Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер Ж__Ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297.98 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ МОДУЛІ

ЖҮРЕК- ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІ МБ

№ 1 Есеп

20 Сағатқа жалғасқан кеудені қысқан ауыру сезіміне шағымданған а есімді 50 жастағы ер адам., қарқынды емдеу бөліміне түсті.

Тексерген кезде: жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы. Сырыл анықталған жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 16 рет, жүректің тоны әлсіреген, біркелкі, ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.с.б.б. ЭКГ- бірінші тіркелімде ырғағы синусты, Q өркеші тереңдеген және ST кешені биіктеген, III тіркелімде керісінше. Қанда АСТ, КФК-МВ, тропониндер Т және І-нің белсенділігі бірден жоғарылаған. Лейкоциттер 12,0 х109/л. Тромбоциттер - 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% (қалыптыда 105 %-дейін).

1

Есептегі өзгерістер дерттің қай түрінің дамығандығын көрсетеді?

Жауап негізделіп дұрыс берілген

15 балл

Жауап дұрыс берілген, бірақ

негізделмеген

10балл

Жауапта қателіктер бар

5 балл

Жауап жоқ

0 балл

2

Дерттің бұл түрінде қанда АСТ, КФК-МВ, тропониндер Т және І-нің жоғарылау патогенезін түсіндіріңіз

Жауап толық берілген

20 балл

Жауап жартылай берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

3

Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған, протромбиндік индекстің жоғарылауы нені мәлімдейді?

Екі сұраққа да толық жауап берілген

30 балл

Екі сұраққа да жартылай жауап берілген

25 балл

Бір сұраққа жауап берілген

20 балл

Жауап жоқ

0 балл

4

Миокард реперфузиясының мүмкіндік салдарлары қандай?

толық жауап берілген

25 балл

жартылай жауап берілген

20 балл

Жауапта қателер бар

15 балл

Жауап жоқ

0 балл

5

Коммуникативті дағды

1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алады

2. Ескертулерді дұрыс түсінеді

3.Даулы сұрақтарды қызығушылықпен талқылайды

10 балл

1.Студент өз ойын жинақтайды, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды

2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді

8 балл

1. Студент өз ойын нашар жинақтайды.

2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

5 балл

1 Студент өз ойын нашар жинақтайды

2. жіберген қателерінің мағынасын түсінбейді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

0 балл

2 - есеп ЖҚЖ

Науқас В. 46 жастағы ер адам , 1,5 сағатқа жалғасқан төсінің артындағы қатты қысқан ауыру сезіміне шағымданып, интенсивті емдеу бөліміне жатқызылды. Анамнезінен: осының алдында бір апта бойы үздіксіз жұмыс атқарған, аз ұйықтаған, көбінесе шылым шеккен, шай және кофе ішкен. Осы ауруға дейін өзін сау адаммын деп есептеген. Спортпен шұғылданған.

Қарап тексерген кезде: жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт, акроцианоз. Өкпені тыңдағанда тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, тыныс қозғалысының жиілігі-минутына 28 рет, жүрек тоны әлсіреген, ырғағы бұзылған, АҚ 100/70 мм с.б.б. ЭКГ —да жиілігі 360 рет жүрекшенің үзілісті жыпылықтаушы аритмиясы байқалды, оң Гисс аяқшасынан серпіннің өтуі бөгелген, I, AVL, V1–V4–кеуде тіркелімдерінде ST кешені көтерілген. Қан анализінде : лейкоциттер - 9,2 х 109/л.

1

Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі қандай?

Жауап негізделіп дұрыс берілген

20 балл

Жауап дұрыс берілген, бірақ

негізделмеген

15балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

2

Жүректің қай дерті туралы ойлауға болады? Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды?

Жауап толық берілген

20 балл

Жауап жартылай берілген

15 балл

Жауапта қателер бар

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

3

Диагноз қою үшін қосымша қандай зерттеулер жүргізу қажет?

жауап толық негізделіп берілген

20 балл

жауап жартылай негізделіп берілген

15 балл

Жауап негізделмеген

10 балл

Жауап жоқ

0 балл

4

Байқалған белгілердің патогенезін түсіндіріңіз

Барлық белгілердің патогенезі берілген

30 балл

75% белгілердің патогенезі берілген

25 балл

Жауапта қателер бар

20 балл

Жауап жоқ

0 балл

5

Коммуникативті дағды

1. Студент өз ойын жинақтап емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алады

2. Ескертулерді дұрыс түсінеді

3.Даулы сұрақтарды қызығушылықпен талқылайды

10 балл

1.Студент өз ойын жинақтайды, емтихан қабылдаушыға дәлелді жеткізе алмайды

2.Айтылған ескертулерді дұрыс түсінеді

8 балл

1. Студент өз ойын нашар жинақтайды.

2. Айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

5 балл

1 Студент өз ойын нашар жинақтайды

2. жіберген қателерінің мағынасын түсінбейді, айтылған ескертулерді дұрыс түсінбейді.

3. Даулы сұрақтарды талқыламайды

0 балл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]