Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.61 Кб
Скачать

Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.

Төменде дәріханада жасалынатын пасталар көрсетілген.

Бұл емдік төсемдер тобының көптеген кемшіліктері бар, ең негізгісі – дайындаудың күрделілігі, беріктілік қасиеттері төмендеу. Сондықтан оларды сирек қолданады.

Сүйек-гепаринді паста.

Бөлек сақталатын екі компоненттен тұрады – сүйек ұны мен 0,5% гепарин жақпасы.

Қолданар алдында дайындалады. Қою паста консистенциясына дейін 10:1 қатынаста араластырылады.

Жедел ағымды терең тісжегі мен ұлпа қабынуларын консервативті емдеуде емдік төсем ретінде қолданылады.

Гепарин микроцияркуляцияны қалыптастырады, ал сүйек ұны дентин түзілуін белсендіреді.

Лизоцим-витаминді паста.

3 компоненттен тұрады: лизоцим – 0,01; А-витаминінің майлы ерітіндісі – 0,1; мырыш оксиді паста консистенциясына дейін.

Қолданар алдында дайындалады.

Жақсы антимикробты әсер етеді, ұлпаның репаративті қызметі мен бейспецификалық резистенттілігін күшейтеді.

Паста ММП.

Прополис пен араның аналық сүті негізіндегі емдік төсем.

Қолданар алдында дайындалады. 4%прополис тұндырмасы мен аналық сүтті 4:1 қатынаста араластырады.

Қабынуға қарсы, жансыздандыратын, иммунитет реттеушілік әсер етеді.

Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.

Кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемдер терапиялық стоматологияда кеңінен қолданылады.

Құрамы.

Негізін кальций гидрооксиді құрайды. Бұл ұсақдисперсиялы ұнтақ, рН-ы - 12,4. Кальций гидрооксиді атмосфералық көмірқышқыл газына өте сезімтал болып келеді, аудан сіңіріп оны кальций карбонатына айналдырады.

Қасиеттері.

Ұлпаны кальций гидрооксидімен тікелей емес жапқанда, оның жоғары рН-ына (10-12) байланысты дентин өзекшелерін толтырып, орынбасушы дентиннің түзілуіне әсерін тигізеді. Препараттың жоғары сілтілік ортасы антисептикалық әсер етіп, мырыш-фосфатты цементтерден шығатын қышқылдарды бейтараптандырады.

Препаратпен ұлпаны тікелей жапқанда алдымен дегенерациялану аймағы мен 50-150мк тереңдікте некроз дамиды. Кейін ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі қалпына келіп, ал 1-айдан соң ұлпа мүйізшесі ашылған аймақта дентинен кұрылған көпірлер қалыптасады.

Шығарылу түрі.

Кальций гидрооксиді негізіндегі емдік пасталар ұнтақ-сұйықтық, паста-паста және біркомпонентті паста (өздігінен және сәуле әсерінен қатаятын) түрінде шығарылады.

Сәулемен қатаятын емдік пасталар химиялық жолмен қатаятын препараттарға қарағанда компрессиялық беріктігі жоғарылау. Бірақ химиялық жолмен қатаятын препараттар бактериостатикалық қасиетке ие және тісжегі қуысы мен төсем арасында микробкеңістіктердің түзілу мүмкіндігі төмен.

Оң қасиеттері.

-Қабынуға қарсы

-Антисептикалық әсер етеді

-Орынбасушы дентин түзілуін ынтыландырады

Теріс қасиеттері. 8

-рН деңгейінің (12-ге дейін) жоғары болуынан ұлпаның некроздануы мүмкін

-дентикл мен петрификаттар түзілген жайғдайда, тіс қуыстарының жартылай облитерациялануы мүмкін.