Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ясауи сопылыы жне оны ерекшеліктері.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.08 Кб
Скачать

Негізгі Тариқаттар:

Шахабуддин Сухрауардидің «Ауариф-ул Маариф» еңбегінде Тариқат дәстүрінің басталуын сопылық ағымның шығуымен бірге қарастырады. Яғни, Тариқат пен сопылық Хазірет Пайғамбардай (с.а.у.) бастау алады. Тариқат, негізінен, атақты сопылық ілімі негізінде құрылады. Бұдан басқа да Тариқаттар бар, олар өз ілімдерін тікелей Пайғамбардай (с.а.у) алғандықтарына сенеді. Негізінде шайх төңірегінде қалыптасқан Тариқаттар саны алтау, қалғандары осылардан шыққан Тариқаттар7.

  • Иасауийа - құрушысы Қожа Ахмет Ясауи.

Негізінен Ханафи түріктер арасында кеңінен жайылған, одан Нақшибандия мен Бекташия Тариқаттары шыққандығы айтылады.

  • Қадирийа - кұрушысы Абдулқадыр Жайлари (1077 - 1166), арабтарда, әсіресе, Ханбали мазхабындағылар ұстанатын.

  • Көптеген кіші Тариқаттарға бөлінген. Кубрауийа - кұрушысы Нажмудцин Кубра (1221 ж.ө., ХIII ғасыры), түріктер мен парсылар арасында кеңінен

тараған.

  • Сухрауардийа - құрушысы Абу Нажиб ас-Сухрауарди (1234 ж.ө.), көптеген тармақтары бар, көбінесе Шафиғилар арасында тараған.

  • Рифаийа - құрушысы Ахмедар-Рифаи (1118 - 83), арабтар мен түріктерарасында тараған.

  • Маулауийа – кұрушысы Маулана Жалалуддин Руми (1209 - 1273), түріктер арасында кеңінен тараған7.

Зікір мәселесі

Зікір (арабша еске алу, еске түсіру, жадына сақтау) сопылық ілімде – Алла тағаланы еске алу, оны ұмытпай, үнемі ойлау. Зікір уақыт пен мекен талғамайды, жүрекпен жасалады және тілмен айтылады. Жүректің зікірі, яғни “қалби зикр” – көңіл арқылы Алла тағаланың сипаттарының сәулесін танып білу; Алланы әрдайым еске ала отырып, оның әмірлерін терең түсіну және ұжданның түкпірінен келген қалтқысыз сезіммен оны құлай сүю. Тілмен айтылатын зікір, яғни “лисан-и зикр” – Алла сөзін немесе “Лә иллаҺа иллаллаҺ” тіркесін қайталап айтудан тұрады. Тариқатта сопылар жиналып, шейҺ немесе пірлердің бақылауында “АллаҺ-АллаҺ”, “Һу-Һу”, “хай-хай” сияқты тіркестерді белгілі бір жүйемен қайталап отырады. Зікір дауыстап айтылатын “жаҺри зикр”, үнсіз салынатын “Һафи зикр” болып та бөлінеді; Зікір салу қазақ халқы арасында Қазан төңкерісіне дейін орын алып келген.

Яссауи тариқатында «Жария зікір» - дауыстап зікір салу дәстүрі болған.Яссауи тариқатының бір ерекшелігі «жария зікірде» «іштен айтылатын» зікірде болған.

Құрандағы зікір сөзі:

الصَّلَاةَ إِنَّ الصَّلَاةَ وَأَقِمِ الْكِتَابِ مِنَ إِلَيْكَ أُوحِيَ مَا اتْلُ

٤٥﴾ ﴿تَصْنَعُونَ  مَا يَعْلَمُ وَاللَّهُ أَكْبَرُ اللَّهِ وَلَذِكْرُ وَالْمُنكَرِ الْفَحْشَاء عَنِ تَنْهَى

“Өзіңе уахи етілген кітаптан оқы жіне намаз өте!Намаз расында жиіркенішті істерден және жамандықтан тияды.Алланы еске алу Басқа құлшылықтың барінен ұлы.Алла сендердің барлық істеріңді біліп тұрады. ”(Анкабут 45).13

﴾۱۵۲﴿فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُواْ لِي وَلاَ تَكْفُرُونِ

“ Мені еске ал,менде сені еске алайын ”.(Бақара 152). 13

فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانتَشِرُوا فِي الْأَرْضِ وَابْتَغُوا مِن فَضْلِ اللَّهِ وَاذْكُرُوا اللَّهَ كَثِيرًا لَّعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ ﴿١٠﴾

“Намаз оқып болған соң,жан-жаққа тарап ,Алланығ рақымына несібе іздеңдер.Мақсатқа жетулерің үшін Алланы жиі-жиі еске алыңдар”.(Жұма 10)13