанында орналасып, алыс және жақын қашықтыққа арналған шамын ауыстырып қосқыш құрал.

Жарықтың орталық ауыстырып қосқышы - габаритті жарық, кіші фара, фараның алыс қашықтықтағы жарығының және т.б. қоректендіру тізбектерін әр-түрлі үйлесімділікте қосатын көп позициялы ауыстырып қосқыш - әдетте үш позициялы болады.

Тізбектің ауыстырып қосқышы - бір жұлдыздан тізбекті екінші жұлдызшага «дерайер» типіндегі велосипедті беріліс қорабында ауыстыруға арналған құрылғы.