Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кур онд технологиясы 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Тақырып: «Жинақтау жұмыстары»

Сұрақтар

1.Жинақтау процесінің құрамы және құрылымы

2.Құрылыс конструкцияларын жинақтау технологиясы

3. Құрылыс конструкцияларын тасымалдау, қоймалау және қабылдау

Тұрғын үй құрылысында құрастырмалы темірбетон және жеңілбетон құрылымдарынан салынған үйлер көптеп кездеседі. Тұрғын ғимараттарда екі конструктивті сұлба жиі қолданылады: қаңқалы-панельді және панельді. Қаңқалы-панельді сұлба жұмыс жасап тұрған жүктемелердің қаңқаға берілуін қарастырады, осылайша ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді. Қаңқасыз панельді сұлбада жүктемелер панельдер жүйесіне түседі (көлденең қабырғалар мен аражабындар). Ғимараттың көлденең модулі екі қатарлы тілігі бар жеңіл бетоннан жасалған бойлық күш көтеретін қабырғалармен салынады. Аражабын – көп кеуекті темірбетонды плита. Көп қабатты үйлерді қаңқалы етіп салған дұрыс болады.

Тұрғын үйлер, әрине, тек темірбетон құрылымдарынан жасалған құрастырмалы болып қана келмейді. Сонымен қатар кірпішті үйлер де кқптеп салынуда, алайда мұнда да құрастырмалы құрылымдар салу қажеттігі туындайды – маңдайша арқалығы, аражабындар, баспалдақ алаңдары, лифт шахталары, санитарлы-техникалық кабиналардың көлемдік блоктары, желдеткіш блоктары мен шахталары, темірбетонды карниздар мен балкондар, құрастырмалы бөлгіш қабырғалар, т.с.с.

Еліміздің кейбір территориялы аймақтарында, әсіресе орманды аудандарда ең жиі қолданылатын құрылыс материалы ағаш болып қала береді. Бірақ мұнда дәстүрлі ағаштан жасалған конструкциялармен (қабырғалар – бөрене немесе қырлы кеспелек ағаштар, аражабындар – вянды арқалықтар бойынша ағаштылар) қатар индустриалды конструкциялар – қаңқалы-қалқанды үйлер жиі қлданылады, және оларға сәйкесті олардың индустриалды құрастыру тәсілдері алынады – үлкейтілген дайын элементтердің монтажы

Ғимарат ұқсас конструктивті сұлбалары және ұқсас құрылыс материалдарының жиыны социалды-тұрмыстық және мәдениетті тағайындалған ғимараттар құрылысында кеңінен қолданылады.

Өндірістік құрылыста материалдар мен конструкциялардың қатынасы кішкене өзгерек. Қазіргі заманғы өндірістік құрылыста ұстап тұрушы және қоршау конструкцияларында ағаш (ауыл-шаруышылық құрылысынан басқа, соның өзінде кішкене мөлшерде ғана) мүмлдем қолданылмайды. Көбіне кірпіш қолданысының көлемі аз, әсіресе негізгі өндірістік цехтар конструкцияларында. Алайда, басқа жағынан, өндірістік ғимараттар құрылысы кезінде металл конструкцияларының қолдану көлемі көп, әсіресе көпаралықты ғимараттардың жабындарында немесе аражабындарында, ал қазіргі кезде негізгі материал – бұл құрастырмалы темірбетон. Көптеген экономисттердің есептеуі бойынша, бұл экономикалық жағынан тиімді емес.

Көпқабатты өндірістік ғимараттардың негізгі конструктивті сұлбасы болып қаңқалы азаматтық ғимараттарға ұқсас конструкциялар жиыны бар қаңқа болып есептеледі. Бірқабатты өндірістік ғимараттар унификацияланған қаңқалар енгізінде салынады. Мұндай қаңқалардың негізгі элементтері – бағаналар, кранасты арқалықтар егер цех көпірлі крандармен жабдықталса), итарқаасты және итарқалы конструкциялар, жабын тақталары, өзін-өзі ұстаушы немес ілмелі қабырға панельдері, горизонтальды және вертикальды байланыстар.

Монтаж кезінде барлық құрастырмалы конструкциялар көтерілуі, орын ауыстыруы, ұсталуы керек. Бұл үшін олар жүккөтеруші механизмнің орынауыстырушы бөлігіне түйінделуі қажет. Сондықтан құрылыс конструкциялардың көбіне жалпы сапа тиісті – көтеру кезінде бұйымды ұстау үшін арнайы орнының болуы. Бұйымдардың көптеген түрлерінде мұндай жерлерде монтажды ілмектер орналасқан.Бірақ ілмектердің болуы әр уақытта ыңғайлы емес және жіберілмейді. Мысалы, бағаналар, аражабындар. Бұл кезде оларды не жасырып (арнайы ойықтарда орналастырып), не ойыстармен, штырьлармен ауыстыруға, не фрикционды немесе вакуумды ұстауыштарды қолдануға болады.

Ағаш панельдерінің немесе металлдан жасалған конструкциялардың асу сұрақтары жеңіл шешіледі. Осы және басқа да арнайы монтажды ілмектерді әдетте жасамайды. Бұл конструкцияларды жай ғана универсалды немесе жеңілдетілген асулар көмегімен байлап қояды. Асуды монтаждау процессі кезінде конструкцияның зақымдалуына немесе бұзылуына алып келу қаупін тудыратын элементтерінің керілуін болмайтын түйіндерінде орналастырылады.

Құрастырылатын конструкциялардың жапсар конструциялары.

Бөлек элементтерден ғимарат конструкцияларын құрастыру кезінде олардың байланысқан жерлерінде жапсар пайда болады.Бір жапсарлар бөлшектер байланысуының беріктігін, басқалары – герметикалығын қамтамасыз етеді.

Унификацияланған қаңқалы жүйелерде қолданылатын, беріктігін қамтамасыз ететін жапсарлардың конструкциялары әртүрләләгәмен айрықшаланады. Орындалуы бойынша жапсарлардың келесі негізгі түрлерін ажыратуға болады: