Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер Ж__Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297.98 Кб
Скачать

№ 6 Есеп жқж

45 жастағы Т., есімді әйел, жастық шағында басынан кешірген құздама салдарынан дамыған жүректің біріккен ақауларымен ауырады. Көптеген жылдар бойы өзін жақсы сезінген. Осы жылы баспамен ауырған соң жағдайы күрт нашарлады. Науқасты ентік, жүрек қағысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қан түкіру, ісінулер мазалайды.

Қарап тексергенде: Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары көгерген. Соғып тексергенде жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Артериялық қысым 100/70 мм с.б. өкпеден ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, сипағанда ауырады. Аяқтарында айқын ісінулер. Қанда эритроцит - 6х1012/л., Нв 170 г/л. Лейкоцит - 5х109/л. ЭТЖ 20 мм/сағ. Жүректің соққылық көлемі азайған.

1

Науқаста қанайналымы жеткіліксіздігінің қандай көріністері бар?

Жауап негізделіп дұрыс берілген

20 балл

Жауап дұрыс берілген, бірақ

негізделмеген

15балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

2

Науқаста орналасуы мен патогенезіне қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

Толық жауап берілген

20 балл

Жартылай жауап берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

3

Баспамен ауырған соң науқас жағдайының нашарлауы неге байланысты?

Барлық белгілердің патогенезі берілген

30 балл

75% белгілердің патогенезі берілген

25 балл

Патогенезін түсіндіргенде қателер бар, 1 сұраққа жауап берген

20 балл

Жауап жоқ

0 балл

4

Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

Толық жауап берілген

20 балл

Жартылай жауап берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

5

Коммуникативті дағды

1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алады

2. Ескертулерді дұрыс түсінеді

3.Даулы сұрақтарды қызығушылықпен талқылайды

10 балл

1.Студент өз ойын жинақтайды, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды

2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді

8 балл

1. Студент өз ойын нашар жинақтайды.

2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

5 балл

1 Студент өз ойын нашар жинақтайды

2. жіберген қателерінің мағынасын түсінбейді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

0 балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]