- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
Мұндай жағдайларда ШИЦ-терге альтернатива ретінде микрофильді және аққыт композитті материалдар, сонымен қатар компомерлер болып табылады.
ШИЦ-тердің ерекшеліктері:
-тісжегінің декомпинсерленген ағымы
-ауыз қуысының нашар гигиенасы
-тісжегі үрдісінің тіс түбіріне, қызыл иек астына жайылуы
-композитті материалдарды қолдануға (композит компоненттеріне аллергиялық реакциялар) немесе фотополимеризацияға (фотосезімтал препараттарды қабылдау, фотобиологиялық реакцияларға қабілеттілік) қарсы көрсеткіштердің болуы
-композиттік материалдарды техникалық жағынан қолдана алмау
Эстетикалық реставрациялау үшін әдеттегі ШИЦ-тер қолданылады – ең тиімдісі гибридті түрлері (егер фотополимеризацияға қарсы көрсеткіш болмаса). Егер эстетикалық параметрлер ешқандай мән берілмесе, онда жүктелген реставрацияларған арналған цементтерді қолдануға болады.
Жұмыс кезеңдері:
1.Тіс шөгінділерін профессиональды алу
2. Тісжегі қуысын мұқият егеп-тазалау, кіреуке жиектерін финирлеу
3. ШИЦ түсін таңдау.
4. Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
5. Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою (Calcimol LC, Reocap E, Urbical LC және т.б.)
6. Қажет болса – сыналарды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
7. 10-30секундқа кондиционерді жағу
8. Кондиционерді жуып-шаю
9. Қуысты аздап кептіру
10. Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
11. Материалды салу. Әдеттегі ШИЦ және үш рет қатаятын гибридті ШИЦ бір порциямен салынады. Қосарланып қатаятын гибридті ШИЦ-ті фотоплимерлі композиттер сияқты қалыңдығы 2мм-дей салып, әр қабаттарын қатайтқан жөн.
12. Металл аспап көмегімен модельдеу. Материалды суландырып тығыз сығылған мақта анжымен конденсациялауға болады. Материал жылтырлығы мен ағымдылығын жоғалта бастағанда, модельдеуді бірден тоқтату керек.
13. Пломбаны ылғалдан арнайы сәулеленбеген фотоқатаятын адгезивпен 5-7минутқа біріншілік қатаю аяқталғанша оқшаулау қажет. Бұл кезең гибридті ШИЦ-терден қиылған пломбаларға тән емес.
14. Материалдың артығын өткір қол аспабымен немесе төмен жиіліктегі ротациялы аспаппен алып тастау. Гибридті ШИЦ-ті қолданғанда, пломбаны соңғы рет тегістеуді және жылтыратуды бірден жүргізуге болады.
15. Пломба бетін оқшаулау
16. Пломбаны 24сағаттан кейін соңғы рет тегістеу мен жылтырлату
Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
Бұл жағдайда ШИЦ-ті қолданудың артылықшылықтары - балалар үшін өзекті мәселелердің бірі – тістің қатты тіндерін көп алып, егеп-тазалауды қажет етпейді және де бұл материалдардың тісжегістатикалық қасиеті бар.
Уақытша тістің салыстырмалы түрде ұзақ уақыт қызмет ету цементтерді айқын жүктемеге ұшырайтын жерлерде қолдануға болады.
Композиттерді уақытша тістерді пломбылау үшін келесі себептер қатарынан қолданбайды:
-қатты тіндердің төмен дәрежелі минерализациясынан тотальды қышқылданудың мәнсіз болуы
-композитті қолдану техникасының күрделілігі
-тісжегіпрофилактикалық эффектінің болмауы
Сүт тістерді пломбылау үшін жүктелген реставрацияларға арналған ШИЦ-ті, күмісқұрамдас ШИц пен гибридті ШИЦ-ті қолдануға қолайлы.
Жұмыс істеу жоғарыда айтылған кезендері қайталайды, сондықтан қысқартылған нұсқада жүргізіледі:
Тіс шөгінділерін профессиональды алу
Тісжегі қуысын егеп-тазалау
ШИЦ жүгін таңдау.
Операциялық алаңды ылғалдан оқшаулау
Терең тісжегі қуысы кезінде – кальций гидрооксиді негізіндегі емдік төсемді қою
Қажет болса – клиньяларды, матрицаларды, ретракиялық жіптерді қондыру
10-30секундқа кондиционерді жағу
Кондиционерді жуып-шаю
Қуысты жеңіл түрде кептіру
Ұнтақ пен сұйықтықты мөлшерлеп, араластыру
Материалды салу.
Пломбаны модельдеу
Пломба бетін оқшаулау
Біріншілік қатайғаннан кейін пломбаның артығын алып тастау
Пломба бетін оқшаулау
Пломбаны соңғы рет тегістеу және жылтырлату
