- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
Материалдардың сипаттамасы
Кальрадент (ВладМиВа фирмасы)
Өздігінен қатаятын дайын паста түрінде шығарылады, ол терең тісжегін емдегенде және ұлпаны тікелей емес жабу үшін қолданылады.
Құрамы: кальций гидрооксиді; рентгеноконтрасты қосымша; толықтырғыш.
Қолданылу тәсілі.
Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Кальрадент пастасын тегістегіш көмегімен тісжегі қуысының табанына салып, мақта тампонмен нығыздап, артығын алып, ауамен кептіргеннен кейін, пломбылаудың келесі кезеңдерін іске асырады.
Кальцесил (ВладМиВа фирмасы)
Химиялық жолмен қатаятын рентгено-айқын материал. Шығарылу түрі – паста-паста.
Кальцесил бір жағынан дентин мен ұлпа арасындағы қорғаныс-тосқауыл қызметін атқарады, ал басқа жағынан материалдар мен қышқылды генераторлар арасында да орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Ұлпаны тікелей емес жабу үшін емдік төсем ретінде қолданылады.
Құрамы:
-кальций гидрототығы
-метилсалицилат
-рентгено-айқынды толықтырғыш
-пастатүзгіш
-модифициялаушы қоспалар
Қолдану тәсілі. Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Арнулы қағаз немесе шыны пластинка бетіне базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін сығып шығару. 30секунд аралығында араластырып, оны сүңгі немесе жіңішке тегістегіштің көмегімен тісжегі қуысының табаны1на салу. Дайындап және қою уақыты – 2-2,5минут. Пастаның артығы бірден алынуы керек. Содан кейін аралық төсем қояды. 9
Ескерту: кальцесилді ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу кезінде қолдануға болмайды.
Кальцесил LC (ВладМиВа фирмасы)
Ұлпаны тікелей емес жабуға арналған сәулемен қатаятын рентгенайқын біркомпонентті материал.
Құрамы:
кальций сутотығы
рентгенайқындылықты толықтырғыш
олигокарбонатметакрилат
полимеризацияның инициаторы
полимеризацияның ингибиторы
Қолдану тәсілі. Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Материалмен тісжегі қуысының табанын жауып және ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 20секунд қатайту. Материалдың артығын бордың көмегімен алып тастау.
Ескерту: метакрилатқа аллергиясы бар науқастарға қолданылмайды.
Эстерфил Са (Диас фирмасы)
Кальций құрамдас сәулемен қатаятын композициялық төсемдік материал.
Қолдану көрсеткіштері:
-емдік және аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей емес жабу
-тістерді композиттермен реставрациялағанда байланыстырушы негіз ретінде
-фиссураларды герметизациялау
-V класс тісжегі қуыстары мен тісжегі емес зақымдануларды пломбылау
Материалдың құрамы мен қасиеттері.
Байланыстырушы негіз ретінде диметакрилді олигомерлер қоспасы, сонымен қатар фосфор құрамдас адгезионды-активті олигоэфиракрилат бар. Ал толықтырғыш ретінде биоактивті шыны қолданылады, ол кальций мен фторды бөле алады.
Материалдың құрамында 1мкм өлшемді толықтырғыш мөлшері 50% пайызға дейін. Материал кіреукеге тікелей жабысады, ал праймер қолданғанда дентинге де жабысады. Сауле толқынның ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен қатаяды.
Қолдану тәсілі.
Тісжегі қуысын пломбылауға дайындау. Қалыптастырылған тісжегі қуысын жуып, кептіріп алу. Материалды жұқа қабатпен тісжегі қуысының табанына салып, толқын ұзындығы 450-500нм галоген лампасымен 10секунд қатайту. Материал артығын бормен алып тастау.
Calcicur (Voco фирмасы)
Қолдануға дайын біркомпонентті рентгенайқынды материал. Алынатын канюласы бар шприц түрінде шығарылады.
Су негізіндегі паста болып табылады және ұлпаны тікелей жабуға, түбір өзектерін уақытша обтурациялауға арналған. Құрамындағы кальций гидрототығы 45% пайызға дейін, рН=12.
Calсimol (Voco фирмасы)
Өздігінен қатаятын рентгенайқынды екікомпонентті емдік төсемдік материал. Шығарылу түрі – паста-паста.
Барлық пломбалық материалдардың астына ұлпаны тікелей емес жабуға қолданылады.
Calcimol LC (Voco фирмасы)
Сәулемен қатаятын рентгеноконтрасты төсемді материал. Барлық пломбалық материалдардың астына ұлпаны тікелей жабуға қолданылады. Тұрақтылығымен, жақсы изоляциялық қабілеттілігімен және рН-тың бейтарап мәнімен ерекшелінеді.
Calcipulp (Septodont фирмасы)
Өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты біркомпонентті төсемді материал.
Құрамы:
кальций гидрототығы
барий сульфаты
толықтырғыш
Қасиеттері.
Сау ұлпамен жанасқанда немесе тікелей көршілескенде орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Тісжегі қуысының табанында цементтен түзілетін қышқылдарды бейтараптандырып, олардың ұлпаға енуіне кедергі жасайды. Егер материал жұқа қабатпен салынса, онда пломбылаудың сапасына әсер етпей тез қатаяды.
Қолдануға көрсеткіштер: 11
-терең тісжегі
-ұлпаның абайсызда ашылып алуы немесе оны ампутацияланудан кейін тікелей жабу
-жасанды сауыттар кигізу үшін егелген тістердің жоғары сезімталдылығын жоюға арналған жабынды ретінде
Қолдану тәсілі.
Қолданар алдында препараттың шприцін пластикалық тюбиктен бөліп алу және шприцтің қара кнопкасын сағат тілі бағытымен айналдырып, материалдың қажет мөлшерін қысып шығару. Кейін шприцтің кнопкасын қарама-қарсы жаққа айналдырып, инені аппликатор сияқты қолданып, материалды дайын тісжегі қуысының табанына енгізеді. Пастаның артығын алып тастайды. Материал 30секунд ішінде қатаяды.
Contrasil (Septodont фирмасы шығарған)
Өздігінен қатаятын лак болып табылады. Цементтің қышқылдық әсеріне тосқауылдық қызмет атқарып, ұлпада толық қорғанысты қамтамасыз етеді. Препараттың ағымдылығы оны тісжегі қуысының табанына жұқа, бірегей және тегіс қабатпен салуға мүмкіндік береді. Консистенциясы өзгермелі. Егер препараттың жоғары ағымдылығы керек болса, онда еріткіштің бірнеше тамшыларын қосуға болады.
Қолдану көрсеткіштері:
-терең тісжегі
-силикатты цементтермен пломбылаған жағдайда қорғаныс қабат ретінде
-пломбыға күштірек шайнау қысымы түскен болған жағдай да
Қолдану тәсілі.
Лактың аз ғана мөлшерін кисточкамен немесе стерильді мақта тампонмен тісжегі қуысының табанына жағады. Буланып ұшқаннан кейін препараттың қорғаныс қабаты қалады. Қажет болса манипуляцияны қайтадан орындайды.
Ескерту:
Толық бірегейлікті қамтамасыз ету үшін құтыны қолданар алдында шайқау керек.
Шығарылу түрі.
Құрамында 1 құтын лак және 1 құтын еріткіші бар қорап.
Dycal (Dentsply фирмасы) 12
Кальций гидрототығы құрамдас емдік-аралық төсем. Ұлпаны жабуға арналған классикалық материал. Оңай араластырылады, тез қатаяды. Қышқылдарға төзімді, түсі дентинге жақын. Қорытынды реставрациялаудың түсіне әсер етпейді.
Қолдану тәсілі.
Пластинада базалық және катализдік пасталардың тең мөлшерлерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады.
Шығарылым түрі. Паста-паста (базалық және катализдеуші)
Life (Kerr фирмасы)
Кальций гидрототығы құрамдас өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты материал. Ұлпаны тікелей және жанама жабуға және барлық пломбалық материалдардың астына цементтік негіз ретінде қолданылады. Оңай араластырылады, жақсы қалаптасады.
Пластинада базалық және катализдеуші пасталардың тең мөлшерлерін 10секунд ішінде гомогенді түс пайда болғанша араластырады. Материалдың қатаяю үрдісін оған сумен ылғалданған мақта тампонды жанастыр арқылы жылдамдатуға болады.
Life-тің артықшылықтары:
-орынбасушы дентинді түзеді
-пластикалық қасиеті жақсы
-ұлпа жалаңаштанғанда оның өмірге қабілеттілігін сақтайды
-шайнау қысымына жақсы жөтеп бере алады
-ұлпаны температуралық тітіркендіргіштерден қорғайды
-композиттік материалдардың полимеризациялануын тежемейді
-қышқылдармен өңдегенге турақтылығын сақтайды
-ұлпаны пломбалық материалдың токсикалық әсерінен қорғайды
-рентгеноконтрасты
Жұмыс уақыты – 2,5-6минутқа дейін.
Сақтау шарты.
Материалды 10-25◦С температурада сақтап, 18-24◦С температурада қолданған жөн. Температура мен ауа ылғалдылығының жоғарылауы жұмыс уақытын қысқартады.
Ескерту.
Кейбір композиттердің химиялық табиғаты әсерінен Life боялуы қызғылт түске уақытша мүмкін. Бұл қызғылт түс 2сағат ішінде жойылып, Life пен композиттің физикалық қасиеттері мен биологиялық сәйкестілігіне әсер етпейді.
13
Septocalcine ultra (Septodont фирмасы)
Кальций гидрототығы негізіндегі өздігінен қатаятын рентгеноконтрасты материал. Аралық төсем ретінде ұлпаны тікелей және жанама жабуға қолданылады.
Шығарылу түрі - паста-паста
Араластыру уақыты – 10-15секунд
Қатаяю уақыты – 2минуттай
