Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6. Дәріс кур онд технологиясы 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

4 Сур. Тікбұрышты тоннелді бетондауға арналған домалағыш қалып (кескін):

1 – жақтық қалқалар; 2 – домкраты бар орталық тіреуіш; 3 – продолговатое ойыс;

4 – горизонтальды қалқалар; 5 – арба; 6 – рамаларды байланыстыратын бұрыш; 7 – каткалар; 8 – сыртқы қалыптың рамасы; 9 – накладка; 10- нұсқаушы тақтай

Сырғанайтын қалып қозғала алады, оны бетондауда үзіліссіз жоғары көтереді және тұрақты, соңғы кездері ауыспалы қималы монолитті вертикаль қабырғалары бар биік темірбетон имараттарын тұрғыу кезінде қолданады.

Мұндай қалыпты қолдану қабырғаларында ойықтар мүлдем жоқ немесе кішкене мөлшерде ғана (силостар, түтін құбырлары, градирнялар, биік ғимараттардың қаттылық ядролары, резервуарлар, радио және теле мұнаралар) имараттарды тұрғызу кезінде аса тиімді болады. Қалып өзгермейтін конструкцияның екі бірдей биіктікті ішкі және сыртқы қалқаларынан тұрады.

Қалып арнайы букстар көмегімен домкратты біліктерге тірелетін, кеуекті бұрандалары бар домкрат көменгімен орнын ауыстырады. Домкратты біліктер көмекші шеген ретінде бетонда қалдыдыруы мүмкін, осыған арнайы арналған құбыр көмегімен шығарылуы мүмкін, қалыптан бөлек орналасуы мүмкін. Домкратты біліктердің арақашықтығы 1,2-2,0 м болады. Қалыптың жоғарыға қозғалуына байланысты бетондау минутына 1-4 см жылдамдықпен, немесе қалып қалақтарының циклдік көтерілуімен қабаттап 70-80 см орындалуы мүмкін.

Құрылыста рационалды бағыт монолитті темірбетон мен құрамалы констркцияларды үйлестіру болып табылады. Әдетте тиімді болып құрамалы және монолитті қоршауыш конструкцияларды, қабырғалар, цокольдер, іргетастар және тағы да басқа конструкциялық элементтерді комбинирлеп қолдану болады.

Шешілмейтін қалып монолитті бетонды жатқызғаннан кейін және одан кейінгі процесстерді аяқтағаннан кейін бетондалған конструкцияның денесінде қалып, онымен бірге жұмыс істейді. Қалып имараттың тек формасы мен сәулеттік көркемділігін ғана түзбейді, сонымен қатар беткі бөлігін атмосфералық әсерлерден қорғайды, конструкцияның беріктік мінездемесін арттырады, бетонның қатаю режимін жақсартады. Қалыптың ішкі бетіндегі шегеннің шығып тұруы және түзу емес, кедір-бұдырлылығы оның жатқызылатын монолитті бетонмен жақсы байланысуына көмектеседі. Шешілмейтін қалыпты қолдану жұмыс өнімділігінің артуына көмек береді.

Функционалдық тағайындалуына байланысты қалыпты пішімтүзуші конструкция ретінде, қалып-қаптама және қалып-изоляция ретінде, әдетте осы функциялардың барлығын бірге немесе оның кейбір бөліктерін қолданады. Кез-келген жағдайда бұл элементтер тұрғызылатын конструкцияның сыртқы беті болып табылады, сондықтан да олардың түрлі фактурасы да, зауыттық талаптарда жағылатын түрлі тақтайшалармен және басқа материалдармен өңделе алады.

Қалыптың зауыттық немес полигонды өндірілуі, оның өлшемдері, пішіні, конфигурациясы жобаның талабына байланысты түрлі болуы мүмкін.

Шешілмейтін қалыптың материалы ретінде профирилденген болат төсемді, керамикалық және әйнек жақтар, тіпті металл торларды да қолдануға болады. Сонымен бірге қалыпты темірбетоннан, бетоннан, шегенді цементтен, әйнекцементтен, фиброцементтен жасалатын қалыпты жазық, қабырғалы және табақшатәріздес профильді тақташалардан жасауға болады.

Дәріс 8.