Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ксииз курсовой.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.28 Кб
Скачать

2.2 Арнайы киімдер

Сақтайтын сүзгіш киім (ССК). Бұл киімнің жинақтамасы (18-сурет) су ертіндісі сіңген арнайы пастамен – уландырғыш немесе қатты әсер ететін улы заттармен (сұйық не қатты адсорбенттің беткі қабатының газды заттарды сіңіріп алатын үлгісі) буларын бөгейтін немесе оларды бейтараптандыратын (хемосорбциялық үлгісі) химиялық затпен, арнайы үлгідегі мақта-мата комбинезонынан тұрады.

ССК жинақтамасына енетін комбинезондардың өлшемі: біріншісі – бойы 160 см дейінгі адамдарға арналған, екіншісі – 160 -тан 170 см дейінгі және үшіншісі – 170 см жоғары.

Қорғайтын сүзгіш киім тек қана сүзгіш газтұмылдырықпен ғана қолданылады.

ФЛ-Ф қорғайтын жинақтама. Жинақтама (19-сурет) регламенттік жұмыстарды орындау кезінде туынды гидразин, алифатикалық аминдер мен азот қышқылының жоғары уландырғыш буларынан жұмысшылардың тері қабаттарын қорғауға арналған.

Жинақтама полиэтиленді пакетке салынғын сырт киімнен (күрте, шалбар мен қолғаптар) және киім-кешектерден (жейде,төменгі шалбар) тұрады.

Булардың 0,1 мг/л шоғырлануы кезіндегі қорғау әрекетінің уақыты – 2,5 сағаттан кем емес.

Газтұмылдырықпен бірге үйлестікте орташа ауырлықтағы жұмыстарды үздіксіз орындау уақыты:

– 26°С температурада– 4 сағ. кем емес;

– 40°С температурада – 1 сағ. кем емес;

– газтұмылдырықты кезеңді пайдаланғанда – 6–8 сағ.

Пайдалану барысындағы жинақтаманың қорғау қасиетінің сақталуы – 12 айдан кем емес. Химиялық қабатының қорғау қасиетін қалпына келтіру еселігі – 60 есеге дейін.

18-сурет. Қорғау сүзгіш киімінің жинақтамасы

19- сурет. ФЛ-Ф қорғау жинақтамасы

20-сурет. ФЛ-Н

қорғау жинақтамасы

ФЛ-Н қорғау жинақтамасы (20-сурет). Реттеу жұмыстарын орындау кезіндегі жоғары уландырғыш фосфорлыорганикалық қосындыларынан жұмысшлардың терілерін қорғауға арналған.

Жинақтама сырт киімнен (күртке мен шалбар) және полиэтиленді пакетке салынған қорғау киімінен тұрады. Жинақтама газқағармен қорғау аяқ-киімдерімен бірге қолданылады. Жұмыстар өткізілген соң, міндетті түрде бейтараптандырылады.

Қорғау әрекетінің уақыты – 4сағ. 4сағ ішінде 26–40 °С температурада газқағармен үйлесімді орташа ауыртпалықтағы жұмыстарды орындауға болады. Пайдалану барысындағы өзінің қорғау ерекшеліктерін жинақтама 6 айға дейін сақтайды.

«АРК-1» қорғау киімі. «АРК-1» (21-сурет) иондармен қанықтыратын сәулелердің әсер ететін аймағында жұмыс жасайтын жұмысшыларды қорғауды қамтамасыз етеді. Ол адамның өмірлік маңызды мүшелерін сенімді жабатын жартылай комбинезон мен бас киімнен тұрады. Киім сөмкеге салынып қойылады. Жұмыс киімінің үстінен немесе тікелей іш киімінің үстінен киіледі. Радиациалық – ластанған ортада қандай да бір жұмыстарды орындаған соң, міндетті түрде қатерсіздендіріледі.

Пайдалану барысындағы жинақтаманың қорғау ерекшелігінің сақталуы –кемінде 12 ай. Қорғау ерекшелігінің химиялық қабатын қайта қалпына келтіру еселігі-60 ретке дейін.

Киім қомақты шамада ионды қанықтыратын сәулелерді бәсеңдетеді: альфа-сәулеленуді– толығымен, бета-сәулеленуді (2,5 МЭВ дейін) – 40–50 есе, гамма-сәулеленуді ( 200 КЭВ дейін) – 3 есе, рентгенттік сәулеленуді – 5 есе.

Төменгі үйлесіммен орташа ауыртпалық дәрежедегі жұмыстардың үздіксіз уақыты:

- жұмыс киімімен – кемінде 8 сағ;

- еріксіз желдетумен оқшаулағыш қорғау костюмінде – кемінде 2сағ;

- өмірлік қамтамасыз етудің автономды жүйесімен оқшаулағыш костюммен кемінде 1,5сағ

2.3 Ұжымдық қорғану құралдары

Ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар мен құрылғылар өндірістік жайлар мен ғимараттарды жобалау, салу және қайта құру кезінде технологиялық процестерді, машиналарды, механизмдерді, жабдықтардың құрылғыларын және басқа да бұйымдарды ескере отырып, мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес көзделеді. Гардероб, душ, жуынатын, емдік-профилактикалық құралдар, медициналық қобдишалар, дәретхана, жартылай душтарды, ауыз сумен жабдықтау қондырғылары орналасатын орындар, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді жылытуға немесе салқындатуға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған, басқа да санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібі мен шарттары ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Жұмыс берушілер тек сертификатталған жеке қорғану құралдарын сатып алулары тиіс. Жеке қорғану құралдары киюге ыңғайлы, қозғалуға бөгет жасамайтындай болып, қызметкерлердің өлшемдеріне сәйкес іріктеліп берілуге тиіс. Қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін немесе қызметкерге байланыс- ты емес себептер бойынша белгіленген мерзімінен бұрын жарамсыз болып қалған арнайы киім мен арнайы аяқ киім ауыстырылуы тиіс. Маусым басталғанда арнайы киім мен арнайы аяқ киім олар алдыңғы маусымда берілген қызметкерлерге қайтарылуы тиіс. Жеке қорғану құралдары (противогаздар, өздігінен құтқарғыштар, сақтандыру белбеулері, масаханалар, каскалар және өзге де құралдар) жүйелі түрде сынақтан өткізілуге және олардың дұрыстығы тексерілуге тиіс, қорғаныш қасиеттері төмендеген сүзгіштер, шынылар және өзге де бөлшектер уақытында ауыстырылуы тиіс. Тексеруден кейін жеке қорғану құралдарында келесі сынақ мерзімдері туралы белгі (таңба, мөртаңба) қойылуға тиіс

2.4 Емдік-профилактикалық тағам

Емдік-профилактикалық тағам (бұдан әрі – ЕПТ) аса зиянды еңбек жағдайларына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ЕПТ бес рационына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен беріледі. ЕПТ тағайындау мен беру жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдікпрофилактикалық тағам, арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру, ұжымдық қорғану құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үйжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидалары; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт беру нормалары; жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге емдік-профилактикалық тағам беру нормалары Қағидалары бекіткен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Көрсетілген қағидалардың қосымшаларына сәйкес рациондар бойынша алты күндік Үлгі мәзірдің ЕПТ ыстық таңертеңгілік астарына сәйкес ЕПТ ыстық таңертеңгілік ас мәзірі жүзеге асырылады, сондай-ақ азық-түліктердің өзара алмастырушылығы нормаларның шектерінде бір азық-түлік өнімін басқасымен алмастыруға жол беріледі. Мысалы, қара және түсті металлургияның ыстық цехтарының, сондай-ақ тағам өнеркәсібі – нан пісіру, темекі өндірістерінің жұмысшылары үшін дәрумендер беру көзделген. Витаминдер беру Әртүрлі санаттағы қызметкерлерге өндіріс сипаттамасына байланысты витаминдер беру тамақтану рационын витаминдермен байыту схемасы бойынша жүзеге асырылады. А, В1, В2 витаминдері қара және түсті металлургия өндірістерінің (домна өндірісі, илемдеу және құбыр өндірісі) негізгі технологиялық процесімен айналысатын жұмысшыларға беріледі. В және С витаминдері темекі, шылым, сигарет, сигара, шегетін және иіскейтін махорка және темекіні ферментациялаумен (темекі-махорка өндірісі) тікелей айналысатын жұмысшылар мен мамандарға беріледі. С және РР витаминдері нан пісіру өндірісі (жидіту агрегатының машинисі, нан пісіруші) жұмысшыларына беріледі. Химиялық өнеркәсіп, қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, электртехникалық және радиотехникалық бұйымдар өндірістерінде, сондайақ радиобелсенді заттармен және иондаушы сәулелену көздерімен байланысты және жоғары атмосфералық қысым жағдайларындағы жұмыстарда – емдік-профилактикалық тағам мен витаминдер беріледі.

3 Ағаш өңдеу өнеркәсібі

Ағаш өнімдері адам өмірінің барлық жақтарында қажетті болып табылады. Құрылыс, өндірістің барлық түрлерін, өнеркәсіп шаруашылықтары, сонымен қатар тұрғын үй заттары, жиһаз жабдықтары барлығы ағаш конструкциялары мен одан дайындалған бұйымдарды кеңінен қолданады. Біздің елімізде Қарағанды, Қостанай, Алматы, Астана және т.б. аймақтарда негізгі ағаш өнімдерін өндіру өнеркәсіптері қызмет атқарады. Өнеркәсіптің қай саласында қолданылатын ағаш конструкцияларының барлық түрлері біріншіден қоршаған ортаға, адамның қолайлы жұмыс істеуіне, қолданылып отырған аймақта қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі керек. Қолдану саласына байланысты ағаш конструкцияларының өзіндік физикалық-механикалық қасиеттері, отқа төзімділігі, салмағының өзіндік тиімділігі және т.б. қасиеттерге ие болу керек.

Ағаш өңдеу өнеркәсіптерінде ағашты жону, қаңқалау, майлау, сүргілеу, белгілі бір пішінге келтіру шаруалары кездеседі. Бұл жұмыс түрлерінің барлығы да сол учаскедегі мамандар үшін өзінше қауіп төндіруі мүмкін. Мысалға, қатты ағаштарды жонуда одан бөлінетін үгінділер, ортада шаңның түзілуіне себеп болады. Жону білдектерінен (станоктарынан) шаңмен қатар шудың да жоғары деңгейі кездесуі мүмкін. Жону кезінде пайда болған жаңқалардың үйінділерінен өрт қауіпсіздігін де алға алуымыз керек. Себебі ағаш материалдары құрғап, кепкен сайын отқа, тұтануға бейім болып келеді.

"Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N1265 қаулысымен бекітілген. "Ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті ағаш конструкцияларының қауіпсіздігіне, оларды өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану мен жарату процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Ағаш өнеркәсібінен шығатын зиянды факторлар : шаң , шу , діріл

3.1 Щаңның пайда болуына қарсы ұжымдық қорғаныс құралдары , меxанизмдері Вентиляция - ауаның ұйымдасқан алмасуы. Ол бөлме жағдайында белгілі ауа ортасын қалыптастыруға арналады ( температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдылығы, сонымен қатар оның жиілігі ), осы ауа гигиеналық және технологиялық талаптарға сай болуы тиіс. 

Ауаның алмасу әдісіне қарай вентиляция: жалпы алмасатын ( сорғыш және үрлегіш ), бұл уақытта ауа алмасу бүкіл бөлмеде іске асады; жергілікті сорғыш бұл жерде зияндылықтардыжою ( газдар, булар, шаң, шамадан тыс жылу) пайда болатын орында жүргізіледі; жергілікті үрлегіш, бұл жерде ауа алмасу үрленетін ауа арқылы жүзеге асады, сонымен қатар бүкіл бөлме көлемін қамтымайды, тек белгілі ауданға ғана әсер етеді. 

Әсер ету көзіне байланысты, ауа алмасу табиғи жолмен алмасумен жүзеге асады және механикалық ауа вентиляторлар әсерінен алмасады. Кейде өндірісте табиғи вентиляция мен механикалық бірге қолданылады ( аралас вентиляция). 

Механикалық жүйе вентиляциясы ауа рециркуляциясын қамтамасыз ете алады ( толық немесе бөлшекті). Осы уақытта вентиляционды ауа атмосфераға бөлінбейді, қайта өңделіп бөлмеге жіберіледі.  

Ауаны кондиционерлеу, механикалық желдетудің ең заманауи, мінсіз түрі болып саналады. Ол температура, ылғалдылық және басқа ауа өзгерістеріне қарамай белгіленген ауаны автоматты қамтамасыз етеді. 

Тазалау, жылыту және ылғалдандыру кондиционерлеу кезіндегі, негізгі үрдістердің бірі. Қажет ететін жағдайларда кондиционерлеу жүйесінде ионизациялау, дезодорациялау, ал кейбір жағдайларда ауаның ароматизациясы жүргізіледі. 

Табиғи басқарылатын өндіріс бөлмелеріндегі, арнайы ойыстар мен сорғыш құрылғылар арқылы іске асатын ауа алмасуды, аэрация деп атайды.  

Аэрацияны, шамадан тыс жылу бөлінетін цехтарда, егер ауадағы шаң концетрациясы рұқсат етілетін шамадан 30% - тен асатын болса. 

Жалпы вентиляция бөлмеде пайда болатын булар, газдар, шаңдар, шамадан тыс жылудан және ылғалдылықты санитарлы нормалау.

Жергілікті үрмелі желдету, бөлменің бүкіл ауданын емес, тек белгілі бір аймақты ғана желдетеді. Ол ауа душтары, оазистері ретінде орнатылады.

Жергілікті: сорғыш вентиляция, зияндылықтарды жою және болдырмау үшін қолданылады.

Орналасуына және зияндылықтардың пайда болу көзіне байланысты: жабық және ашық типті сорғыштарды ажыратады. 

Ауаны бөлмеден сорып алу. Ауаны бөлменің ең зиянды, концентрация жоғары, теипературасы жоғары орындарынан сорып алады. 

Ауаны бөлмеге жіберу. Ауа бөлмеге вентиляция, кондиционерлеу және ауаны жылыту жүйелері арқылы адамдардың тұрақты түрде орналасатын жерлеріне жіберіледі. 

Жергілікті жабық сорғыштар бөлменің ең астарлы орындарында орналастырылады. Мұндай сорғыштар көп мөлшерде зиянды заттарды, ауқымды ауа көлемінен сорып алады.

Үрмелі ауаны жылыту калориферлер арқылы іске асады. Ең кең қолданылатын таспалы калориферлер, ол бірнеше қатарлы түтікшелерден тұрады. Тегіс түтікшелі калориферлер қолданыс табады. Калориферлерде жылуды тасымалдайтын, ыстық бу немесе ыстық су. 

Ауаны суыту суытқыш аппараттарда жүргізіледі, олардың келесі екі типін ажыратады: беткейлік және контактілі.

Беткейлік суытқыштарда, калориферге ұқсас, ауа түтікше беткейінің жылуын өткізеді, ол арқылы суық су немесе басқа суық агенттері ( рассолдар, аммиак, фреон және т.б.) қолданылады. 

Контактілі суықтатқыштарда, суыту сумен жүргізіледі. Ауаны кептіру беткейлерде және контактілі аппараттарда жүргізіледі. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]