Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер Ж__Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297.98 Кб
Скачать

№ 13 Есеп жқж

Ауыр атлет И., 20 жаста, дәрігерлік тексеруде жүрегі жағынан өзгерістер байқалды. Жүрек қағысы жақсы көрінеді, кеудесін селкілдетеді. Мойнындағы ұйқы артериясының соғысы көрінеді. Жүрек шекаралары солға және төмен кеңейген. Жүрек ұшында бірінші тон әлсіреген. Қолқада екінші тонның әлсірегені анықталды. Бесінші нүктеде (төс шеміршегіне ІІІ қабырғаның бекіген жерінің сол жағында) ұзақ, үрмелі сипаттағы диастолалық шу естіледі. Пульсі минутына 90 рет, жоғары, тез толады. Артериялық қысым 120/50 мм с.б. Басқа ағзалардан өзгерістер байқалмады. Спортшының басқа шағымы жоқ. Ауыр атлетикамен 4 жыл айналысады. Ауру тарихынан балалық шағында құздамамен ауырғаны белгілі болды.

1

Науқаста жүрек қай ақауы дамыған? Жүректің осы ақауындағы гемодинамика өзгерістерінің схемасын жазыңыз

Жауап негізделіп дұрыс берілген

20 балл

Жауап дұрыс берілген, бірақ

негізделмеген

15балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

2

Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз

Толық жауап берілген

20 балл

Жартылай жауап берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

3

Ауыр атлетте қанайналымы жеткіліксіздігінің қай сатысы дамыды?

Барлық белгілердің патогенезі берілген

30 балл

75% белгілердің патогенезі берілген

25 балл

Патогенезін түсіндіргенде қателер бар, 1 сұраққа жауап берген

20 балл

Жауап жоқ

0 балл

4

Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған? Ф.З.Меерсон бойынша сатысын көрсетіңіз

Толық жауап берілген

20 балл

Жартылай жауап берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

5

Коммуникативті дағды

1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алады

2. Ескертулерді дұрыс түсінеді

3.Даулы сұрақтарды қызығушылықпен талқылайды

10 балл

1.Студент өз ойын жинақтайды, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды

2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді

8 балл

1. Студент өз ойын нашар жинақтайды.

2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

5 балл

1 Студент өз ойын нашар жинақтайды

2. жіберген қателерінің мағынасын түсінбейді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

0 балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]