- •Үлгілік оқу бағдарламасы анатомия
- •1 Түсіндірме жазба
- •3. Пәннік оку бағдарламасының құрылымы мен мазмұны
- •3.1. Пәннін негізгі мазмұны
- •2 Бөлім. Остеология. Артрология
- •4.Бөлім. Асқорту жүйесі:
- •5 Бөлім. Тыныс алу жүйесі
- •9 Бөлім. Нерв жүйесі
- •10 Бөлім. Эндокриндік жүйе.
- •11 Бөлім. Сезім мүшелері
- •4 Ұйымның жағдайы мен білім беру үрдісін іске асыруға қойылатын
- •5 Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
- •6 Әдебиеттер және оқыту құралдары Негізгі әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі Техникалық және кәсіптік білім
Үлгілік оқу бағдарламасы анатомия
Мамандығы: 0301000 - «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 - «Фельдшер»
Біліктілігі: 0301023 - «Акушер»
Сағат көлемі -162
Мамандығы: 0302000 - «Мейірбике ісі» Біліктілігі: 0302033 - «Жалпы практика мейірбике» Біліктілігі: 0302033 - «Мамандандырылған мейірбике» Сағат көлемі -180
Мамандығы: 0305000 - «Лабораториялық диагностика» Біліктілігі: 0305013 - «Медициналық лаборант» Сағат көлемі - 90
Мамандығы: 0303000 - «Гигиена және эпидемиология» Біліктілігі: 0303013 - «Гигиенист-эпидемиолог» Сағат көлемі - 90
Мамандығы: 0304000 – «Стоматология»
Біліктілгі: 0304013 – «Дантист»
Сағат көлемі – 162
Астана 2010
Авторлар:
Мартинен А.М. - Алматы қаласы «Орта медициналық жэне фармацевтік қызметкердерді даярлау жэне қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледжі» МҚКМ оқыіушысы.
Мустафина С.Г. - Алматы қаласы «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау жэне қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледжі» МҚКМ оқьпушысы г. Алматы.
Сарапшылар:
Сулейменова Ф.М. - «Астана медициналық университеті» АҚ ОПХ мен адам анатомиясы кафедрасының доценті, м.ғ.к.
Кузенбаева А.О. - Алматы қ. «Медициналық колледж» МҚКМ анатомия пәнінің оқьпушысы, м.ғ.к.
ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН Алматы қаласы «Орта медициналық және фармацевтік қызметкерлерді даярлау жэне қайта даярлау жөніндегі Республикалық колледж» МҚКМ.
Алғаш рет ЕНГІЗІЛГЕН.
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 0301000 - «Емдеу ісі» мамандығы 0301013
«Фельдшер», 0302023 - «Акушер» біліктілігі, 0305000 - «Лабораториялық диа- гностика» мамандығы 0305013 - «Медициналық лаборант» біліктілігі, 0302000
«Мейірбике ісі» мамандығы 0302033 - «Жалпы практика мейірбикесі», 0302043 - «Мамандандырылған мейірбике» біліктілігі, 0303000 - «Гигиена жэне эпидемиоло- гия» мамандығы 0303013 - «Гигиенист-эпидемиолог» білікгілігі, 0304000 - «Сгомато- логия» мамандығы 0304013 - «Дантист» біліктілігі бойынша бойынша 2010 жьшдың мемілекетгік жалпыға міндетгі білім беру стандартына сәйкес әзірленген.
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Қазақстан Республикасы денсаулық сақгау министрінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген.
МАЗМҰНЫ
АНАТОМИЯ 1
Бұл үлгілік оку бағдарламасын Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге жэне таратуға болмайды.
1 Түсіндірме жазба
Адам анатомиясы-адам денесінің құрылысы мен түлмысын және оның жастық, жыныстық, жекелеген ерекшелігіне байланысты дамуын зерттейтін ғылым. Анатомия тәжірибелік дәрігер, фельдшер мамандықтарына өте қажет болып саналатын қосымша клиникалық пәндердің медициналық білімінің негізі болып саналады. Анатомия пәнінің негізгі максаты-адам денесінің, мүшелер мен жүйелердің құрылысын, ағзаның жекелеген бөліктерінің бір-бірімен өзара байланысын және тәуелділілігін ашу. Анатомия- адам денесінің. мүшелер мен тіндердің қүрылысын химия, физика, био- логия жэне казіргі заманғы медицинаның жетістіктерін қолдана отырып оқытады. Анатомия-философия мен оногенездің жалпы ағымын, мүшелердің анатомиялық- топографиялық өзара орналасуын, өзгергіштігін, адам денесінің қүрылысының өзгеруіне қоршаған ортаның, әлеуметтік ықпалдардың және спортпен айналысудың әсерін оқиды. Оқу барысында ағзаның жастық. жыныстық және жеке ерекшелігін қарастыру қажет. «Емдеу ісі» мамандығы. Адам анатомиясын оқьпу барысында, адамның өмір сүру жағдайы мен жүмысы ескеріледі, өйткені пәнді оқыту мақсатында адам эволюиясының заңдылыгы, қоршаған ортаның белгілі бір әсерінің нэтижесінде оның өзгергіштігі қарастырылады. Адам денесінің, ағзасының қүрылысын оның өмір сүру ортасымен бірге қарау жеке адам анатомиясын оның өмір сүру жэне еңбек дағдысымен бірге қарастыруға мүмкіндік береді, өйткені бүл мамандықтың маман- дары жекелеген адамдарға тікелей медициналык көмек көрсетеді. «Мейірбике ісі» мамандығы. Орта білімді медицина маманын дайындауда фун- даменталды, кәсіптік білм беру маманның медицинаны дэрістік жэне практикалық түрғыда терең түсінуін қамтамасыз етеді.Осы заманғы мейірбике тек анатомияның теоиялық жағын ғана емес, клиника жағдайында да бағыт ала алатын, аурудың ал- дын алу шараларымен таныс, адам денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды іске асыратын маман. Анапгомия пәнін оқу барысында әр-түрлі аурулардың клиникалық көріністерін терең, ғылыми тұрғыда оқи отырьш, ауруларды күтудің жолдарымен танысу осы заманға сай мейірбикенің ісі. «Лабораториялық диагностика», «Гигиена және эпидемиология» мамандығы. Бұл мамандықтың мамандарының іс-әрекеті аурудың алдын алу, денсаулықты сақгау және қорғау, салауатты өмір салтын ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Анатомияны оқу нәтижесінде ағзаның, мүшелер мен жүйелердің құрылысымен танысады. Анатомия пэнін оку барысында алған білімі физиология, патологиялық анатомия жэне физиология, микробиология, биохимия піндерін толық меңгеру үшін қажет. «Стоматология» мамандығы. Анатомия пәнін оқу барысында адам ағзасының қүрылысын оқу бас жэне мойында орналасқан мүшелерді тереңдетіп оқумен қабаттасады, нәтижесінде хирургиялық стоматология, бас-бет хирургиясы сияқты клиникалық пәндерді оқуға негіз қалайды. Дәріс жіне тәжірибе сабақтарының тақырыптарын таңдауда олардың болашақ мамандығы мен мамандарды дайындау- дың бағыты ескеріледі. Білім берудің сапасын көтеру мақсатында көрнекілік құрал-жабдықтармен: ке- сте, муляж, макро-, микро- препараттармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі тиіс. Инновациялық технологияны қолдану. Оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақгалар.Көрнекі құралдар пәнді игеру деңгейін жоғарылатып, дэрістік, тәжірибелік дайындықтың сапасын көтеріп, медицинаны оқьпудың алғашқы кезеңінде болашақ мамандығына қызығушылық тудырады.
Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері |
Типтік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер |
БК-1. Адам қаңқасының бөлімдерін, сүйектер, буындар жэне бұлшықеттерді анықтау; БК-2. Адам денесіндегі ішкі мүшелердің орналасуы мен қүрылысын анықтау; ПК-1. Адам денесінің негізгі жазықгықгары мен остерін анықтауды, адам денесінің құрылысын түспалдауды жэне негізгі тамырлар мен жүйкелердін орналасуын білу керек; ПК-1. Бас жэне мойын мүшерерінің қүрылысын анықтап, дэелдеп білу. ПК-2. Пародонтоздың биомеханика- сын білу, тіс ауруларының динми- касын болжай білу, ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алу шарала- рын жүргізе білу. |
Пәнді оқып білудің нәтижесінде білім алу- шы: Біледі: - қимыл-қозғалыс аппаратының жалпы анатомиясын; - адам қанқасының бөліктерін, бөлек сүйектер жэне олардың бірігуін; - бұлшық еттердің құрылыс ерекшелектері мен қызметтерін; - ас қорыту мүшелері, тыныс алу, жүрек- қан тамырлар жүйесі, жүйке жэне жыныс жүйесінің, сезім мүшелерінің орналасуы мен қүрылысын; -халықаралық анатомиялық номенклатурасын латын тілінде білу. Істей біледі: - бас қанқасының, түлға сүйектерінің, қол мен аяқ сүйекгерінің ерекшеліктерін анықтауды; - бас пен мойын, түлға, қол мен аяқ бүлшық етгерінің топтарын ажырата білуді; - адам денесіндегі ішкі мүшелердін орнала- суы мен ерекшеліктерін анықгай алады; -адам денесінін қүрылысын тұспалдауды және негізгі тамырлар мен жүйкелердін орналасуын біледі. |
