- •Тақырып 1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы.
- •Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері: ежелгі есеп жүйесінің туындауы, бухгалтерлік есептің қарапайым формасы, қазіргі бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы.
- •Екі жақты жазу жүйесінің пайда болуы.
- •Қазақстан Республикасындағы меншік формалары. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар қызметтерінің ерекшеліктері мен түрлері.
- •Халықаралық есепті ұйымдастыру ерекшеліктері: халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы, қазіргі заманға бухгалтерлік моделдер, экономикалық дамыған елдердегі есепке алу.
- •Халықаралық есеп жүйесінің қалыптасу кезеңдері.
Халықаралық есепті ұйымдастыру ерекшеліктері: халықаралық есеп тәжірибесінің дамуы, қазіргі заманға бухгалтерлік моделдер, экономикалық дамыған елдердегі есепке алу.
«Бухгалтер» термині (неміс сөзі «buchhalter» ) XV ғасырда Австрияда пайда болды және кітаптарды (есептік) «ұстаушы» дегенді білдіреді. Бұл ұғымның ағылшын тіліндегі тікелей аудармасы «accountant» мағынасын береді, «есепші» деп түсіндіріледі. Бухгалтер лауазымын алған ең бірінші лауазымды тұлға Инсбрукстің есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болды. Бұл оқиғаны Вен мемлекеттік мұражайында сақталған император I Максимилианның 1498 жылғы 13 ақпан күніндегі бұйрығы дәлелдейді. Осыған дейін төлемақы үшін есепке алу жазбаларымен айналысатын «ел кезуші жазғыш» мамандығы болған. Нақ осы уақыт «бухгалтер» және «бухгалтерия» ұғымдарының таралуының бастамасы болып саналады. Осы периодта бухгалтер мамандығына жоғары моральдық талаптар қойылды. Жеке мемлекеттерде адамгершілік қасиеттер бойынша әлі күнге дейін бухгалтерлерді дін қызметшілерінен кейінгі екінші орынға қояды. 1581 жылы Венецияда тарихтағы бірінші бухгалтерлердің қоғамы құрылды.
Аталған тақырыпты әрі қарай кеңейтетін болсақ, есеп жүйесі өзінің дамуында қалыптасудың белгілі бір эволюциялық кезеңдерінен өтті, оны келесідей көрсетуге болады.
Халықаралық есеп жүйесінің қалыптасу кезеңдері.
Кезеңдері |
Сипаттамасы |
Сауда (1800 ж. дейін) |
Екі жақты жазудың, хронологияның және мәліметтерді жүйелендірудің, теңгерімнің, басты кітаптың пайда болуы, ұлттық есеп жүйесінің құрылуы |
Кәсіпкерлік (1900 ж. дейін) |
Шоттар жоспарын өзіндік құнын анықтайтын өнеркәсіптік бухгалтерияның, шығыстарды үлестіру тәсілдерінің дамуы |
Ұйымдастырушылық (1950 ж. дейін) |
Есепті мемлекетік стандарттау, ұлттық шоттар жоспарының пайда болуы, бухгалтерияның қаржылық және аналитикалыққа (басқарушылық) бөлінуі |
Оптимизациялық (1950-197жж.) |
Есепте ЭЕМ қолдану, бухгалтердің АЖО, «директ-костинг» тәсілдерін қолдану, маржиналды бухгалтерия, (шығындар-шығарылым» тәсілін жүзеге асыру |
Стратегиялық (1975 ж.бастап) |
Стратегиялық бухгалтерияны құру, қызметтің сегменттері бойынша есепті жүргізу, әлеуметтік-экономикалық бағдарлану, маркетинг және басқа экономикалық ғылымдармен есепті интеграциялау |
Есепке алудың халықаралық дамуы – техникалық прогрестің жүйелік өсуімен ынталандырылатын әртүрлі елдер мен континенттердің мәдениетінің дамуы және көпғасырлық өзара әрекеттесуінің нәтижесі екендігін жоғарыдағылар дәлелдейді. Қазіргі даму үшін тән соңғы кезеңі болып «есепті маркетингпен интеграциялау және географиялық зоналар, халық топтары және басқа параметрлер бойынша, ал ең бастысы-болашақтағы қаржылық жағдайын анықтаумен кәсіпорынның нәтижелерін анықтауға» негізделген стратегиялық жүйе есептеледі.
Жалпы интеграция (лат. Inteqratio – қандай да бір бөліктерді біріктіру) – есептік жүйенің әртүрлі элементтерін өзара бірігу үрдісі. Кейбір жағдайларда есепті интеграциялау есепке алудың әдістемелік және заттық оқшаулығын қозғамауы мүмкін, яғни дербестік тек техникалық және ұйымдастырушылық аспектілердің жеке түрлерін ғана қозғайды.
Есептің терминдерін олардың шынайы мағынасын бұрмаламай дұрыс сүйену үшін олардың бәрі мән, құбылыс, бейне, объект және т.б.сияқты философиялық категорияларға негізделетінін атап өткен жөн. Бірақ бухгалтерлік есеп мәселелеріне арналған қазіргі заман әдебиеттерінде посткеңестік және шетел авторлар есеп мағынасын ашқанда белгілі бір алшақтық пайда болды.
Жалпы есеп жүйесіндегі көптеген терминдердің түсіндіргенде бір мағыналықтың жоқтығын айтпағанда ескірген категориялар өзінің болмысын жалғастырып жатыр.
Осыған байланысты теориялық және практикалық білімін тереңдету және байланыстыру мақсатында есепке алу терминдерін жаңадан қарастыру қажеттілігі туындайды.
Қазақстанда бухгалтерлік есептің қалыптасуы 3 кезеңде өтті:
1 кезең - ХХ ғ.басында қазақстандық бухгалтерлік есептің қалыптасуы:
- екі жақты жазу;
- екі таңбалы шоттар тізбегі;
- мемориалдық-ордерлік және журналды-ордерлік есепке алу формасы;
- статистикалық және жедел есепке алудың қалыптасуы;
- есепке есеп және амортизация ұғымдары енгізілді.
2 кезең - ХХ ғ.аяғындағы бухгалтерлік есептің дамуы:
- салықтық есептің бөлінуі;
- үш таңбалы шоттар тізбегіне ауысу;
- тәуелсіз аудиторлық фирмалардың пайда болуы.
3 кезең – Қазақстандағы қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп:
- ҚЕХС-ға ауысу;
- басқарушылық есептің жеке ғылымға бөлінуі;
- бухгалтерлік практикада шетелдік тәжірибені қолдану.
