Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.61 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

БАСКАКОВА И.В., БАКБАЕВ Б.Б.

ЗАМАНАУИ ПЛОМБЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР.

ЕМДІК ТӨСЕМДЕР. ШЫНЫ ИОНОМЕРЛІК ЦЕМЕНТТЕР.

КОМПОМЕРЛЕР.

(ОҚУ ҚҰРАЛЫ)

АЛМАТЫ, 2009

УДК 616.31:615.46 (07)

Баскакова И.В., Бакбаев Б.Б. Заманауи пломбылық материалдар. Емдік төсемдер. Шыны-иономерлік цементтер. Компомерлер. (оқу құралы). –Алматы, 2009. 66 бет.

Құрастырған : С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың терапиялық стоматология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Баскакова И.В.

Аударған: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың стоматологиялық кафедрасының ассистенті Бакбаев Б.Б.

Рецензенттер:

Қазақстан медицина институтының стоматология кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Сулейменова Р.А.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ терапиялық стоматология кафедра-

сының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Мезгілбаева Д.М.

Осы оқу құралында қазіргі кезде кеңінен қолданылатын пломбылық материалдар, емдік төсемдер, шыны иономерлік цементтер, компомерлер көрсетілген. Пломбылық материалдардың оның ішінде цементтер тарихы жазылған. Емдік төсемге қойылатын талаптар , оларды қолдану қағидалары , төсемді қою әдісі мен тактикаларының толықтай сипаттамасы берілген. Шыны иономерлі цементтер мен компомерлік материалдардың құрамы, олардың қатаю механизімі, жіктелуі, клиникалық қолдануға маңызы бар негізгі қасиеттері жеке дара көрсетілген. Шыны иономерлік цементтер мен компомерлерді клиникалық ситуациялық жағдайда қолданудың практикалық аспектілеріне көңіл бөлінді.

Студенттерге, клиникалық ординаторларға ,аспиранттарға, «Стоматология» мамандығы бойынша жоғарғы медициналық оқу орнының оқытушыларына арналған.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе...............................................................................................

Емдік төсемдер.................................................................................

Аралас емдік төсемдер....................................................................

Дәріханада дайындалатын емдік төсемдер....................................

Кальций гидрооксид құрамдас материалдар................................

Цинк-эвгеолды цементтер...............................................................

Беріктелінген цинк оксид

-эвгенолды цементтер, толықтырғыштар....................................

Ортоэтоксибензой қышқылымен цинк оксид

-эвгенолды цементтер.......................................................................

Шыны иономерлік цементтер (тарихи анықтама)...........................

Шыны иономерлік цементтің құрамы...............................................

Шыны иономерлік цементтің шығарылу түрі..................................

Шыны иономерлік цементтің қатаюы...............................................

Шыны иономерлік цементтердің негізгі қасиеттері........................

Шыны иономерлік цементтердің түрлері.........................................

Түбір өзегіне арналған шыныиономерлік цементтер....................

Металл құрамдас шыныиономерлік цементтер..............................

Шыны иономерлік цементтермен жұмысістеу ережесі..................

Гибридті шыны иономерлік цементтер...........................................

Компомерлер.....................................................................................

Шыны иономерлік цементтерді клиникада қолдану......................

Тестік тапсырмалар...........................................................................

Тестік тапсырмалардың жауап эталондары....................................

Әдебиеттер..........................................................................................

Емдік төсемдер

Емдік төсем ( синонимі – суббазалық төсем ) тіс ұлпасына, қалған микрофлораға емдік әсер ету үшін тісжегі қуысының табанына, кальций қосындыларын жоңғалтқан дентинге оның минералдануы үшін қойылады.

Емдік төсемдер құрамында дентин мен ұлпаның табиғи қорғаныс механизмдерін күшейтуге, қайталама тісжегі мен ұлпаның қабынуын тудыруға қабілетті тісжегі қуысының инфекциясын тежеуге қажетті белсенді дәрілік заттар бар.

Емдік төсемдер қойылатын ілімдер:

  1. Терең тісжегі

  2. Тіс қуысының абайсыздан ашылып кетуі

  3. Ұлпа қабынуын консервативтік әдіспен емдеу

Емдік төсемдердің жіктелуі:

  1. Кальций гидрооксиді негізіндегі материалдар:

- өздігінен қатаятын

- сәулемен қатаятын

  1. Мырыш-эвгенолды цементтер:

- меншікті мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

- толықтырғышы бар беріктетілген мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

- ортоэтоксибензой қышқылы бар мырыш-оксид-эвгенолды цементтер

  1. Аралас емдік пасталар:

- официнальды комбинирленген емдік пасталар

- ex tempore дайындалатын комбинирленген емдік пасталар

Емдік төсемдерге қойылатын талаптар:

Емдік төсемдер келесі қасиеттерге ие болу керек:

- тіс ұлпасына репаративті және қабынуға қарсы әсер ету керек

- дентиногенезді белсендіру керек

- антибактериальды болу керек

- пластикалық болу қажет

- адгезиясы жақсы болуы тиіс

- қатайғаннан кейін қысымды көтеру керек

Терең тісжегін емдеу төмендегі нұсқауларға сай жүргізілуі мүмкін:

  1. Тісжегі қуысын егеп-тазалау және оны бір қабылдауда пломбылау

  2. Максимальды түрде толық некрэктомия жасап, тісжегі қуысын егеп-тазалау, емдік төсем және уақытша пломба қою. 12-14 күннен кейін тұрақты пломбылау.

  3. Дентиннің деминералсыздану аймақтары шекарасында бұзылған тіндерді толық алмай, тісжегі қуысын егеп-тазалау, емдік төсем және 1 айға уақытша пломба қою, кейін оны тұрақты пломбыға ауыстыру.

Емдік төсемдерді қою тәсілі.

Терең тісжегіні көрсеткіш бойынша 1 немесе 2 кезеңде емдеуге болады.

Бір кезеңде емдеу реттілігі:

  1. Жансыздандыру

  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау

  3. Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау

  4. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу

  5. Тісжегі қуысын коттонды немесе поролонды шариктер көмегімен немесе ауамен кептіру

  6. Емдік төсемді таңдау. Емдік төсемге ұлпаны тікелей немесе жанама жабуға арналған препарат немесе материалды қолдану мүмкіндігі ескеріледі. Терең тісжегіні бір кезеңде емдеуде жиі кальций негізіндегі емдік төсемдер қолданылады.

  7. Сүңгі ұшымен немесе тар тегістегішпен емдік төсемді салу. Емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу керек емес. Емдік төсемді ұлпа мүйізшелері проекциясы бойынша нүктелі түрде немесе тісжегі қуысының ең терең жеріне қояды (тікелей емес жабу) немесе ұлпа мүйізшесі ашылған жеріне (тікелей жабу).

  8. Аралық төсемді қою. Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.

  9. Тұрақты пломба қою

  10. Пломбаны тегістеу және жылтырату

Екі кезеңде емдеу реттілігі.

Бірінші қабылдауда:

  1. Жансыздандыру

  2. Тісжегі қуысын егеп-тазалау

  3. Тісті сілекейден мақта біліктермен немесе коффердаммен оқшаулау 2

  4. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу

  5. Тісжегі қуысын коттонды немесе поролонды шариктер көмегімен немесе ауамен кептіру

  6. Емдік төсемді таңдау. Үйлестірілген емдік пасталар немесе мырыш-эвгенолды цементтерді қолдану ұсынылады.

  7. Сүңгі ұшымен немесе жіңішке тегістегішпен емдік төсемді қою. Емдік төсемді бүкіл тісжегі қуысының табанына салу мүмкіндігі бар.

  8. 12-14тәулікке жасанды дентиннен немесе 1-6 айға шыныиономерлі цементтен уақытша пломба қою.

Екінші қабылдауда:

Науқастың шағымы мен тістің температуралық тітіркендіргіштерге ауруы реакциясы жоқ болғанда:

  1. Электродиагностика. Тістің электрқозғыштығын анықтау.

  2. Уақытша плмбаны алу

  3. Тісжегі қуысын тітіркендірмейтін антисептиктермен (0,06-0,3% хлоргексидин ерітіндісі, 0,02% фурацилин ерітіндісі және т.б.) дәрілік өңдеу

  4. Емдік төсем қою. Кальций гидрооксиді негізіндегі немесе мырыш-эвгенолды цементтер.

  5. Аралық төсемді қою. Оның қалыңдығы мен қою деңгейі тұрақты пломбаның қалыптастырушы материал түріне байланысты болады.

  6. Тұрақты пломба қою

  7. Пломбаны тегістеу және жылтырату

Ұлпа қабынуын емдеу кезінде емдік төсемдерді қолдану қағидалары:

Қазіргі заманға сай стоматологияның негізгі принципі бұл тіс тіндерінің ішінде тіс ұлпасын сақтап қалу болып табылады. Ұлпадағы патологиялық өзгерістер қайтымды болса және оны сақтау мүмкіншілігі бар болған жағдайларда ұлпаны алып тастауды әдетті емдеуге айналдырмау керек.

Бұндай жағдайларда ұлпаға міндетті түрде сауықтандыратын фармакологиялық әсер ету қажет. Бұл мақсатпен қабыну процесін жоюға, оның ары қарай дамуын тоқтатуға және ұлпадағы репаративті үрдістерді күшейтуге қабілеті бар емдік пасталар қолданылады.

Бұндай жағдайларда емдеу екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңнің міндеттері:

- ұлпадағы қабыну процесін жою

- микрофлораға әсер ету 3

- анестезиялық әсер ету

Бұл үшін емдік қасиеті жоғары, бірақ қысқа уақыт әсер ететін препараттар қолданылады. Олар уақытша пломба астына бірнеше тәулікке емдік паста түрінде жиі қойылады.

Екінші кезеңнің міндеттері:

- орынбасушы дентиннің түзілуін күшейту

- ұлпадағы зат алмасу үрдістерін қалыпты жағдайға келтіру

Бұл кезеңде ұзақ және жұмсақтау әсер ететін, сонымен қатар тісжегі қуысында ұзақ жатқанда ыдырамайтын препараттар қолданылады. Олар тұрақты пломба астына емдік төсем ретінде қойылады.

Бірінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.

Ұлпадағы қабыну процесін жоюға арналған заттар:

-стероидты қабынуға қарсы заттар (глюкокортикостероидтар)

-стероидты емес қабынуға қарсы заттар (салицилаттар, индометацин және т.б.)

Микрофлораға әсер ететін заттар:

-сульфаниламидтер (норсульфазол, сульфацил натрий және т.б.)

-антибиотиктер (левомицетин, тетрациклин, неомицин және т.б.)

-антисептиктер (хлоргексидин, фенол, тимол және т.б.)

-антипротозойлық заттар (метронидазол, этоний және т.б.)

Анестезиялық әсер ететін заттар:

-жергілікті ауру сезімін басатын препараттар (лидокаин, анестезин және т.б.)

Тағы басқалар:

-протеолиздеулі ферменттер (трипсин, химотрипсин)

-“өткізгіштер” – ұлпаға белсенді заттардың өткізгіштігін жоғарылататын заттар (гиалуронидаза, димексид, тизоль, эфтидерм және т.б.)

-пиримидин туындылары (пентоксил, метилурацил)

-көмекші заттар (каолин, мырыш тотығы, күкіртқышқылды барий, ақ балшық, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, глицерин, өсімдік майлары, майда еритін витаминдер)

Екінші кезеңде қолданылатын емдік төсемдер құрамына кіретін заттар.

Бұған кальций гидрооксиді, фторидтер, кальций глицерофосфаттары, дентин үгінділері, сүйек ұны, табиғи және жасанды гидрооксиапатиттер, коллаген сияқты препараттар жатады. Олар орынбасушы дентиннің қалыптасуы мен ұлпадағы репаративті үрдістерді күшейтеді.

Емдік төсемдер ретінде жиі мырыш-эвгенолды цементтер немесе кальций гидрооксиді негізіндегі препараттар қолданылады.

Дәрілік препараттар комбинациясынан тұратын емдік төсемдердің артықшылықтарына қарағанда кемшіліктері көп. Негізгі кемшіліктері бұл ex tempore дайындаудың күрделілігі, жаман адгезия, беріктілік қасиеттері төмен.