Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кур онд технологиясы 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Сур. 1. Кірпішті қалаудың элементтері:

а –кірпіш; б – қалау; тігістерді өндеу; в – бостігісті ; г – қиғандағы; д – сыртқа дөңесті; е – ойысты; ж – бұрышпен; з,   – үшбұрышты

Тігістегі ерітінді қабырғаның беттік бетіне жететін болса, онда қалауды қималы деп атайды. Мұндай тігістер арнайы құралдармен бөлінеді. Мұндай қалау “тігу асты” деп аталады.

Тасты қалауды қиюдың тәртібі

Тас қалауды өндіру кезінде тастардың орналасу тәртібіне аса мән беріледі, яғни сол арқылы имараттың беріктілігі мен тұрақтылығы байланысты. Тастар мен ерітінділер құймалы массив түрінде жұмыс істеу қажет, оған түскен күштерге кедергілік көрсете білу керек.

Тастардың орналасу тәртібін қалаудың қиылуы деп атайды. Қалауды қию тәртібі құймалы қалау мен имараттың күшті қабылдау қабілеттілігін қамтамасыз ету қажет.

Қиюдың негізгі үш тәртібі бар.

Бірінші тәртіпте қалаудағы түсіруші күшке тас қатарларын бір–біріне параллельді және перпендикулярлы етіп орналастыру керек. Тас төсеніштері төмендегіжатқан қатарға бар жазықтығы бойынша тірелінуі қажет. Қатарлар арасындағы көлденең тігіс толықтай ерітіндімен толтырылуы керек, себебі бөлек нүктелерден болатын қысым концентрациясынан аулақ болу үшін.

Қалаудағы жазық қатарларына бұрыштан күш берілгенде қозғалыстағы күштің болуы жоғарылайды да оның қирауын тудырады.

Егер қозғалыстағы күштің бағыты N (сур. 2) жазық төсенішке перпендикулярлы бұрышын тудырса, онда қалыпты күшті құрайтынан басқа қалауды қысқанда N1 = N сos, тасты көлденең бағытқа қозғалтуға ұмтылушы күштерде болады N2 = N sin. Жоғарғы тастың қозғалуын болдырмас үшін қозғалтушы күш N2 үйкеліс күшінен төмен болуы қажет P = fN Cos, (мұндағы f – үйкеліс коэффициенті). Бұл N sin fN cos білдіреді. Онда, теңдіктің екі жағында N cos бөлеміз, бұдан tg = f. Сондықтан f = tg, мұндағы - үйкеліс бұрышы, tg = tg және сәйкесінше = . Кірпіштің үйкеліс бұрышы ерітінді бойынша 30-35 град тең. Қажетті беріктілік қоры (тәртіп бойынша 2 тең), үйкеліс бұрыштың жартысынан бұрышы 15-17 град көп болмау қажет.

Сур. 2. Тасты қалауына иілу күштің әсер етуі

Екінші тәртіпте келесідей көрсетілгендерді болжайды: тастардың қалауда орналасуы олардың қалауға түсетін күшінің әсерінен қозғалмауын қарастырады. Ол үшін тастың бүйір қабырғалары келесі жалғасылған тастың бүйір қабырғаларымен перпендикулярлы төселімді болуы қажет. Сонымен бірге тігіс ені қалаудың сыртқы бетіне перпендикулярлы, ал бойлық тігісі – оған параллель болуы керек. Егер де олар дұрыс орналаспаса, онда тасқа түсетін күштердің әсерінен көршілес қаланған тас жылжып кетуі мүмкін.

Үшінші тәртіпте көршілес қалау қатарларының көлденең және тік бойлық тігістерінің өзара орналасуын анықтайды. Монолитті тас қалауды құру үшін жоғарыда орналасқан қатардағы тастарды төменгі қатарға тасаралық бойлық және ендік тігістерін тік бағытта жауып тұратындай орналастыру қажет. Мұндай тігістердің байланысы бөлек орналасқан бағаналардың болмауын қарастырады (сур. 3). Мұндай қалау жүйесінде әсер етілетін күштер N барлық қалауға түсіріледі де оның қабаттанып бөліну қауіптілігін жояды.

Бөлудің барлық тәртіптерін орындап жасалынған қалау беріктілігі тас пен ерітіндінің беріктілігіне, байланысу жүйесіне, сонымен бірге тігістің қалыңдығы мен тығыздығына да байланысты.