- •1.1 Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау
- •2 Химия шығару өнеркәсібәне арналған жеке және ұжфмдық қорғаныс құралдары
- •2.1 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары .
- •2.2 Арнайы киімдер
- •3.2 Шаңға карсы жеке қорғаныс құралдары .Респираторлар
- •3.3 Щуға қарсы ұжымдық қорғаныс құралдары
- •1 Сурет– Әр үлгідегі дыбыс жұтқыш қаптамадағы цехтың жалпы түрі.
- •4 Шуға қарсы Жеке қорғаныс құралдары
- •7 Сурет – шудан дербес қорғау құралдарының сипатты түрлері.
2 Химия шығару өнеркәсібәне арналған жеке және ұжфмдық қорғаныс құралдары
2.1 Тыныс алу мүшелерін қорғайтын жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары .
Азаматтық газқағарлар. ГП-5 (ГП-5М) мен ГП-7 (ГП-7В) сүзгіш газқағарлар тұрғындарды қорғау үшін кеңінен таралған.
ГП-7 азаматтық газқағар тыныс алу мүшелеріне, көзіне және бетіне радиоактивтік, уландырғыш, ҚӘУЗ мен бактериялық құралдардың түсуінен адамды қорғауға арналған. Қорғау әрекетінің принципі зиянды қоспалардан дем алған ауаны (сүзгіш) алдын ала тазартуға негізделген.
ГП-5 газқағар (26-сурет) сүзгіш-жұтқыш қораптар мен (дулыға бетперде) ШМ-62у бет бөлігінен тұрады. Ол 5 өлшемнен (0, 1, 2, 3, 4) тұрады. Оның біріктіретін түтігі жоқ. Сонымен бірге жинақтамаға газқағар мен терлемейтін қабыршаққа арналған сөмке кіреді. ГП-5М газқағар жинақтамасына сөйлесу құрылғысына арналған мембранды қораппен ШМ-66у дулыға – бетперде кіреді.
26-сурет. ГП-5 газқағар
1 – газқағар қорапбы; 2 – терлемейтін қабыршағы бар қорап; 3 – дулыға-бетперде; 4 –газқағарға арналған сөмке.
ГП-7 азаматтық газқағар – соңғы және жетілдірілген үлгінің бірі. Кәдімгі жағдайда ол жоғары тиімділікпен 6 сағатқа дейін (йодты метил түріндегі оның органикалық қосындылары мен иод радионуклидтері және басқадан) радиоактивтік заттардан, жүйкені жансыздандыратын әрекеттерінің уландырғыш заттарының буларынан қорғауды қамтамасыз етеді. -400 С-ден +400С-ге дейінгі (27-сурет) температура кезіндегі 2 сағатқа дейінгі (иприт түріндегі және т.б.) уландырғыш заттардың тамшыларының әсерінен қорғайды.
27- сурет. ГП-7 газқағары
1 – беткі бөлігі; 2 – сүзгіш-жұтқыш қорабы; 3 – трикотажды қап; 4 – дем алу клапанының торабы; 5 – сөйлесу құрылғысы ; 6 – дем шығару клапанының торабы; 7 – обтюратор; 8 – басқа орап тағатын (желке тілмешесі); 9 – маңдайлық бау; 10 – самайлық бау; 11 – ұрттық бау; 12 – айылбас; 13 – сөмке.
- кесте. Өнеркәсіптік газқағарлардың классификациялары
Үлгі |
Қораптың түсі |
Қандай заттардан қорғайды |
А |
Қоңыр |
Фосфордан- және флорлы-органикалық улы химикаттардан, органикалық қоспалардың буларынан (бензин, керосин, ацетон, бензол, күкіртті көміртек, тетраэтил қорғасын,толуол, ксилол, спирт, эфир) |
В |
Сары |
Фосфордан- және хлорлы-органикалық улы химикаттардан, қышқыл газдар мен булардан (күкіртті газ, хлор, күкіртті сутек, синил қышқылы, азот қышқылы, фосген, хлорлы сутек) |
Г |
Бір жартысы қара, екіншісі сары |
Сынап буынан, сынап шектес улы химикаттар, негізінде, этилмеркурхлорид |
Е |
Қара |
Мышьяк тәріздес және фосфорлы сутек |
КД |
Сұр |
Аммиактан, күкіртті сутек және олардың қоспасы |
БКФ |
Қорғаушы |
Органикалық заттардан, мышьяк және фосфорлы сутек буларынан |
М |
Қызыл |
Аммиактың аз мөлшеріндегі көміртек қышқылынан, күкіртті сутектен, органикалық қоспалардың буларынан |
СО |
Сұр |
Көміртек қышқылынан |
КИП-8 оттекті оқшаулағыш газқағары. Бұл аппарат негізінде тыныс алуға жарамсыз ортада әрекет ету мен өрт сөндіруге байланысты жұмыстарды орындау кезінде адамның тыныс алу мүшелерін және көзін қорғауға арналған. Ол ереже бойынша өртке қарсы бөлімшелердің жабдықтауында болады, кей кезде мамандандырылған апатты-құтқару құрылымдарында қолданылады (29-сурет).
29-сурет. КИП-8 оттекті оқшаулағыш газқағары
КИП-8 қолданудың күрделілігі – әр кезде жұмыстан соң, оның оттекті баллонын ауыстырып тұруды және регенеративті оғын қайта оқтауды қажет ететіндігінде. Оны қазіргі кезде өрт командасында құрылған стационарлық жағдайда мамандардың орындауы қажет.
