- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
Компомерлер
Компомерлердің қосарланып қатаятын ШИЦ-терден принципиальды ерекшелігі – полимерлі матрица мөлшерінің көп болуы және полиқышқылды компоненттің аз болуы. Полиқышқылды компоненттің аз болуынан қышқылды-сілтілі шыныиономерлі реакциямен материалдың қатаюы жүре алмайды.
Компомерлер әдетте біркомпонентті паста тәріздес материалдар болып табылады, олар өздігінен метакрилат топтарының полимеризациялану жүйесінің ынтасынсыз қатаймайды.
Нарықта алғаш рет пайда болған коммерциялық материалдар Expaliner (Pierre Rollan) – 1985 жылы, Ionosit (DMG) – 1987 жылы болды.
1993 жылы нарықта Dyrect (De Trey/Dentsply) пайда болды және “компомер” деген сауда атқа ие болды.
Компомер құрамы
Компомерлер композиттерге типті полимеризация реакциясы тән композиттік материалдар болып табылады.
Толықтырғыш – бұл әр түрлі қосындылары бар реактивті фторалюмосиликатты шынының бөлшектері. Толықтырғыш 52-60% құрайды. Шыныдан басқа толықтырғыш құрамына инициаторлар, стабилизаторлар мен пигменттер кіреді.
Органикалық матрица – мономер, оның құрамында полимеризациялайтын композиттік шайырлар тобы да, шыныиономерлік полимердің қышқылды топтары да бар. Бұл шайырлар ароматты (Bis-GMA), уретанды (UDMA), алифатикалық (TEGMA), диметакрилаттар.
Қазіргі кезде компомерлердің 2 өкілі белгілі. 363
Бірінші өкілдегі материалдар. Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-стронций шыны бар. Құрылымы бойынша олар ШИЦ-терге жақын келеді, төмен механикалық беріктілік пен жоғары қажалу деңгейі тән.
Екінші өкілдегі материалдар. . Толықтырғыш ретінде фтор-кремний-алюминий-барий шыны бар. Толықтырғыш құрамына қосымша сферосил кіреді, ол механикалық беріктіліктің жоғарылауы мен оның сорғыштығын төмендетіп, материалдың жоғары оптикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Компомерлердің адгезиясы.
Компомерлерді композиттерге арналған әдеттегі адгезивті жүйелермен және қышқылдандыруды қажет етпейтін меншікті адгезивті жүйелермен бірге қолдануға болады. Әдетте мұндай адгезивті жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен қышқылданатын немесе өздігінен кондиционерленетін болып табылады, сондықтан компомерлердің адгезия түрі кез келген жағдайда қазіргі заманға сай композиттер адгезиясына ұқсас және микроретенцияға негізделеді.
Компомерлердің ерекшеліктері:
-ШИЦ-терге қарағандағы ылғалдылыққа төмен сезімталдық
-жеткілікті беріктік
-эстетикалық қасиеттері жақсы
-фтордың бөлінуі
-жақсы биосәйкестілік
-қышқылдануды қажет етпейтін адгезивті жүйелермен бірге әсерлеседі
Компомерлердің кемшіліктері:
-жоғары шайнау қысымы түсетін аймақтарға қолданылмайды
-жеткіліксіз жылтырлануы (композитті материалдармен салыстырғанда)
-материалдың гигроскопиялық түрде кеңеюінен пломба-тіс шекарасының боялу мүмкіншілігі
-тісжегістатикалық эффекті жеткіліксіз
Компомерлерді қолдану көрсеткіштері:
Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
Уақытша тістерді реставрациялау (барлық класс тісжегі қуыстары)
Тістердің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау, (мойын маңында орналасқан)
Тұрақты тістерде үлкен емес I және II класс тісжегі қуыстарын пломбылау
Тұрақты тістерде I және II класс тісжегі қуыстарын уақытша пломбылау 37
Фиссураларды герметизациялау (арнайы компомерлі герметиктармен)
Барлық кластағы аса үлкен емес тісжегі қуыстарын протез қою алдында пломбылау (керамикалық сауыттардан басқа)
Сэндвич-техниканың ашық әдісін қолданғандағы дентиннің орынбасуы
Амальгама астына төсемдік материал ретінде қолдану
Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
Түбір қабырғасы мен тіс қуысы табанының перфорациялары кезінде оперативті және оперативті емес жабу
Ортопедиялық және ортодонтиялық аппараттарды бекіту (химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді қолдану)
Ветеринарлық стоматологияда
Компомерлермен жұмыс істеу ережесі тәжірибе жүзінде композитті материалды қолданудың барлық кезеңдерін қайталайды, біреуінен басқасын – тотальды қышылдандыру.
Компомерлердің кең таралған түрлері болып табылатын Dyrect AP, бекіткіш материалдар Dyrect Cem (Dentsply фирмасы), Compoglass және Compoglass Flow (Vivadent фирмасы), Elan (Kerr фирмасы).
Компомерлер шығарудағы технологиялық жетістіктер олардың физико-механикалық қасиеттерін жақсартуға, жоғары ағымды материалдарды жасауға, химиялық жолмен қатаятын бекіткіш компомерлерді шығаруға бағытталған.
Уақытша тістерді реставрациялауға арналған арнайы компомерлер бар. Бұл материалдардың түстері әр түрлі (алтын, қызғылт, көк, сары, жылтыры бар), ал бұл балалардың емделуге деген қызығушылығын тудырады (Twinki Star, DMG MagicFil).
MagicFil компомері – алғашқы қосарланып қатаятын паста-паста түріндегі компомерлік жүйе. Материалды бір қабатпен салып, оның біртекті полимеризациялануын қамтамасыз етеді.
Comp Natur компомердің опакерлік жүйесі мен қызыл иек түстісі бар, ол қызыл иек рецессиясы кезінде тістің мойын бөлігіндегі қызыл иек ақауын реставрациялауға арналған.
