Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20161103-WA0004.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

5В120200 «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған

«Малдәрігерлік латын терминологиясы» пәнінен №2 Дәріс

Модуль 1 Латын граматикасының анатомиялық терминологиясы

ТАҚЫРЫБЫ: Монофтонгтар, дифтонгтар және диграфтар. Тұрақты сөз тіркестері, оқылу ережелері. Екпін, буындар түрлері.

Жоспар:

  1. Дауыстардың жіктелуі.

  2. Дауыссыз дыбыстар мен j əрпінің айтылуы.

  3. Дифтонгтердің айтылуы.

Дауыстардың жіктелуі:

Латын тілінде дыбыстар дауысты (a, e, i, o, u, y) жəне дауыссыз (b, c, d, f, g, h, k, l, m, n, p, q, r, t, v, x, z) болып бөлінеді.

j əрпінің жəне дауыссыз дыбыстардың айтылуы

Жеке дауыстылар a, e, i, o, u монофтонгтар деп аталады жəне олардың айтылуы мен аталуы бірдей болып келеді: arenosus [арэно.зус] - құмды, Rana [ра.на] - бақа, Triticum [три.тикум] - дəн.

Y (ипсилон) əрпі грек тілінен енген жəне дауысты i болып айтылады.

Бұл əріп француз тілінде «игрек» («грек и») деп аталады: pterygoideus [птэригои.дэус] - қанат тəрізді, symbiosis [симбио.зис] - симбиоз, zygota [зигота] - зигота.

Егер дауысты i дауысты a, e, o, u əріптерінің алдында тұрса, онда ол [й] болып - сол əріптермен қосылып орыс тіліндегідей [я], [е], [ё], [ю] дыбыстарын құрайды: iaponicus [япо.никус] - япондық, maialis [мая.лис] - мамырлық, Iuniperus [юни.пэрус] - можжевельник.

Кей сөздерде i əріпі дауыстылардың алдында өз алдына, жеке айтылады:

Iodum [ио.дум] - йод, geriater [гериа.тэр] - кəрі жастағы ауруларың дəрігері.

Дауысты [и] дыбысы келесі дауыстылармен қосылып басқа дауыс бергендіктен, XVI ғасырда латын əліппесіне дауыстылардың алдына қойылатын Jj - йот (йота) əріпі қосылды. Осылайша, iaponicus, maialis, Iuniperus сөздері j əрпімен (japonicus, majalis, Juniperus) деп те жазыла алады. Бірақ, i əрпінің j əрпіне ауыстырылуы міндетті емес.

Қосалқы дауысты дыбыстардың айтылуы

Латын тілінде дербес a, e, i, o, u, y дауыстыларынан басқа екі дауыстының тіркесінен тұратын ae, oe, au, eu дыбыстары бар. Классикалық дəуірде бұлардың бəрі де екінші сыңары буын құрай алмайтын дифтонгілер ретінде оқылған.

Ae дифтонгі ] дыбысын береді: Algae [а.льгэ] — водоросли, arteriae [артэ.риэ] — артериялар.

ае

Э

ое

Oe дифтонгі [э] дыбысын: amoeba [амэ.ба] - амеба, Foeniculum [фэни. - кулюм] - фенхель, укроп.

Au дифтонгі [ав] дыбысын: auris [а.врис] - құлақ, caudalis [кавда.лис] - құйрықты жағы.

Au ав

Eu дифтонгі [эв] дыбысын: Eucalyptus [эвкали.птус] - эвкалипт, pleura [пле.вра] - плевра.

Eu эв

Eu дифтонгі сөздің соңында m жəне s дауыссыздарының алдында дифтонг құрмайды жəне буынға бөлінеді: calcaneus [калька.нэус] — өкшелік_______, peritoneum [пэритонэ.ум] - ішперде (құрсақ қуысын қаптайтын кілегейлі қабық).

Кейде биологиялық атауларда грек дифтонгі ei кездеседі де [эй] болып оқылады: Teichodectidae [тэйходэкти.дэ] - жүн жегіштер, seirosporae [сэйро. спорэ] - сейроспорлар.

Кей жағдайларда ae немесе oe дифтонг құрмайды жəне əр дауыссызды жеке айту керек. Бұл үшін екінші дауыстының үстіне қос нүкте қойылады: aёr [а.эр] - ауа, uropoёticus [уропоэ.тикус] - зəртүзгіщ, Aloё [а.лёэ] – алоэ, erythropoēsis [эритропоэ.зис] - эритроциттердің пайда болуы, Aquila chrisaĕtos [а.квиля хриза.этос] - бүркіт.

Дауыссыз дыбыстардың айтылуы

С əрпі e, i, y жəне ae, oe, eu, ei дифтонгтарының алдында [ц] болып оқылады: сervix [цэ.рвикс] - шея, шейка, Picidae [пици.дэ] - дятловые, zoocoenosis [зооцэно.зис] - зооценоз.

С əрпі a, e, u дауыстылардың, au дифтонгінің жəне басқа дауыссыздардың (h-тан басқа) жəне сөз соңында тұрғанда [к] болып оқылады:

cranium [кра.ниум] - бас сүйек, coracoclavicularis [коракоклявикуля.рис] - тұмсықтəрізді-тікенекті.

G əрпі [г] болып оқылады: genotypus [гэно.типус] - генотип, marginalis [маргина.лис] - шеткі, шет орналасқан.

H əрпі беларусь немесе украин халқының сөздеріндегі [г] сияқты оқылады - гай, гурт, homo [го.мо] - человек, Hydrargyrum [гидра.ргирум] - сынап. Бұл əріпті орыс тіліндегі [г] əрпі сияқты оқуға болмайды.

K əрпі түбі латын тілінен шықпаған сөздерде [к] дыбысын беру үшін қолданылады, əсіресе e, i, y дауысты дыбыстарының алдында: : Kalium [ка. лиум] - калий, kurilensis [куриле.нзис] - курильдік, oligokinesia [олигокинэзи. а] - аз қимылдаушылық.

L əрпі дауысты жəне дауыссыз дыбыстылардың алдында [ль] болып жұмсақ оқылады: lambliosis [лямблио.зис] - лямблиоз, pulmo [пу.льмо] - өкпе, tridactylus [трида.ктилюс] - үш саусақты.

Q əрпі дауыссыз u əрпімен жəне одан кейін тұратын (a, e, i, o, u) дауыстылармен ғана бірге қолданылады. Бұл жағдайда ол [кв] болып оқылады: aqua [а.ква] - су, liquidus [ли.квидус] - сұйық, Quercus [квэ.ркус] - емен.

S əрпі дауыстылардың ортасында жəне m, n дауыссыздарының жанында [з] болып, ал басқа жағдайда [с] болып оқылады: plasma [пля.зма] - плазма, Rosa [роза] - ро.за.

Z грек сөздерінде ғана кездесіп, [з] деген дыбысты білдіреді: Oryza [ори. за] - күріш, trapezius [трапэ.зиус] - трапеция тəрізді. Zincum [ци.нкум] – цинк сөзі бұл қағидаға бағынбайды.

Дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесі

Ngu əріптерінің тіркесі дауыстылардың алдында [нгв] болып оқылады:

lingua [ли.нгва] - тіл, sanguis [са.нгвис] - қан.

Ti тіркесі классикалық дəуірде барлық жағдайда ти болып оқылған.

Бірақ кейіннен, IV-V ғасырлардың өзінде, ti тіркесі дауысты дыбыстардың алдында тұрғанда жұмсарып, [tsi] [ци] деп оқылатын болды: ratio [рацио] – ақыл-ой, (осыдан рациональды), initium [инициум] – бас(ы) (осыдан инициал, инциатива). Бірақ, ti -sti-, xti-, tti- тіркестерімен келгенде (ti+дауысты дыбыстың алдында s, x,t əріптері тұрса), Ti [ти] болып оқылады: digestio [дигэ.стио] - ас қорыту, mixtio [ми.кстио] - араластыру.

Su əріптерінің тіркестері дауыстылардың алдында [св] болып оқылады:

consuetudo [консвэту.до] - əдет, suavis [свавис] - жағымды.

Дауыссыздар тіркесінің айтылуы:

Грек тілінен енген сөздерде кездесетін ch, ph, rh, th тіркестеріндегі һ əрпі бергі кездерде дыбыстық таңба ретінде қызметін мүлдем жоғалтқан.

Соған орай бұл тіркестер қазіргі кезде төмендегіше оқылып жүр:

ch [х] сияқты: bronchiolus [бронхи.олюс] - бронхиола, Chrysidoidea [хризидои.дэа] - осы-блестянки.

ph [ф] сияқты: photophilus [фото.филюс] - фотофильдік, polyphagus [поли.фагус] - олифаг.

rh [р] сияқты: Rhetor [рэ.тор] - шешен.

th [т] сияқты: Anthozoa [антозо.а] - коралл полиптері, Arthropoda [артро. пода] - буынаяқтылар.

sch əріптерінің тіркестері [сх] болып оқылады: schizogonia [схизого. ниа] - схизогония, schola [схола] - мектеп.

Х əрпі барлық жағдайда [ks] кс болып оқылады: vix [викс] - əрең, rex [рекс] – патша, pax [пакс] – тыныштық, бейбітшілік.

Бақылау сұрақтары:

1. Латын əліппесінің əріптерін атаңыз. W əрпі.

2. Дауысты жəне дауыссыз дыбыстар.

3. j əріпі жəне дауысты дыбыстардың айтылуы.

4. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.

5. Дифтонгтардың айтылу ерекшеліктері.

6. С əрпінің Ц жəне К болып айтылуының ерекшеліктері.

7. S жəне Qu əріптерінің айтылу ерекшеліктері, мысалдар.

8. Дауыссыз жəне дауыстылардың тіркестері, мысалдар.

9. Ngu ,Ti, Su əріптерінің тіркестерінің ерекшеліктері, мысалдар.

Негізгі әдебиеттер

1 Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен. ІІ: (цитология, эмбриология, гистология) / Тоқаев, З.К. - 2006

2 Латинский язык / Валл Г.И. - 1990 Латинский язык / Валл Г.И. – 1990

3 Латинский язык и основы ветеринарной терминологии: / Вульф, В.Д. - 1988

Қосымша әдебиеттер

1 Введение в латинскую ветеринарную терминологию /Валл, Г.И. - 1978

2 Анатомия терминдерінің сөздігі ( Қазақша-орысша латынша, орысша латынша-қазақша, латынша-орысша-қазақша) / Рақышев, А. - 1992

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]