- •1.1 Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау
- •2 Химия шығару өнеркәсібәне арналған жеке және ұжфмдық қорғаныс құралдары
- •2.1 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары .
- •2.2 Арнайы киімдер
- •3.2 Шаңға карсы жеке қорғаныс құралдары .Респираторлар
- •3.3 Щуға қарсы ұжымдық қорғаныс құралдары
- •1 Сурет– Әр үлгідегі дыбыс жұтқыш қаптамадағы цехтың жалпы түрі.
- •4 Шуға қарсы Жеке қорғаныс құралдары
- •7 Сурет – шудан дербес қорғау құралдарының сипатты түрлері.
3.2 Шаңға карсы жеке қорғаныс құралдары .Респираторлар
Респираторлар. Респираторлар тыныс алу мүшелерін зиянды газдардан, булардан, аэрозоль мен шаңнан қорғау құралының жеңілдетілген түрі болып табылады. Олар кең көлемде шахталарда, кеніштерде, химиялық зиянды және шаңды кәсіпорындардағы тыңайтқыштармен және улы химикаттармен жұмыс жасау кезінде, металлургия кәсіпорындарында сырлау, жүк арту-түсіру және басқа жұмыстарда тараған.
Респираторлар екі түрге бөлінеді. Біріншісі – жартылай бетперде мен сүзгіш элементтері бет бөлігімен қатар қызмет атқарады. Екіншісі – жартылай бетпердеге біріктірілетін сүзгіш патрондарындағы жұтқан ауаны тазартады.
Тағайындалуы бойынша шаңға қарсы, газға қарсы және газды-шаңға қарсы болып бөлінеді. Шаңға қарсылары тыныс алу мүшесін әр түрлі аэрозольдерден, газға қарсысы-ауада олардың бірге болуы кезінде зиянды газдар мен булардан және аэрозольдерден қорғайды.
Сүзгіштер ескіргенде тыныс алу қиындайды. Сондықтан оны ауыстыру қажет немесе сүзгіштерді қайта регенерациялау (қайта қалпына келтіру) қажет. Зиянды булардан, газдардан, аэрозольдерден, органикалық ерітінділерден, жеңіл тұтанатын және уландыратын заттардан қорғау үшін шаңға қарсы респираторларды қолдануға тыйым салынады.
3.3 Щуға қарсы ұжымдық қорғаныс құралдары
Дыбысты жұту құралдары.Бөлмелердегі шуды азайту дыбысты жұтумен жүзеге асырылады.Дыбысты жұтатын конструкциялар дыбысты жұтуға арналған.
Ондай конструкцияларға бөлмелердің төбелерін,даналық дыбыс жұтқыштар,акустикалық экрандардың қапталған беттері,сонымен қатар камералық бәсеңдеткіштер мен дыбысты жұтатын қаптамалардағы қолданылатын қатар дыбысты жұтатын қаптамалар жатады.
Қабырғаларды және төбелерді қаптау кезінде дыбысты жұтқыш конструкциялар аспалы төбе түріндегі тақта арқалығында,фермер аралық кеңістікте ,ферманың төменгі белдеуінде, тұтас қаптама түрінде,шахмат тәртібіндегі қаптамада,үзік жол түріндегі қаптамаларда,аспалы акустикалық бөрене мен панелдерде(кулисалар) ( 1сурет)орналастырылуы мүмкін.
1 - фермер аралық кеңістіктегі акустикалық бөренелер; 2 - шахмат тәртібіндегі орналастырылған дыбысты жұтатын қалқандар.
1 Сурет– Әр үлгідегі дыбыс жұтқыш қаптамадағы цехтың жалпы түрі.
Дыбыс жұтқыш материал әрбір дыбыс жұтқыш конструкциялардың негізі болып табылады.
Дыбыс жұтқыш материалдар өзінің негізгі міндеттерінен олардың конструкциялардағы жұмыстарының нақты шарттарына байланысты талаптардың реттерін қанағаттандырулары қажет.
Материалдар өрт қауіпсіздігі бойынша категориясына сәйкес,жанбайтын немесе қиын тұтанатын болуы қажет.
Желдеткішті бәсеңдеткіштерге арналған дыбыс жұтқыш материалдарды таңдау кезінде қондыру қызметін көрсететіндер қондырғыларды (жонғыш, рециркуляциялық, соратын)белгілеу мен бөлмелердің сипатын ескерулері қажет.
4 Шуға қарсы Жеке қорғаныс құралдары
Дербес қорғау құралдары. Техникалық құралдармен мүмкіндік деңгейіне дейін шуды азайтуға қол жеткізе алмайтын жұмыс орындарында немесе техникалы-экономикалық есеп бойынша мақсатты емес жағдайда шудан дербес қорғау құралдарын қолдану қажет.
Бұл құралдардың негізгі тағайындалулары–адамның құлағына- ағзаға дыбыстың енуінің едәуір сезімтал каналын жабу.Сонымен бірге сыртқы құлақтың дыбыс мембранасына әсер ететін дыбыстар әлсірейді,демек ішкі құлақтың сезімтал элементтерінің тербелісі де. ДҚҚ қолдану тек қана есту мүшелерінің бұзылуын ғана емес,сонымен қатар шектен тыс қоздырғыш әрекеттерінен барлық жүйке жүйелерінің бұзылуын ескертуге мүмкіндік береді. Олардың тиімділігі ,ереже бойынша,адам үшін едәуір зиянды және жағымсыз жоғары жиілік аумағында да максималды болады.
Айта кету керек,дыбыс тербелісін адам тек қана тікелей есту мүшелерімен ғана емес,сонымен қатар бас сүйегі арқылы сүйек өткізгіш қабаты арқылы да қабылдайды.Сондықтан, тек қана есту мүшелерін қорғау құралдары дыбыс энергиясын қабылдауды толық жоюға мүмкіндік бермейді.
Конструктивті орындауға байланысты ДҚҚ шуға қарсы құлаққаптар,шуға қарсы жапсырмалар,шуға қарсы дулығалар(шлем) мен каскалар( 7сурет), шуға қарсы костюмдерге бөлінеді. Құлаққаптар құлақ қабыршақтарын сыртынан жабады.Ішпектер(вкладыши) сыртқы есту жолдарын немесе оған іргелес жатқан жолдарды жабады.Дулығалар(шлем) мен каскалар бас бөлігін және құлақ қабыршағын жабады.Шуға қарсы костюмдер адам денесі мен басын (немесе оның бөлігін)жабады.
а) ішпектер(вкладыши): 1 – көп ретте пайдалануға арналған; 2 – бір рет пайдалануға арналған (талшықты материалдан); б) құлаққаптар; в) дулығалар(шлем); г) құлаққаптары бар каска
