- •«Бетон технологиясы»
- •Дәріс тезистері
- •Тақырып: «Толтырғыштардың негізгі қасиеттері және оларды зерттеу әдістері.»
- •2.Толтырғыш түйіршіктерінің кеуектілігі.
- •3Толтырғыштың ылғалдылығы және су сіңіргіштігі.
- •Тақырып: «Толтырғыштардың құрылымы, суға және аязға беріктігі және оларды зерттеу әдістері»
- •1.Толтырғыштың құрылымы
- •2.Толтырғыштың беріктігі.
- •3.Толтырғыштрдың суға және аязға төімділігі (беріктігі).
- •1.Бетон араласының құрамы.
- •4.1 Сур. Араласпа қаттылығының уақ және ірі толтырғыштардың көлемдік құрамынан болатын әсері.
- •2.Бетон араласпаны дайындау.
- •Араластырудың қарқындылығы және ұзақтығы.
- •3.Бетон араласпаны тасымалдау.
- •4.Бетонның қатаюы.
- •Бақылау сұрақтары.
- •Тақырып: «Бетон қасиеттеріне толтырғыштардың әсері.»
- •1.Бетонның беріктігі
- •2. Бетонды толтырғышпен «шегендеу».
- •3.Толтырғыштардың беріктігі.
- •Тақырып: «Табиғи тығыз тас жыныстардан болатын толтырғыштар»
- •Қоспалардың болуы.
- •Ылғалдылық
- •2.1 Түйіршіктік құрамы.
- •2.2 Қоспалардың болуы.
- •Тақырып: «Табиғи құмдарды өндіру»
- •1. Табиғи құмдарды өндіру
- •Тақырып: «Гравийды өндіру және фракциялау»
- •Техникалық талаптар
- •Қиыршықтас
- •Техникалық талаптар
- •Жалпы принциптер және мағлұматтар.
- •Тақырып: «Табиғи кеуекті толтырғыштар.»
- •Тақырып: «Жасанды кеуекті толтырғыштар»
- •Жасанды кеуекті толтырғыштар
- •Тақырып: «Аглопорит, қозынды пемза және шунгизиттың өндірісі.»
- •Аглопорит
2.Бетон араласпаны дайындау.
Технологияның бұл кезеннің міндеті бетон құрамаларын дәл дозалауда және оларды біртекті бетон араласын алу үшін жақсы араластыру.
Толтырғыштардың қасиеттеріне қарай олардың дозалау әдісі таңдалады. Мысалы, егер тығыз тау жанастарынан алынатын толтырғыштар қолданса, онда дозалау көлем бойынша емес масса бойынша жұргізілген дұрыс. Мұндай жыныстардың тығыздығы, ережедегідей тұрақты болғандықтан дозалау кезінде масса бойынша бетонның әрбір метрдің кубында толтырғыш тұрақты көлемді алып отырады.
Кеуекті толтырғыштарды қолданған кезде басқаша болады. Оның (керамзитті гравий) түйіршіктерінің көбіктену коэффициенттері әр түрлі болу мүмкін. Бұл кезде толтырғыштарды көлем бойынша дозалау дұрыс.
Тығыздық бойынша әр түрлі болатын кеуекті толтырғыштарды дозалау үшін темірбетонды ғылыми зерттеу институтында арнайы дозаторлар жасалынған. Олар толтырғыштарды көлем бойынша дозалап бір уақытта оны өлшеп тұрады. Торлытрғыштың берілген үлгісінің өлшенген салмағына қарай оның басқа фракциялар шығындарын (құм) дұрыстауға мүмкіндік береді яғни бетон араласпаның құрамы.
Толтырғыштардың қасиеттерін араласыру әдісін анықтау кезінде де есепке алған жөн. Гравийтациялық бетон араластырғыштарда бетон араласпаның құрастырушыларын ауырлық күшінің әсерімен айналып тұратын барабанда бірнеше рет еркін құлауымен араластырады. Бұл араластыру әдісі ірі толтырғыш цементтік қамырдан немес бетон араласпаның ерітінісінен ауырлау болғанда қолдану мүмкін. Егер толтырғыш жеңіл болып бетіне шығып тұрса, онда мәжбүрлеу әрекеті бар бетон араластырғыштарды немесе ерітінді араластырғыштарды қолданған дұрыс.
Әдеттегі ауыр бетонды араласпаларын араластыру үшін ертінді араластырғыштарын қолданбайды, яғни жоғары берікті гравий немесе щебеньнің түйіршіктері қалақ пен корпустың арасына түсіп бұзушылықтарды тудыру мүмкін. Төменірек берікті кеуекті толтырғыштарды қолданғанда бұл қауіп емес.
Бетон араласпаны араластыру кезінде төмен беріктікті толтырғыш түйіршіктерінің уатылып қалу мәселесін қарастырайық. Кеуекті толтырғыштардың уақ фракциялардың жетіспеушілігі болған кезде мұндай жағдай болуы мүмкін деген пікір қалыптасқан кейде бетон араласпаны дайындау процесінде толтырғыштарды жартылдай уатып сындыратын араластырғыштарды қолданады. Бірақ кейбір нақты жағдайларда мұндай технологияны қолдану дұрыс болу мүмкін, сонымен бірге бетон араласпаны араластыру кезінде толтырғыштардың түйіршік құрамының өзгеруін болдырмау қажет, яғни бұл процесті толық бақылау мүмкін емес және осындай әдіспен алынған бетон араласпалары біркелкі емес болып табылады. Ірі кеуекті бетонды дайындау кезінде толтырғышты ұсақтауға болмайды.Тығыз жоғары берікті толтырғыштарды қолданған кезде бетон араласын қолданған кезде мәжбүрлі әрекеті бар немесе гравитациялық араластырғышта дайындауға болады,ал кеуекті толтырғыштарды қолданған кезде тек қана гравитациялық араластырғыштарда.
Араластырудың қарқындылығы және ұзақтығы.
Біркелкілікті бетон араласпаларды алу толтырғыштардың ірілігіне, түйіршіктердің пішініне, олардың сыртқы беттерінің бүдіріне тәуелді болады. Бетон араласпаны араластыру негізінде толтырғыш түйіршік беттерін толық цементтік қамырымен бір қалыпты етіп жаю керек. Неғұрлым түйіршіктердің бетінің қосында ауданы жоғары болады, соғұрлым араластыру процесі ұзарады.
