Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.61 Кб
Скачать

VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру

Техника тісті шыныиономерлі цементпен жартылай қалпына келтіруге негізделген, ал ШИЦ сыртынан беріктеу композитті материалмен қапталады.

Әдістің артылықшылықтары:

  1. композитті материалдың отыру компенсациясы

  2. ШИЦ-тің тісжегістатикалық эффектісі

  3. пломбаның қуыстың тереңдеу бөліктердегі химиялық адгезиясы

  4. қолданылатын материалдар бағасының төменділігі

  5. аз уақыт кетеді

Сэндвич-техникасының жабық әдісін қолдануға көсреткіштер:

-композитті материалдың отыруын қиын түрде компенсирлейтін қуыстарды пломбылау

-жоғары беткейлік беріктілік пен эстетика қажет болғандағы уақытша тістерді реставрациялау

-түбірлері қалыптаспаған тістерді уақытша немесе тұрақты пломбылау

-тісжегінің декомпенсирленген ағымы жоғары эстетикалық талаптар кезінде

-композитті материалды қолдануға альтернатива болғанда

Сэндвич-техникасының жабық әдісінде дентин ақауы жартылай немесе толық түрде ШИЦ-пен, ал кіреуке – композитті материалмен жабылады. Осындай мақсаттар үшін ең жақсысы ол ШИЦ-ті қолдану,себебі оның дентинге де, композитке де адгезиясы жақсы, қысымға берік.

Сэндвич-техникасының жабық әдісінде жүктелген реставрацияларға арналған әдеттегі ШИЦ-тер, күмісқұрамдас және гибридті түрлері қолданылады. Сонымен қатар төсемдік ШИЦ-ті қолдануға болады,егер де оның инструкциясында бұл материалды композитті материалдармен реставрация кезінде негізі ретінде қолдануға жарайды деп жазылса. 48

Пломбаны мүсіндегенде шыныиономерлі негіздің беті кіреуке-дентин шекарасынан сәл төмендеу және мүмкіндігінше оның пішінін қайталау керек. Бұндай жағдайда қалған дентиннің жұқа полоскасы белгілі бір дәрежеде кіреукенің, композит пен шыныиономерлі цементтің эластикалық модулінінің әр түрлілігін компенсирлейді, өйткені дентин кіреуке мен композитке қарағанда эластикалылығы жоғарылау.

Егер де композит астына негіз әдеттегі ШИЦ-тен жасалса, онда цемент пісіп-жетілгеннен кейін кейінге қалтырылған сэндвич техникасын орындау керек. Олай болмаса, ШИЦ-пен байланысатын композитті материалдың полимеризациялық отырунан пісіп-жетілмеген шыныиономер қуыс түбінен бөлінуі мүмкін.

Кейінге қалтырылған сэндвич техникасы кезіндегі кезеңдердің реттілігі:

-композитке арналған кеңістікті шыныиономерлі материалмен 24сағатқа жабу

-келесі қабылдауда – уақытша пломбалық материалды немесе цементтен қойылған пломбаның жоғарғы қабатын алу, қуысты жуып-шаю

-қажет болса – кіреуке жиектерін дайындау (финирлеу,скос жасау)

-ШИЦ және қуыс қабырғаларын қышқылдандыру

-жуып-шаю, кептіру

-композитті салу, конденсациялау, мүсіндеу және полимеризациялау

-пломбаны соңғы рет өңдеу

Сэндвич-техникасының ашық әдісі қызыл иек астына жайылған қуыстарда қолданылады. Әдетте бұл II, III, IV және V класс тісжегі қуыстары.

Техниканың негізі – тісжегі қуысының қызылиекасты бөлігі, сонымен бірге оның қызылиекүсті бөлігі жанаспалы пунктке 1-2мм-ге жетпей ШИЦ-тен, ал жанаспа пункті және окклюзиялық бөлік – композитті материалдан жасалады.

Бұл әдіс ең критикалық және ең күрделі реставрация бөлігінде – қызылиекасты және үстінде химиялық адгезия мен тісжегістатикалық эффектіні қамтамасыз ете алады.

Бұл техника үшін тек қана гибридті немесе ылғалға төзімдірек берікті шыныиономерлерді қолдануға болады.

ШИЦ матрицаларды қолданумен мүсінделеді, қызыл иек астына – металды матрицалар жақсырақ. Қатаюдан кейін тістерді бөліп, жанаспа пунктін қалыптастыру үшін мөлдір матрицаны қондыруғаболады. Қалғанында техника сэндвич-тің жабық әдісін қайталайды.

5-сурет. ІІ класс тісжегі қуыстарын реставрациялау: а – сэндвич-техникасының жабық әдісі, б - сэндвич-техникасының ашық әдісі, в – ламинерленген сэндич-әдісі. 49