- •8 Лекция. Маркетингтік ақпараттар жүйесін (маж) құру мен жұмыс жасауына методикалық әдістеме.
- •8.1. Маж сыныптамасы
- •8.2. Маркетингтік ақпаратты сараптаудың жүйесі
- •1 Сурет. Маркетингтік ақпаратты сараптаудың жүйесі
- •8.3. Деректерді өңдеу құрылғылары
- •8.5. МаЖды пайдалану формалары
- •8.6. Ақпараттық жүйелерді пайдалану мен енгізудегі проблемалар мен кедергілер
8.2. Маркетингтік ақпаратты сараптаудың жүйесі
МАЖдың негізгі тапсырмасы болып маркетингтің объектісінің жағдайы туралы, сондай-ақ маркетингтік ортада жүріп жатырған процесстер туралы бар ақпаратты менеджерге маркетингтің объектісінің жағдайын бағалауға, жағдайдың дамуын бағалауға, оны моделеп өзгертуге керекті формаға түрлендіру болып табылады. Кез келген маркентигтік ақпаратты сараптау жүйесінің негізін статистикалық банк пен моделдер банкі құрайды. Маркетингтік ақпаратты сараптаудың жүйесін 1 суретте көрсетілгендей схема түрінде көрсетуге болады.
1 Сурет. Маркетингтік ақпаратты сараптаудың жүйесі
8.3. Деректерді өңдеу құрылғылары
Маркетингті ақпараттар жүйесінің соңғы әрі маңызды компоненті деректерді өңдеу құрылғылары болып табылады. Олардың құрамына бағдарламалық құрылғылар, эксперттік жүйелер, және шешім қабылдау құрылғылары, сондай-ақ маркетинг саласындағы шешім қабылдау процесін стандарттауға мүмкіндік беретін әртүрлі біріктірілген басқару жүйелері кіреді.
Бағдарламалық құрылғылар арасында атап өтілгендей құжаттар мен электронды таблицаларды өңдейтін бағдарламалар қолданылады. Олардың ішінен дамығаны деректер базасын басқару жүйесі болды. Бұл құрылғылар алгоритм көмегімен өңделетін қарапайым және бірмәнді мәліметтермен жұмыс жасауға мүмкіндің береді. Олар үнемі қолданылатын есептер мен кейбір қарапайым топтық операцияларды орындауға да қолданылады. Бұл құрылғылар жеке маркетингтік функциялар мен жергілікті тапсырмаларды іске асыруға да қолданылады.
Маркетингтік кәсіптің тиімділігін көтеретін негізгі фактор болып оның бір жалпы ұйымдық басқару механизміне біріктірілу мүмкінділігі болып табылады. Шетелдік қолданыста формальды, дәстүрлі маркетинг бөлімдерінің азаю үрдісі байқалады. Маркетинг маркетингтің қызметтен шығып барлық ұйым бойынша таралады.
8.4.МАЖ енгізудің тиімділігі
Қағида бойынша, ұйымдар ақпараттық жүйелерді енгізудің қажеттілігін әртүрлі жолмен түсінеді. Ондай қажеттілік қандайда бір проблеманы шешу кезінде, өнеркәсіптің кәсібін қайта құру кезінде, және де қарсыластарын сараптау кезінде кезінде байқалуы мүмкін. Кез келген жағдайда жүйе енгізілгенде шешілуі тиіс нақты мақсат пен тапсырма болуы қажет. Жүйені енгізгенге дейін күтілетін пайданы көрсету өте маңызды болып табылады. Себебі енгізілгеннен кейінгі нәтижелермен салыстырылады. Осындай әдіспен ақпараттық жүйелерді енгізудің шешімі туралы дәлелдеме жүргізіледі.
Нақты ақпараттық жүйені құруға байланысты шығынды есептеу салыстырмалы түрде оңай және түзу. Әдетте оларды жүйені қолданудың техникалық сарапау кезінде өлшейді. Ақпараттық жүйелерді енгізу кезіндегі кедергілерге немесе ұйымның қарама қайшылықтарына байланысты жанама шығындарды есептеу мүмкін емес. Бірақ, салыстырмалы түрде күтілетін шығыстардан күтілетін табысты есептеу әлдеқайда қиын.
Ұйым менеджерлері әдетте жасалынатын ақпараттық жүйенің негізгі функцияларын дәл анықтай алмайды. Яғни осындай жүйенің компанияға қондыру мен пайдаланудың қанша қаржы құрайтынын, сондай ақ ең бастысы бұл жүйенің компанияға қанша пайда әкелетінін бағалай алмайды. Ақпараттық жүйелерді жасау мен енгізу жобалары өте қымбат болуы мүмкін, сондықтан да ол компанияға үнемі пайда әкелмеуі мүмкін.
Ақпараттық жүйемен келетін пайданы есептеудің қиындығының негізгі себептерін қарастырайық:
- пайдалар бір уақыт аралығында жүзеге асады;
- пайда келу табиғаты сезілмейді;
- стратегиткалық және бәсекелік пайданы санмен көрсету қиын;
- енгізілген ақпараттық технологиялардың нәтижесі тікелей емес және басқа енгізілген факторлармен бірге есептеледі;
- бар теориялар мен әдістер ақпараттық жүйенің бағалығын түсіндіруге келмейді.
МАЖ енгізудегі пайданы бағалаудағы Giaglis G., Mylonopoulos N. и Doukidis G. (1999 ж.) жұмысын атап айтпауға болмайды.[9] Әдістің авторлары МАЖ енгізуден келетін барлық пайдаларды тікелей (hard) және жанама (soft) етіп бөлуді ұсынады.
Тікелей пайдалар – бұл бағалауға оңай жаңадан енгізілген жаңалықтың тікелей нәтижелері. Тікелей пайдалар әдетте шығындардың азаюымен байланысты. Мысалы электронды тапсырыс жүйелерінің енгізілуі, қағаз жұмыстарының азаюына әкеледі.
Жанама пайдалар бұл ақпараттық технологияларды бизнес процеске енгізу нәтижесінде сезілмейтін, тікелей емес, стратегиялық пайдалар. Ақпараттық жүйенің пайдаларын бағалаудың қиындығы негізгі 3 жанама пайдамен байланысты. внедрения информационных технологий в бизнес- процесс, в конечном счете, включают неосязаемые, непрямые, и стратегические выгоды. Именно с тремя косвенными (soft) выгодами главным образом и связана проблема оценки пользы информационных систем.
Сонымен, жанама пайданың 3 тобы:
Сезілмейтін пайдалар ақпараттық жүйенің бөлек бағытына жатуы мүмкін, бірақ та оларды сандық өлшеммен көрсету өте қиын. Пайдалар енгізумен қатар пайда болады, мысалы, шешім қабылдауды қолдау жүйесі – decision support system – компьютерлік ақпараттық жүйесі, бұл қолданушының жұмысын шешім қабылдауда көмектесіп құрылымды жеңілдетеді.
Тікелей емес пайдалар теориялық жағынан өлшеу оңай, бірақ та аталған пайданы қандай да бір енгізілген технологияға тиесілі деп атауға болмайды. Олардың нәтижесі тек алдағы инвестициялардың көмегімен көрінеді. Мысалы, кәсіпорынға жергілікті желіні енгізу сыртқы инфрақұрылымының дамуына әсер етеді. Яғни, бұл жүйе көптеген ақпараттық жүйелер мен бағдарламалардың әртүрлі модификациясының негізі болып табылады.
Стратегиялық пайдаларды ұзақ уақыт бойы жүзеге асатын және көптеген іске асатын факторлардың өзараәсерінің салдары болатын оң әсер деп сипаттауға болады. Мысалға алсақ, олар ұйымның жаңа тиімді жұмыс стратегиясының нәтижесі болып табылады. Және осы пайдалардың бөліктерін ғана анық енгізілген ақпараттық жүйеге жатқызуға болады. Стратегиялық пайданы бағалаудың қиындығы оларды жүзеге асыру кезінде олардың маңыздылығы мен тәуекелдің көптігімен байланысты.Трудность оценки стратегических выгод связана с их значительностью и риском, которыми они сопровождаются при реализации.
