- •«Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны содан кейін заманды түзетуге болады» -деп айтқан Қожа Ахмет Ясауи Ясауи сопылығы және оның ерекшеліктері Жоспар:
- •Ұстаздары мен шәкірттері.
- •1. Шариғат
- •Сопылық
- •Ясауи сопылығы
- •Негізгі Тариқаттар:
- •Зікір мәселесі
- •Құрандағы зікір сөзі:
- •Пайғамбарымыздың зікірге қатысты Хадистері:
«Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны содан кейін заманды түзетуге болады» -деп айтқан Қожа Ахмет Ясауи Ясауи сопылығы және оның ерекшеліктері Жоспар:
Қожа Ахмет Ясауи Хазреттерінің қысқаша өмір баяны.
Ұстаздары мен шәкірттері.
2. Мақам түсінігі:
Шариғат
Тариқат
Мағрифат
Ақиқат
3.Сопылық
4.Ясауи сопылығы .
Негізгі тариқаттар.
Зікір мәселесі .
Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы туылған түркістандық ғұлама, әулие. . Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы,сопы,ұстаз. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі –Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Хазреті Әлидің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
9ғасырда Отырар,Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты.
Ұстаздары мен шәкірттері.
Ясауидің алғашқы шәкірті атақты Арыстан Бабаның ұлы Мансұр ата,екінші шәкірті–Саид ата Хорезми,үшінші шәкірті–Сүлеймен ата Бақырғани.Яссауидің ең мәшһүр шәкірті Сүлеймен ата Бақырғани(Хаким ата) екендігі жайында мәлімет Кашифидің“Рашахат-улайн-ил хаят”атты еңбегінен көруге болады. Бақырғанидің еңбектерінде “Диуани Хикметтің”рухы жанданып,жалғасын тапқандықтан,Ф.Көпрүлү Бақырғаниді “ Ясауидің хикмет дәстүрін жалғастырушысы,әрі жинақтаушысы” ретінде бағалайды9.
Ясауидің «Мират-ул Қулуб» атты еңбегін хатқа тусіріп қалдырғантағы бір шәкірті Сопы Мұхаммед Даншменди болатын.Садыр Ата, Баыр ата, Қажы Бекташ Әулие Сары Салтұқ,Шайқ Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар оның шәкірттері болып саналады.Беннигсон Ясауидің Шопан Ата және Қара Баба атты шәкірттерінің болғандығын айтады.Оның шәкірттері жайында Ф.Көпрүлү: “Мутасаууфтардың биографиясы жалы еңбектерде Ирақ,Хорасан және Мауараннаһр сопыларынан басқа түрік шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы Ясауия тариқатының шейхтары еді”. –дейді.Жәнеде Ясауидің басты ізбасары деп Қаже Бекташ Уалиді айтуға болады9.
Мақам түсінігі:
1. Шариғат
2. Тариқат
3. Мағрифат
4. Ақиқат
Қожа Ахмет Яссауидың даңқты еңбегі "Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тариқат, хақихат, мағрифат. Ахмет Яссауидің пікірінше "шариғатсыз", "тариқатсыз" "мағрифатсыз" "ақиқат" болуы мүмкін емес5:
... Ути ғүмырым шариғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...
«Шариғат» дін ұғымына сәйкес келуі себепті ғибадат және амалдарға қатысты үкімдер жинағы1.
Исламдық дәстүр шариғат ұғымын, ең алдымен, оның Құранда дінге сенушілерді адамгершілік кемелдікке, пәнилік рахатқа жеткізіп, жұмаққа алып баратын, Аллаһ сызып берген төте жолды бейнелеу үшін қолданылуымен байланыстырады. Бұл ұғымның жалпылама мағынасы, сондай-ақ оның Шариғат түбірінен шығуына да байланысты, осы түбір Құрандабір нәрсені міндетті түрде орындауды заңдастыру, нұсқау мағынасында кездеседі. Ислам идеологиясында шариға термині мен оның синонимдері - аш-ширға және ат-ташриғ - Ислами немесе Исламдық (мұсылмандық, Исламдық) деген анықтауыштармен тіркесе отырып жалпы тілдік мағынада әрбір мұсылман басшылыққа алуға тиісті кұқықтарға, сондай-ақ оның мінез-кұлқы мен ниетінің тазалығын бағалау үшін Аллаһ белгілеген өлшемдерге қатысты қолданылады. Сондықтан шариға ұғымы, көбінесе, бұқаралық түсінікте тұтас алғандағы Исламдық өмір салты, құрамына әртүрлі - діни, адамгершілік, заңдылық, тұрмыстық өлшемдерді, сондай-ақ әдет-ғұрыптарды біріктіретін жалпыға ортақ Исламдық мінез-құлыктар ережелерінің жиынтығы түрінде қабылданады. Шариғаны мұндай кең мағынада «діни заң» деп те атайды, бұл жерде шариға термині заң тіліндегі мағынада емес, жалпы әлеуметтік мағынада қолданылып тұр. ТМД-дағы Ислам дінін ұстайтын аймақтарда «шариға заңдары» деген тіркестің де мағынасы дәл осындай. «Шариғат тек мұсылмандардың сыртқы мінез-құлқын ғана емес, сонымен бірге олардың діни сенімін реттеп, іс-әрекеттің ішкі себептерін де есепке алады, осылайша дінге сенушіні адамгершілік тұрғыдан кемелдендіруге бағытталған».
Түрік ақыны Юнус Емренің айтуынша .:Шариғат та,тариқат та мақсат емес,құрал.Асыл мақсат ақиқатқа ұласу болып табылады.Ислам дінін тек шариғатпен теңеп қою,оған жасалған қиянатпен тең.
Шариғат (жибарут мақам жолы)-ұлықтық ғалам.
Шариғатта үстанатын тартіп заңы:
Иман келтіру.
а)Аллаһ тағалаға сеніп Кәлимә шәһәдәт айту;
ә)Періштелерге сену;
б) Кітаптарға сену ;
в)Пайғамбарларға сену;
г)Ахирет күніне сену;
д)Тағдырдағы жақсылық пен жамандық Алланың жазуымен болатынына,өлгеннен соң тірілудің хақ екеніне сену.1
Намаз оқу;
Зекет беру;
Рамазан айында ораза ұстау;
Қажылық.
Мәдениеттілік,сыпайы қарым-қатынас жасау,сөйлеу.
Білім үйрену.
Пайғамбарымыздын сүннеттерін мүлтіксіз орындау.
Жаман іс-әрекеттен бойды аулақ устау.
Әмір Мағруп, Нахи мункар6
Тариқат (маләкут мақам-жолы)Тариқа - құранда «жол» деген мағынада кездеседі.Шындықты құпия құбылыстар арқылы тани білу.Тариқат тармағында әрбір сопы әуелі өзін-өзі дін жағынан да рухани жағынанн да жетілдіре отырып Жаратушының құдіреттілігін біледі,оған жақындап,іштей біріге бастайды.
Тариқат ислам сопылығының ең маңызды жолы.Ислам сопылығының мақсаты Аллаға ұласу,шынайы мұсылман болу,толық адам мәртебесіне жету болып табылады.Осы мақсат жолында орындалатын іс-шараларды алдын-ала бір ұстаздың бақылауымен іске асырып,толық адам дәрежесіне жеткендер бұл жолдың қыр-сырын үйретуді одан әрі жалғастырады.Жол көрсетушілердің үйрету әдістеріне байланысты тариқаттардың әртүрлі ерекшеліктері пайда болды.Бүкіл тариқаттар Хз.Әли мен Хз.Әбу Бәкір жолымен пайғамбарымызға барып тіреледі.
Тариқатта ұстанатын тәртіп заңы:
Тәубеге келу.
Пірге қол беру-мүрит болу.
Қауіп пен ража,яғни Жаратуши Иенің рахымынан үміттеніп ,жазасынан қорқу.
Тәннің ұятты жерлерін жабу.
Шаһуат лаззатынан тыйылу.
Тамақ –нәпсіден тыйылу.
Пір қызметінде болмақтық.
Насихат-уағыз тыңдау.
Әрбір нарсенің ара - жігін ажырата білуді уйрену.
Оңашалықта,жалғыздықта болу6.
Мағрифат (лақут мақам-жолы)-Аллаһ Тағала ғаламы. Мағрифат (арабша ғ—n’« — ағарту) – сопылық сатының бірі. Сопы рухани халдерді басынан өткеру кезінде рухани және құдайлық ақиқаттарды танып, ішкі тәжірибе (экзотер. тәжірибе) арқылы Мағрифатта болады. Осы халде Алла туралы ілімді толықтырады, мұндай білімге қолы жеткен сопыларды ариф дейді. Мағрифат өкілдері жайында ғалым Қушайри былай дейді: “Салиқ (жолшы) алдымен Хақты, оның сипаттарын таниды, кейіннен құлшылық пен риязат жасау, нәпсілік қажеттіліктен арылу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы Хаққа жақын (муқарриб) болады. Сонда ғана Алла өзін “тануға” мүмкіндік береді, осы танымға ие болғандарды ахл-ил-мағрифат (мағрифат өкілдері) атайды”. Әбу Бәкір “Мағрифат жолындағы салиқ оған жету үшін ұзақ мерзім қажеттігін “құлдық мақамда” түсініп, абсолютті ақиқатқа көз жеткізеді” дейді. “Кемел адам” қалпына жетіп, жаратқан хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігу үшін төрт сатыдан өту қажет, олар:
Шариат
Тариқат
Хақиқат
Мағрифат
Мағрифат сатысындағы сопы о дүниелік рухтармен еркін дидарласып, дүние сыры да, жаратушысы да адамның өз “менінде” жатқандығын таниды. Бұл жайында Қожа Ахмет Иасауи “өзіңді танығаның хақты танығаның” дейді2.
Ақикат (Насут мақам-жолы)-адамдар өмір сүретін ғалам.
Ақиқат жолында,жоғарыда айтылған шариғат,тариқат,мағрифат жолдары амалдарының баршасын жүзеге асыра отырып Алланың барлығын және бірлігін тану баспалдағы.Бұл жол-сопылық ілімнің шыңы. Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи тариқатының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді.Йасауи тариқатының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді2.
Шариғат – сөз,тариқат – жол,мағрифат – есік,ақиқат – көрініс.
