- •Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:
- •Мырыш-эвгенолды цементтер:
- •Аралас емдік пасталар:
- •Официональды аралас емдік пасталар
- •Дәріханада жасалынатын, аралас емдік пасталар.
- •Кальций гидрооксиді құрамдас материалдар.
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Мырыш-эвгенолды цементтер
- •Толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Ортоэтоксибензой қышқылы (ева) бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер
- •Материалдардың сипаттамасы
- •Шыныиономерлі цементтер
- •Химиялық жолмен қатаятын шиц-тердің кемшіліктері:
- •1 Подтип – эстетикалық реставрациялар үшін
- •2 Подтип – жүктелген реставрациялар үшін
- •Түбір өзектерін обтурациялауға арналған шиц-тер 26
- •Металл құрамдас шиц-тер
- •Шыныиономерлі цементтермен жұмыс істеу қағидалары
- •Тісжегі қуысын егеп-тазалау.
- •Ұлпаны оқшаулау.
- •Беткейлік кондиционерлеу.
- •Тістің қатты тіндерін алып кептіру.
- •Ұнтақ пен сұйықтықты мұқият мөлшерлеу.
- •Операциялық алаңды оқшаулау.
- •Материалды араластыру.
- •Пломбаны алдын ала өңдеу (II тип материалдары үшін).
- •Пломбаны соңғы рет жылтырлату.
- •Гибридті шыныиономерлі цементтер
- •Компомерлер
- •Компомер құрамы
- •Шыныиономерлі цементтердің клиникалық қолданылуы
- •Тұрақты тістердің III және V класс бойынша тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Жұмыс кезеңдері:
- •Уақытша тістерде барлық класс тісжегі қуыстарын пломбылау
- •Мойын аймағында орналасқан тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын пломбылау
- •Тіс түбірінің тісжегісі
- •V. Тұрақты тістерді кейінірек түрде уақытша пломбылау
- •VI. Тістердің тісжегісін art-әдісін қолданып емдеу
- •VII. Сэндвич-техникасының әр түрлі нұсқауларын қолданғанда дентинді орынбастыру
- •Сауыты қатты бұзылған кезде тіс тұқылын протездеу алдында реконструкциялау
- •Іх. Қызыл иек рецессиясы кезінде сауыттардың маргинальды ақауларын толтыру
- •Х. Композитті материал, амальгама және керамикалық салмалар астына төсемдік материал
- •Хі. Салмалар, жасанды сауыттар, көпір тәрізді протез бен ортодонтиялық аппараттарды бекіту
- •Хіі. Өзекішілік және парапульпарлы метал штифтері мен тұқылды салмаларды бекіту
- •Хііі. Түбір өзектерін гуттаперчалы штифтермен пломбылау
- •XIV. Түбір ұшы резекциясын жасағанда түбір өзектерін ретроградты пломбылау
- •XV. Түбір қабырғасы мен бифуркация перфорацияларын жабу
- •Тест тапсырмалары
Гибридті шыныиономерлі цементтер
ШИЦ-тердің ерігіштігін төмендету мақсатымен әдеттегі ШИЦ-терді жетілдіру классикалық ШИЦ-терге радикалдар реакиясынан полимеризацияға қабілетті полимерлік матрицаны қосу болжамданған. Бұл технология DMG компаниясымен 1985 жылы құрастырылған болатын және “полимеризацияға қабілетті цементтік қоспалар” деп атанды. DMG фирмасы Ионозитті (иономер+композит) сауда маркасы ретінде енгізген. 32
1988 жылы нарықта екіншілік қатаятын ШИЦ атанған алғашқы материал пайда болды – сәулемен қатаятын шыныиономерлік төсемдік материал Vitrebond (3M компаниясы). Бұл класс материалдары гибридті ШИЦ-тер немесе полимермен модификацияланған ШИЦ-тер деген атқа ие болды.
Гибридті ШИЦ-тердің құрамы.
Ұнтақ – рентгеноконтрастты фторалюмосиликатты шыны болып табылады, кейде оған кептірілген кополимеризатты қосады.
Сұйықтығы – негізінен қышқылдардың кополимер ерітіндісі болып табылады, бірақ полиқышқылдардың молекулалары оларға біршама қанықпаған метакрилат топтарының қосылуымен модификацияланған. Бұл модификацияланған радикалдар молекулалары соңында сәуле әсерінен бір-бірімен байланысады.
Сұйықтықта сонымен қатар гидрооксиэтилметакрилаттың сулы ерітіндісі (HEMA), шарап қышқылы және де сәулемен қатаюға қажетті фотоинициатор (камфорахинон типтес) бар. Сұйықтық фотоактивті, сондықтан қара бөтелкеде немесе капсулада сақталуы қажет.
Гибридті ШИЦ-тердің қатаю механизмдері.
Бұл ШИЦ-тер класының қатаю механизмдері үшеу:
Бос радикалдардың фотоынталандырылған метакрилатты полмеризациясы, ұнтақ пен сұйықтықтың қоспасын сәулелегенде жүреді және мықты құрылымның түзілуімен жүретін жедел реакцияны және қолданудағы ыңғайлылықты қамтамасыз етеді;
Қышқылды-сілтілі шыныиономерлік реакция кезінде фтор бөлініп, тіс тіндерімен ион алмасу жүреді, ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда пайда болады және де материалға тән қасиеттер береді;
Сәуленің әсерінсіз бос метакрилатты радикалдардың өздігінен полимеризациясы, ол ұнтақ пен сұйықтықты араластырғанда жүреді, және сәуле жетпейтін жерлерде толық қатаюды қамтамасыз етеді.
Кейінгі жылдары сауыттарды, көпір тәрізді протездерді, салмаларды, штифтер мен ортопедиялық құрылымдарды бекітуге арналған гибридті ШИЦ-тер шығарылды, олар сәуле әсер інсіз қатаяды.
Гибридті ШИЦ-тер қасиеттері жағынан қарапайым ШИЦ-ге жақын, бірақ біраз ерекшеліктері бар.
Дентин, кіреуке мен цементке химиялық адгезия. Химиялық адгезия қышқылдандыруды жасамай-ақ сақталады, бірақ адгезияның негізгі компоненті болып табылмайды. Әдеттегі шыныиономерлік байланысқа пластмассалық матрицаның бекітілуі қосылады. Кополимер сұйықтығы қышқыл бола тұра, ШИЦ-ті қуысқа салғаннан кейін өзіне тән кондиционер қызметін атқарады. Өзі жағылған дентин қабатын ыдыратып, түрлендіреді, дентинді иондар мен төменмолекулалы НЕМА шайырлары үшін аса енгіш етеді. Олар ыдыраған тінге еніп және бірмезгілде өзінде түрлендірілген полиқышқылдардың метакрилат топтарын бекітеді. Сәулелендіргеннен кейін барлық осы құрылым тіс тіндерінің бетінде бекіп, берік болады. Демек, адгезия механизмі адгезивті жүйелердің 3-нші өкілінің әсер етуін елестетеді.
Фтортәуелді тісжегі тұрақтылық эффекті бар материалдар тобында сақталады, себебі фтор бөлінуімен жүретін қышқылды-сілтілі реакция әдеттегі ШИЦ-тердегідеі жүреді.
Биосәйкестілік, антитоксикалық қасиет. Фотоқатаятын ШИЦ –тердің араластырғаннан кейінгі инициальды қышқылдығы аздау, сондықтан да оның ұлпаға тітіркендіре әсері төмен.
Жоғары беріктілік. Жаңа материалдар өздігінен қатаятындарға қарағанда беріктеу, себебі оларда пластмассалы матрица бар, олардың беріктілігі микротолтырылған композиттер беріктілігіне жақындайды. Материалдың бетін өңдеу міндетті түрде ол қатайғаннан кейін жүргізілуі керек.
Төмен эластикалық модулі. Гибридті ШИЦ-тердің эластикалық модулі композиттерге қарағанда төмендеу. Сондықтан бұл материалдарды сэндвич-техникасының ашық және жабық әдістерінде қолданған жөн.
Отыруы. Осы генерацияның көптеген материалдарындағы пластмассаның құрамы онша жоғары емес, сондықтан да отыруы да әдеттегі ШИЦ-терге қарағанда онша көп емес (3,8-4,8%).
Ылғалдылыққа төмен сезімталдық. Материалдың тез полимеризациялануы оны ылғалдылықтың артығына немес жетіспеуіне тұрақты етеді.
Эстетикалық қасиеттер. Пластмассалы матрицаның болуы гибридті ШИЦ-тердің ең жақсы эстетикалық қасиеттерін қамтамасыз етеді. Олар мөлдірлік және жылтырлық.
Гибридті ШИЦ-тердің артықшылықтары:
-материалдың тез қатаюы
-фотополимеризациядан кейінгі жоғары беріктілік сынғыштығының төмендігі, микротесіктердің болмауы
-тіс тіндеріне берік адгезиясы
-ылғалдылық пен құрғап кетуге тұрақтылық
-тез арада жылтырлату мүмкіндігі
-жұмыс істеуге ыңғайлы (жұмыс уақыты майысқақ, уақытта енгізіледі, барлық қалыңдығы мен сапалы қатаяды)
Гибридті ШИЦ-терді қолдануға көрсеткіштер әдеттегі ШИЦ-тердегідей. Гибридті материалдар сэндвич-техникасының ашық әдісінде қолданыла алады.
Гибридті ШИЦ-термен жұмыс істеу ережелері:
-пломбылау алдында әдеттегі кондиционерлер қолданылады
-қосарланып қатаятын ШИЦ-пен жұмыс істегенде оларды қалыңдығы 2мм-дей қабаттармен салу керек, әр қабатты фотополимеризациялау қажет. Егер терең тісжегі қуысында сәулеөткізгіштің тореці материалға тығыз жанаспаса, ал одан біршама қашықтықта орналасса, онда фотополимеризация уақытын ұзарту керек.
-полимеризациядан кейін ылғалдылықты мұқият түрде бақылау қажет емес, пломбаны 24сағатқа оқшалаумауға болады
-пломбаны соңғы рет өңдеуді сол қабылдауда жүргізуге болады
-қажет болса цементті фотополимеризациядан кейін қышқылдандыруға болады
-композитті материалдың гибридті цементтің қышқылданбаған бетімен химиялық байланыс түзетінін ескере отырып, ШИЦ-ті тек мына жағдайда ғана қышқылдандыру қажет – егер кесетін аспаппен цементтік базаны түзету керек болса. Егер коррекция жүргізілмесе, цемент бетіне бірден кіреуке адгезиві мен композитті материалды қоюға болады.
Гибридті ШИЦ-тердің өкілдері:
Қалпына келтіретін материалдар:
Vitremer TC
Photac-Fil (Quick) (3M ESPE фирмасы)
Fuji II LC (GC фирмасы)
Төсемдік цементтер:
Vitrebond (3M ESPE фирмасы)
Aqua Cenit (VOCO фирмасы)
Fuji Bond LC (GC фирмасы) 35
Fuji Lining LC (GC фирмасы)
XR-Ionomer (Kerr фирмасы)
Бекіткіш материалдар:
Rely X Luting (3M ESPE фирмасы)
Fuji Plus (GC фирмасы)
Fuji Plus EWT (GC фирмасы)
Fuji Cem (GC фирмасы)
Fuji Ortho LC (GC фирмасы)
