Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
конституция часть 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.38 Кб
Скачать

1.Қр заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер:

А) ҚР азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады

В) коммерциялық емес ұйымдар

С) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруда құрылатын бірлестіктер

2.Қр заңнамасына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi :

Е) Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

F) қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

G) қайырымдылық қызметке қатысу мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi

3.Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi:

А) Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең

В) Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды

С) Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi

4.Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары:

А) өз қызметi туралы ақпарат таратуға

С) соттар мен басқада мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға

Е) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға

5.Қоғамдық бiрлестiктiң мiндеттерi:

В) өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге

F) ҚР заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға

G) ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге

6.Қр заңнамасына сай саяси партия ұғымы:

А) Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы органдарында бiлдiру мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн ҚР азаматтарының ерiктi бiрлестiгi

В) мақсаты саяси билікке жетуді көздейтін қоғамдық бірлестіктер

С) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруда құрылатын бірлестіктер

7.Саяси партияларға бiрiгу құқығы қандай тәртіппен жүзеге асырылады:

С) Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады

D) Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды

Е) парламент депутаттарының, мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтерде болуына құқығы жоқ

8.Саяси партиялар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынас келесі негіздерде жүзеге асырылады:

В) Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi

С) Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi

Е) Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi

9.ҚР аумағында келесі сипаттағы саяси партиялар құруға жол берілмейді:

А) Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне

В) Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған

С) Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға

10.ҚР Саяси партияны мемлекеттiк тiркеуден бас тарту келесі негіздерде жүзеге асырылады:

А) партия құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда

В) берiлген құжаттар, соның iшiнде оның құрылтайшы құжаттары мен партия мүшелерiнiң, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) тiзімдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмеген жағдайда

С) Саяси партияны мемлекеттiк тiркеу үшiн оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемiнде жетi жүз партия мүшесi бар құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) атынан өкiлдiк ететiн кем дегенде елу мың партия мүшесi болмаған жағдайда