Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.61 Кб
Скачать

Металл құрамдас шиц-тер

Бұл материалдар керметтер деген атауға ие болды. Күміс бөлшектерін енгізу цементтің қаттылығын, оның қажалуға тұрақтылығын жоғарылатады, материалдың беріктілік қасиеттерін, оның тығыздығын жақсартады, кеуектілігін төмендетіп, рентгеноконтрасттылығын қамтамасыз етеді.

Өкілдері:

Argion Molar (VOCO фирмасы)

Chelon Silver (3M фирмасы)

Miracle mix (GC фирмасы)

Alpha Silver (DMG фирмасы)

ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштер:

  1. Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау

  2. Тұйық тесіктерде I класстағы тісжегі қуыстарын пломбылау

  3. Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау

  4. Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау

  5. Түбір тісжегісі кезінде тісжегі қуыстарын пломбылау

  6. Тұрақты тістерді отсроченно түрде уақытша пломбылау

  7. Фиссураларды герметизациялау

  8. ART-әдісін қолданып тісжегіні емдеу

  9. Тоннельді егеп-тазалау техникасын қолданып тісжегіні емдеу

  10. Қызыл иек отыруы кезінде сауыттардың жиектік ақауларын толтыру

  11. Сэндвич-техниканың жабық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы

  12. Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау

  13. Композиттік материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал ретінде қолдану 27

  14. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту

  15. Металл штифтерді түбірішілік бекіту

  16. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау

  17. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау

  18. Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу

Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары

  1. Тісжегі қуысын егеп-тазалау.

ШИЦ-ті қолданғанда материалдың тісжегістатикалық қасиеттерін ескере отырып, Блэк әдісі бойынша бұзылмаған тіндерді профилактикалық мақсатта алмай, тек қана тісжегімен зақымдалған кіреуке мен дентинді алу керек. Бірақ та жүктелген реставрация кезінде тісжегі қуысын егеп-тазалау классикалық түріне жақын болу керек. Кіреуке жиегі финирленеді, бірақ та егелмейді.

Жиі мойын маңындағы ақаулар (сына тәрізді ақау, кіреуке эрозиясы) бормашинамен егеп-тазалауды қажет етпейді – бұндай жағдайда тазалау, жуып-шаю мен бетін кондиционерлеу жеткілікті болады.

Материал түсін анықтағанда мынаны ескерту қажет – цемент қатайғанда аздап қараяды, тұрақты реңге 2-3аптадан кейін ғана ие болады. Бұл оның толық полмиеризациядан кейін мөлдірлігінің жоғарылауымен түсіндіріледі. Материалдың опактілігіне судың абсорбциясы әсер етеді – реставрация лакпен қатынасқаннан кейін қараяды.

  1. Ұлпаны оқшаулау.

Терең аймақтарға кальций гидрооксиді негізіндегі төсемдерді қолданған жөн. Тісжегінің баяу ағымында, тығыз склерозданған дентин түзілгенде ұлпаны оқшаулау міндетті емес.

  1. Беткейлік кондиционерлеу.

ШИЦ тістің қатты тіндерімен химиялық түрде байланысатындықтан, тіс беттерін алдын ала кондиционерлеу мықты байланысты қамтамасыз етеді. Кондиционер ретінде төмен концентрациядағы (10-25%) лимон қышқылы, ЭДТА мен полиакрил қышқылы қолданылды. Бұндай кондиционердің химиялық құрамы мен ШИЦ-тің сұйықтығы келесі материалдың пайда болуына әкелді, ондағы сұйықтық екі қызметті атқара алады: бастапқыда ол тіс бетін кондиционерлеу үшін, ал кейін материалды ластыратын сұйықтық ретінде қолданады (Кемфлекс Денсплай цементі). Цементтің сұйықтығын кондиционер ретінде қолдану Кетак-моляр материалы да ұсынылады.

Кондиционермен өңдеу әдетте 10-30секунд уақыт аралығында жүргізіледі, ал кейін тісжегі қуысы сумен жуып-шайылып, кептіріледі.

Дентинді егеп-тазалау қажетсіз жағдайда, кондиционерлеу өте қажет. Бұл үшін егеп-тазаланбаған тінннен беткейлік шөгінділерді алу керек. Кондиционерлеу мен қышқылдану арасындағы шекараны өтпеу аса маңызды, себебі бұл кезде цементтің босап қалған коллаген талшықтарымен байланысы нашарлайды, дентинді шамадан тыс кептіріп алу мүмкіндігі туындайды, толық ионды алмасу үшін кедергілер пайда болады.

Тіс мойындарының гиперэстезиясы бар науқастарда дентин түтікшелерінің кездейсоқ ашылуы мүмкін, сондықтан мұндай жағдайларда кондиционерлеуді жүргізбеуге де болады немесе қысқа уақыт ішінде жүргізеді.