Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кур онд технологиясы 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Тақырып: «Тас қалау технологиясы»

Сұрақтар

1.Тас қалаудың міндеті және түрлері

2. Тас қалаудың жіктестіру ережелері

3.Қалауға арналған құрал-жабдықтар жинағы

Тасты құрылымдарды табиғи және жасанды тастардан, оларды құрылыс ерітіндісіне нақты тәртіпті сақтай отырып төсеп, дайындайды. Табиғи тастар сынған, кесекті тас, жонылған кесек тас, тақтатас, әктастан алынған шақпақталған тас, пемза, туф, ракушка түрінде қолданылады. Жасандыларға – сазды кірпіш: (керамикалық): толықденелі, босденелі, кеуекті, кеуекті-босденелі, өндеулі; силикатты кірпіш; керамикалық блоктар, жеңілбетонды блоктар жатады.

Қандай болмасын дұрыс формалы тас алты жазықты болады, оның ішіндегі плашмя атты тасты қалау кезінде оны төсеніш деп, ұзын бүйірлі грандарын– қасықтар деп, ал қысқасын – қазықтар деп атайды.

Қалау ерітінділері бір-бірінен байланыстырғыштарды, толтырғыштарды қолдануына қарай, оның беріктілігіне қарай ерекшелінеді.

Байланыстырғыштарды қалауға қолдануына қарай ерітінділер жай (цементті немесе әкті), қиын (цементті-әкті, цементті-сазды), ал толтырғыштарға байланысты– жылы (жеңіл толтырғыштарда) немесе суық (ауыр толтырғыштарда) болып бөлінеді. Ерітіндінің беріктілігі бойынша мынадай маркаларға ажыратылады: 4, 10, 25, 50, 75, 100, 150 және 200.

Тасты қалау ерітінділері тек берікті ғана емес, сонымен қатар жеткілікті технологиялы болу керек, олар жұқа біркелкілі қабатты етіп қалауды қаматамсыз етуі тиіс. Ол үшін жеткілікті ыңғайлытөселімдлікті болу қажет, яғни ерітіндіге плстификаторларды қосу барысында оның сол қасиеті жоғарылайды. Пластификатор ретінде жіңішкедисперсті минералдық қоспалар (әк, саз, активті минералды қоспалар) немесе органикалық беттік-активті заттар, оның қатарында суперпластификаторлар да бар.

Пластификаторлардан басқа қалау ерітінділеріне басқа да қоспалар оның қасиетін модификациялау үшін қосылады. Мысалы, қатаю температурасын төмендету үшін арнайы аязғақарсы қоспалар қосылады, ал қатаюды жылдамдату үшін ерітіндіге қатаюды тездететін қоспалар қосылады.

Қалау ерітіндінің сапасының үлкен мәнділігі толтырғыштардың гранулометриялық құрамымен байланысты. Құм түйірінің ірілігі 5 мм артық болмау тиіс.

Тасты құрылымдарды салуда сонымен бірге болатты шеген мен аражабындарды бекіту детальдары қолданылады.

Қалау ерітіндісінің тағайындалуы: тастарды біріктіру, күштерді бөлу, қалаудың тығыздығын қамтамасыз ету.

Тас қалауының элементтері

Тасты қалау қатар арқылы орындалады. Ұзын жақты қабырғаның тас қалауында қасықты қатар , ал қысқа қалауда– қазықты қатар пайда болады. Барлық сыртқы екі жақты қалау қатарлары верста деп аталады. Версталар, олар сыртқы қатарлы болса сыртқы, ал егер қалау қатары ғимараттың ішінде болса, ішкі деп бөлінеді. Версталар сәйкесінше қасықты және қазықты болады. Версталар арасында орналасқан ішкі қалау қатарларын толтырылған қатар немесе жай ғана толтыру деп атайды.

Қалаудағы бөлек тастар арасындағы саңылауларда тігіс пайда болады. Олар қалауда орналасуына байланысты көлденең және тік болып бөлінеді. Тігістер бөлек кірпіштер арасында ерітіндімен толтырылуы керек. Тігіс ерітінді қалыңдығы – 10 мм.

Егер тігістегі ерітінді беттік бетіне 10-15 мм жетпей қалса, онда қалауды “бостігісті ” деп атайды. Оны қабырғаны сылап қалауда қолданады.