Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ясауи сопылыы жне оны ерекшеліктері.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46.08 Кб
Скачать

Сопылық

Бір күні бір кісі Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с)нің мәжілісінде Ихсан деген не? деп сұрақ қойғанда Пайғамбарымыз(с.ғ.с) :

–Ихсан Алланы көріп тұрғандай құлшылық қылу деген сөз.Сен оны көре алмасаңда ол сені көріп тұр.Міне Сопылықтың мақсаты осы.

Сопылықтың бастар алар бұлағы Құран мен Хәдіс.Сопылық–адамға жаратылыстағы мән мағынаны ұғындырады4.

Ихсанға жетудің бірінші мартебесі –ислам,екіншісі–иман,үшіншісі–ихсан.Ислам–форма,иман мән,ихсан болса ақиқат болып табылады8.

Сопылықта рабыта (байланыс) бар.Ұстазбен шәкірт арасындағы рухани байланыс,яғни,шейхтың рухани әлемінен күш алып, “өз жолын” оңайлатуды рабыта дейді.

Рабыта мен зікір салу кезінде таңқаларлық халдер пайда болады;жасырын нәрселер ортаға шығады,көрінбейтіндер көрінеді,адам өзінің ішкі байлығынан хабардар бола бастайды.Адам–ұлы зат,оның ішінде әр нәрсе жазулы.Сол ішіндегі нәрсені оқуға,оның қараңғылығы кедергі болады да турад. Мектубат 60,Имам Раббани4

Сопы дүниені,адамдарды тәрк етсе,өзінің құтылуын ғана ойласа,Пайғамбар сүннентіне жат қылық істеген болар еді. “.. Баһауддин Бухари Мекенннің мина базарында бір саудагемен 5000 алтынға сауда жасап жатты.Алланы бір сәт болса да естен шығармайтын”. Мектубат 33,Имам Раббани.

Сопылық жолындағы қателіктердің бірі «жолды» мақсат санау болып табылады.Жол дегеніміз тұрақтаушы емес,керісінше дамытушы,жеткізуші,ұластрушы.Әр мұршитке қол беру,өз жолыңды байлаумен тең Тариқат ұстаздары ,Пір,Мүршит,Шейхтар еш қашан мақсат емес.Олар себеп, құрал орнындағылар.Сатыны отыру үшін емес жоғары шығу үшін қолданады.

Сопылықтың негізгі ұғымдары-Таухид, Тәуекел, Шүкіршілік, Тәуба, сабырлылық, амал-әрекет, пақыр, махаббат, ғашықтық, мағрифат (таным), талап және т.б. Сопылар Жаратушыны тану және жаратушыға деген махаббатқа жету жолында руханилық және ішкі тазалыққа мән береді.

Ясауи сопылығы

Тариқаттың негізі сопылық мәдениеті.Сопылық мәдениеттің Тариқат аясында қоғамдасуы негізінен ХІІ-ХІІІ ғасырларда басталған.Ясауи тариқатының түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуына өзіндік орны бар. Ясауи тариқатының негізінде - бекташийа мен Нақшибандия тариқаттары пайда болды. Бекташиа тариқаты қазіргі кезде Балқан аймағындағы мұсылман халықтары арасында әлі де сақталған.

XV ғасырда Ясауи тариқатының орнын басқан Мухаммед Баһауидин Нақшбанди сопылар үшін «жария зікір» жасауға тыйым салған. Нақшбанди тариқатының ұстанымы – зікірді іштей айту. Орталық Азия халықтары арасында нақшбандия тариқаты, Солтүстік Кавказ халықтар арасында – қадария тариқаты кеңінен таралды.

Сопылық – нәпсіні тежеп тәрбиелеу жолымен кемелдікке жету. Сопылық ілімінде жүрек адам болмысындағы маңызды орган. Сопылық-бұл тақуалық пен көркем мінезділікке тәрбиелейтін білім жолы.. 5

Ахмет Ясауи өз хикметінде Тариқат жолының шариғатсыз болмайтындығын тілге тиек етіп кеткен :

Шариғатсыз тариқатқа кіргендердің,

Шайтан келіп иманын алады екен.

Осы жолда пірсіз дұға қылғандары,

Сарсан болып жолда қалады екен.10

Алайда Тариқат жолы шариғат жолына қарағанда күрделі де, ауыр жол.Ол туралы Ясауи хикметтерінде мынандай жолдар бар :

Тариқатни йоллари дүр қаттиғ азаб,

Бу йолларда неча ашиқ болди тураб.11

Демек,тариқат жолы ауыр жол.Бұл жолға кірушілерге қосымша міндеттер мен қатаң талаптар қойылады.Басты мақсат–иманды бекіту.Құран сырларының ішкі мағынасын ұғындыру.Жүрек көзін ашып,бүкіл болмыстың қыр-сырын таныту.Сол арқылы пенделіктің кәмалаттылығын адамзат қоғамдағы ішкі гармонияны қалыптасыруға болады.12

Сопылық тариқаттарда қолданылаытын зікір ғибадатының негізгі екі түрі бар.Жария зікір, Құпия зікір .Ясауи жолында бұл зікірдің екі түріде бар.Бірақ көбіне жария зікірді зікір деп,іштей салынатын түрін уазифа деп атайды.Ясауи жолында зікірдің бұл екі түрінде тіл міндетті түрде қатысады.Кейбір тариқаттарда “құпия зікір” ғана салынады.Бірақ ол зікірде тілдің қозғалмауы зікірдің тек жүрекпен айтылуы шарт.Ясауи жолында салынатын зікір жария зікір.Бұл жария зікірдің өзі“ алқа зікір” “ара зікір”деп екіге бөлінеді.Ясауи хикметтерінде Жария зікірдің екі түрі туралы хикметтер бар:

Астанаға башим қойып зары қылсам,

Халқа құрып кім зікір айтса яри барсам,

Зікірін айтып ол сұхбатта дұрлар терсем,

Жан уа дилда ”хай” зікірін айтың дастлар.

Немесе,

Ху һалқасы құрылды айдаруышлар келиңлар.

Хай суфрасы яйылды андин улуш алиңлар.

Хал ілімін оқубан,Хал ілімге йетибан,

Йоқлық ічра батибан ,барлықлардан алиңлар.

Осы мысалға келтірген шумақтардан алқа зікірі туралы,алқа зікірінің мән-мағынасы мен мақсатын көруімізге болады.Зікірдің түпкі мақсаты жүректі тазалап,көкірек көзін ашу,өзгелерге сезілмейтін ілім нәрімен сусындану.Осылай Қожа Ахмет Ясауи түркілер арасына зікір ғибадатын енгізу арқылы ислам дінінің мәнін түсінуге ,Құран сырларының тереңіне сүңгуге мүмкіндік береді.

Ясауи жолының тағы бір ерекшелігі блды.Өзге тариқаттарда сопылық жол таңдаулардың еншісінде болса,түркілерде сопылық долы ортақ сеніміне айналды.Алайда түркілерге сопылық жолдың құдіретін түсіндіру Қожа Ахмет Ясауиге оңай соққан жоқ.Қаншама қиыншылықтар мен қуғынды бастан өткізген.Бірақта Ахмет Ясауи адамдар ға Алланың Хикметін сезіндіруден еш бас тартпаған.12