Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кур онд технологиясы 1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

7 Сурет. Түйінсіз ұстаулар:

а – консольді, б – клещті, в – фрикционды

Ұстау кезінде жергілікті немесе дистанционды расстроповка болуы мүмкін; соңғысы құрастырушыны өндірістік емес ауысулардан және расстоповка үшін көтерілуден босатады. Ұстаулар қолмен немесе механикалық жалғастырушымен жабдықтала алады.

Уақытша ұстау және бөлшектерді выверкасы үшін сыналарды, расчалкаларды, кондукторлар мен струпциналарды қолданады. Сыналар және расчалкалар көмегімен кішкентай бағаналарды (массасы 2т дейін және биіктігі 4 м дейін) құрастырады. Клиньяларды қатты ағаш жыныстарынан, бетоннан және болаттан өндіріледі. Оларды темірбетон конструкцияларының монтажынжа қолданылады. Металл конструкцияларының монтажын металл сынамалар көмегімен жүргізеді. Темірбетон конструкцияларында ағаш сыналарды қолдану жапсарларды жапқаннан кейін оларды қайтып шығаруда қиыншылық тудырады. Жапсарларда тек бетон немесе металл сыналарды қалдыруға болады, бірақ бұл тиімсіз. Мұндай жағдайдарда шығаруға жеңіл инвентарлы сыналы салымдарды қолданған жөн, оған қоса егер жапсарлар өлшемдері түрлі болса, бағаналар орнатуда қолдануға болады. Ені 400 мм дейінгі бағананың әр шегі бойынша бір салым орнатылады, бағана ені үлкен болған жағдайда – екі салым. Бетонның жапсарға 70% жобалық беріктігіне жеткен соң салымдарды алып тастайды. Сыналар орнына салымдарды қолдану кранның жұмыс уақытын шамамен 15% қысқатруға мүмкіндік береді.

Бағаналарды стақанға выверка мен уақытша бекіту үшін түрлі конструкциялы кондукторлар қолданылады. Бағаналарды іргетас стақанына және төмен жатқан бағанаға монтажы үшін кондукторлар бар. Жалғыз кондукторлар (8.15 сурет) бір уақытта бір бағананы монтаждауға, ал топық – бір уақытта бірнеше бағаналарды монтаждауға арналған. Кез-келген жағдайда кондуктор кондукторды іргетаста, төмен жатқан бағанға немесе аражабындарға бекітілетін қондырғылардан, құрастырылатын конструкцияның уақытша бекіту үшін қондырғысынан, бағаналарды ғимарат осі бойымен орын ауыстыруы үшін қондырғыларынан және егер кондукторлар көп қабатты болса қажет уақытта сатылармен байланысқан құрастырушыларды және дәнекерлеушілерді орналастыратын төсемдерден тұрады.

8 Сурет. Бағаналарды уақытша бекіту үшін жалғыз (а) және топтық (б) кондукторлар:

1 – қоршаумен жұмыс алағы, 2 – құрастырылатын бағана,

3 – құрастырылатын бағананы уақытша бекітуге арналған қондырғы,

4 – алдын-ала құрастырылған бағанада кондукторды бекітуге арналған қондырғы,

5 – аражабын, 6 – рама, 7 – горизонталь оське қатысты бағананы тасымалдауға арналған қондырғы

Арқалықтар мен фермаларды монтаждауға арналған кондукторлар бағана консольдеріне болттармен бекітілген металл струбцина түрінде болады. Арқалықтарды немесе фермаларды консольдерге орналастырғаннан кейін қажет болғанда оны кондуктор болттарын айналдыру көмегімен ысыруға болады.

Ірі панельді ғимараттар қабырға панельдерінің монтажы үшін струбциналарды металл құбырларда оның бір немесе екі шетіне бекітеді. Егер струбцина штанганың бір шетіне бекітілсе, онда мұндай бейімделуді тіреуішпен струбцина деп атайды. Струбцинаны онатылған панельге бекітеді, ал тіреуіштің екінші шетін аражабынға бекітеді. Тіреуіш муфтамен жабдықталған, оны айналдыру арқылы штанга-ұстағыштың ұзындығын өзгертуге болады және осының арқасында панельдің жоғарғы бөлігін вертикаль етіп ысыруға болады. Екі шетінен струбциналары бар штанга-ұстағышпен бір-біріне параллель орналастырылатын қабырға және бөлмеаралық панельдерін бекітеді. Орналасудың вертикальдығын тіктеуіш-рейкамен тексереді.