Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуациялық есептер ХСТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.5 Кб
Скачать
  1. Болжамды диагноз. 4.5 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.

  2. 4.5 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.

  3. 4.5 тісті жұлу үшін жансыздандыру тәсілдерін атап шығыңыз.

  4. 4.5 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.

  5. Тісті жұлғаннан кейін болуы мүмкін жергілікті асқынуларды атаңыз. Тіс ұяшығының шектелген остеомиелиті кезіндегі тактикаңыз, асқынудың себептері.

Ситуациялық есеп №11

Науқас М. 50 жаста. Шағымы: тамақ қабылдағанда сол жақ қатты таңдайдағы пульсацияланатын ауру сезіміне, ісінуге. Ұйқысы нашар, әлсіздік, дене температурасы көтерілген.

Анамнез: 2 апта бұрын 1.3 тістің тұрақты сыздап ауыруын байқаған. Тіс тістегенде ауырады. Ауыз қуысын түймедақ тұнбасымен шайған, анальгин, бисептол қабылдаған. 1.3 тістегі ауру басылған, бірақ 1 аптадан кейін ауырсыну күшейген. 3 күн бұрын оң жақ қатты таңдайда ауырсынатын ісіну пайда болған. Ісіну жайлап үлкейе бастаған, дене температурасы көтерілген. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық . Дене температурасы 37,50С. Пульс 88 соғ/мин АҚ 130/70 мм сын,бағ.

Қарап тексергенде: бет әлпетінің конфигурациясы өзгермеген. Оң жақтағы жақ асты лимфа түйіндері қозғалмалы, пальпациялағанда ауырады. Ауыздық ашылуы еркін қатты таңдайда 11, 12, 12 тістер түбірінің проекциясында ісіну байқалады. Осы аймақтағы шырышты қабат қызарған, ісінген. Ісінген жерді пальпациялағанда ауырсынатын инфильтрат және флюктуация анықталады. 1.3 тістің сауыт бөлігінде терең кариозды қуыс бар, зондтағанда (ауырады) ауырмайды. 1.1 тіс және көршілес тістер қозғалыссыз. Перкуссия ауырсынусыз. Ауыз ішілік рентгенограммада: 1.3 тістің түбір ұшында сүйектің шеттері тегіс емес деструукция ошағы анықталады. 1.3 тістің сауыт бөлігінің үлкен көлемді ақауы бар. Тіс қуысымен байланысқан түбір каналдары пломбыланбаған.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру әдістерін өткізіңіз.

  3. Дифференцияльды диагностиканы жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар және болжамы.

Ситуациялық есеп №12

Науқас К. 27 жаста. Шағымы: сол жақ жоғарғы жақ тістеріндегі қатты пульсацияланатын ауру сезіміне, бетінің ісінуіне, әлсіздік, дене температурасының көтерілуіне, қалтырау, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің жоқтығына шағымданады.

Анамнез: 2.3 тісінде 2 апта бұрын ауырсыну сезімі пайда болған. Стоматолог-дәрігерге көрінген, ем басталған. Ауыз қуысын ас содасымен шаю, ауырсынуды басатын дәрілерді ішу қысқа уақыттық әсер көрсеткен. 3 күннен кейін жалпы жағдайы күрт нашарлаған, дене температурасы көтерілген. Бет-әлпеті ісініп, ауырсыну сезімі сол жақ жоғарғы тіс қатарына берілген, тістері қозғалмалы бола бастаған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 38,40С.

Қарау: көзасты, ұрт, жоғарғы ерін және сол жақ төменгі қабақ аймағының тіндері ісінген. Мұрын-ерін қатпары тегістелген. Төменгі жақасты үшбұрышының алдыңғы бөлімінде ұлғайған және ауырсынатын лимфа түйіні пальпацияланады. Ауызын ашуы еркін. Сол жақ ауыз қуысының кіреберісінің жоғарғы күмбезі мен қатты таңдайдың алдыңғы және ортаңғы бөліктері ісінген, гиперемияланған. Осы аймақты пальпациялағанда және жоғарғы жақтың алдыңғы беткейінде тығыз және ауырсынбалы инфильтрат анықталды. 2.3 тісі пломбаланған. 2.1, 2.2, 2.4 және 2.5 тістері интактты, I және II дәрежелі қозғалғыш, перкуссияда ауырсынады. 2.3 тісте II дәрежелі қозғалғыштық, перкуссияда әлсіз ауырады.

Рентгенограммада: 2.3 тістің түбір ұшы аймағында шекарасы анық емес сүйек тінінің аймағында сүйек тінінде өзгеріс жоқ.

Тапсырмалар:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз.

  3. Дифференциальді диагностика жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжам.

Ситуациялық есеп №13

Науқас Б., 22 жаста, хирург-стоматологқа 3 күн бұрын жұлынған 2.7 тістің ұяшығы арқылы ауыз қуысындағы сұйық тағамның және ауаның мұрын қуысына өтетініне шағымданып қаралды.

Анамнезінде: 2.7 тісті жұлу өте қиын болғандығы анықталды.

Объективті: бет әлпеті өзгермеген, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауызды ашу еркін. Ауыз қуысында 2.7 тістің жұлынған тістің орны ашылған, зондтау кезінде ауыз қуысы мен жоғарғы жақ сол жақ қойнауымен байланыс анықталды.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностикасын жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Болуы мүмкін асқынулар және болжам.

Ситуациялық есеп №14

Науқас А., 20 жаста. Хирург-стоматологқа жоғарғы жақсүйегінің оң жағындағы ауру сезіміне шағымданып қаралды. Анамнезінде: 1.7 тіс тісжегінің асқынуы негізінде емделген соң үздік-үздік мазалап тұрған. Дәрігерге қаралмаған. 3 күн бұрын осы тісте және жоғарғы жақ сүйегінің басқа тістерінде оң жағында самай аймағына иррадация беретін ауру сезімі туындаған. Мұрнының бітелуі, (әсіресе басын алдыға еңкейткенде) жалпы әлсіздік, дене температурасының 37,80С-ға дейін көтерілуі болған.

Объективті: жалпы жағдайы – орташа ауырлықта, дене температурасы 37,70С. Ұрттың оң жағындағы жұмсақ тін ісінген, пальпацияда ауырады. 1.7 тіс перкуссияда кенеттен ауырады. 1.3, 1.4, 1.5 және 1.8 интакт тістері перкуссияда ауырады. Сілемейлі қабаты әлсіз көгерген. Қан анализінде: лейкоциттер - 9500×109 г/л, ЭТЖ-12м/с, таяқша тәрізді лейкоцит – 7%.

Есеп:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша зерттеу әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Асқынуы мен болжамы.

Ситуациялық есеп №15

Науқас М., 15 жаста, жоғарғы ерінде ауру сезімімен болатын қалыңдауға, дене температурасының 380С-қа дейін көтерілуіне шағымданып келді. Аурудың басталуын 3 күн бұрын жоғарғы ерінде пайда болған іріңдікпен байланыстырады, науқас өздігінен ол іріңдікті сыққан. Келесі күндері еріннің ісінуі, дене температурасының көтерілуі байқалған. Объективті: жалпы жағдайы орта ағымда, дене температурасы – 37,80С. Сол жақ жоғарғы еріннің ісінуі, некротикалық стержень анықталды, тері қызарған, пальпацияда ауырсынатын инфильтрат.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностикасын жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Болуы мүмкін асқынулар және болжам.

Ситуациялық есеп №16

Науқас Ю., 20 жас мойынның бүйір аймағындағы сол жағында тез өткір ауру сезімге. Оның қарақұс аймағына иррадицияланатынына, қалтырау, басының ауруы, аппетитінің жағалауы және мойынның бүйір аймағындағы сол жағындағы ауыратын тығызданғандықта шағымданады. Аурудың басталуын мойынның бүйір бетіндегі сол жақтағы теріде пайда болған іріңдіктермен байланыстырады. Медициналық көмекке жүгінбеген. Келесі күні мойынның бүйір бетінде сол жағында ісіну және тіндердің қызаруы, дене температурасының 390С-ға дейін көтерілуі байқалды.

Объективті: жалпы жағдайы – орташа ауырлықта, дене температурасы – 380С. Регинарлы лимфа түйіндері сол жақта үлкейген, пальпацияда ауырады. Мойынның бүйір бетінде сол жағында ауыратын инфилтрат, терісі қызарған, инфилтрат орналасқан тері эпидермисі жарылған, бірнеше жерден қою ірің бөлінеді.

Есеп:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша зерттеу әдістері.

  3. Салыстырмалы диагноз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Болатын асқынулары және болжамы.

Ситуациялық есеп №17

Пациент Г., 37 жаста. Стоматологиялық емханада сол жақ бетінің бүйір бөлігіндегі ісінуге, жаншуға және ауыздағы дәм сезудің бұзылуына шағымданып келді.

Анамнез: Ісіну алғаш жарты жыл бұрын пайда болған, дәм сезудің бұзылуы байқалған. Дәрігерге қаралмаған, ісіну өз бетінше кеткен. 1апта бұрын сол жақ бетінің бүйір аймағында тамақ қабылдағанда ісіну пайда болған және содан бері тамақ қабылдағанда ісіну қайта шығады.

Объективті: сол жақ құлақмаңы сілекей безі үлкейген, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырсынусыз. Сол жақ ұрт аймағындағы құлақмаңы сілекей безінің өзегін пальпациялағанда валик тәрізді ісіну байқалады. Оны басқанда ауыз қуысына құлақмаңы сілекей безінің өзегінен тұрып қалған секрет бөлінеді. Осы кезде ісіну өлшемі азаяды. Сиалометрияда сілекейдің мөлшері қалыпты. Шыты құтыда сілекей мөлдір, ақшыл тартпа тәрізді қосылыстар анықталады. Сиалограммада сол жақ құлақмаңы сілекей безінің өлшемі үлкейген, без паренхимасының тығыздығы азайған, III-IV өзектер өосылған, контуры тегіс әрі анық. Рентгенологиялық және УД зерттеу нәтижелері бойынша безде коккременттер анықталмады.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы.

Ситуациялық есеп №18

Науқас Р., 20 жаста. Ауызды ашқанда және басын бұрғандағы ауыруға екі жақ ұрт аймағының ісінуіне, ауыз қуысының құрғауына, қышқыл және ащы тағам қабылдағандағы ауыруға шағымданды.

Анамнез: ісіну 1 апта бұрын тұмаумен ауырғаннан кейін пайда болған.

Объективті: ұрт, жақасты, жақасты аймақтарының оң және сол жақтағы безінің анатомиялық шекарасы деңгейінде тығыз инфильтрат байқалады, инфильтрат беткейі тегіс. Ауыздың ашылуы ауырсынумен аздап шектелген. Құлақмаңы сілекей безі өзектері маңындағы шырышты қабат ісінген, гиперемияланған. Құлаңмаңы сілекей безін басқанда өзектерден сөл бөлінбейді. Ауыз қуысының шырышты қабаты құрғақ, гиперемияланған, тілдің шырышты қабатында жекеленген арталар бар.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша тексеру әдістері.

  3. Салыстырмалы диагностикасы.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы.

Ситуациялық есеп №19

Науқас Н., 20 жаста, төменгі жақтың оң жақ үшінші үлкен азу тісінің қиын жарып шығуымен зардап шегеді. Бірнеше күн бұрын суықтаған. Жұтынғанда болатын ауру сезімі, әлсіздік, бас ауру, дене температурасының жоғарылауы және оң жақ төменгі жас астында аз көлемде ісіну мен ауыршаңдық пайда болған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа дәрежеде, дене температурасы – 37,60С. Оң жақ төменгі жақасты лимфа түйіндері үлкейген, пальпацияда ауру сезімімен. Оң жақ төменгі жақасты шектелген инфильтрат салдарынан бет конфигурациясы өзгерген. Пальпацияда инфильтрат тығыз, оның үстіндегі тері біріккен, қызарған, жұқарған. Инфильтраттың ортасында флюктуация анықталды, ауызды ашу еркін.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша тексеру әдістерін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжам.

Ситуациялық есеп №20

Науқас Т., 23 жаста, иекасты аймағының ауыратын ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: 3 күн бұрын 4.2 тісі ауырған, одан ісіну пайда болған, дене температурасы 38,30С-ға дейін көтерілген.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене температурасы – 38,20С. Иекасты, төменгі жақасты лимфа түйіндері ісінген, пальпацияда ауырады. Бет конфигурациясы иекасты аймағындағы ауыратын инфильтратқа байланысты өзгерген. Инфильтрат үстіндегі тері қызарған, қосылған флюктуация симптомы анықталады. Ауыз қуысында – 4.2 тіс тісжегісімен зақымдалған, перкуссияда ауырады.

Есеп:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша зерттеу әдістерін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Болатын асқынулар және болжам.

Ситуациялық есеп №21

Науқас Д. 25 жаста 3 күн бұрын төменгі сол жақ үшінші үлкен азу тіс аймағындағы ауырсынуды сезінді, бетінің сол жақ аймағы ісінген. Кейінгі күндері ауру өздігінен пайда болды, ауызды ашқанда ұлғаяды, ісіну үлкейген, дене температурасы 38,5 градус. Регионарлы лимфа бездері ұлғайған, пальпацияланғанда ауырады. Сол жақ бет аймагының жайылмалы ісінуінің нәтижесінде беті ассеметриял, құлақмаңы –шайнау аймағында тығыз, ауырсынатын инфильтрат бар, көрші аймақтардың тіндері ісінген. Инфильтрат үстіндегі тері тартылған, түлейді, қатпарға жиналмайды. Ауыздың ашылуы шектелген. Сол жақ ұрт аймағының шырышты қабаты ісінген, тіс сауытының іздері бар.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз

  2. Қосымша зерттеу әдістерін жүргізіңіз

  3. Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы

Ситуациялық есеп №22

Науқас Н., 41 жаста, жұтынуда болатын, ауызды ашудың шектеуіне шағымданады.

Анамнезінде: 4.6 тіс 3 күн бұрын жоспарлы көрсеткіштер бойынша жұлынған.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ағымда. Дене температурасы 37,70С. Оң жақ төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауру сезімімен. Сыртқы тексеріс кезінде оң жақ төменгі жақ бұрышында аз көлемде ісіну анықталды. Ауызды ашу 1 см-ге дейін. Шырышты қабатты тексергенде оң жақ қанат жақ қатпары аймағы ісінген, қызарған. Осы аймақтың пальпациясында – ауыршаң инфильтрат анықталды. 4.6 тістің ұяшығы қан ұйындысы бар, қабыну процесстері жоқ.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностикасын жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар және болжам.

Ситуациялық есеп №23

Науқас Б. 39 жаста. Сол жақ көзге және самай аймағына берілетін, шұғыл қатты ауыратын, өздігінен болатын ауру сезіміне, сол жақ бетінің іскендігіне шағымданып келді.

Анамнезінен: 22 тісі периодты түрде мазалаған. Бес күн бұрын 22 тісі қайта ауырған, келесі күні жоғарғы ерін мен сол жақ көзасты аймағы ісінген. Дене қызуы 37,7 градус. Науқас ауыз қуысын натрий бикарбонат ертіндісімен шайған, көзасты аймағына жылытқыш қойған. Осыдан кейін тісіндегі ауырсыну сезімі жойылған, бірақ барлық сол жақ көзасты аймағы ісініп кеткен. Дене қызуы 38 градусқа жоғарылаған.

Обьективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,2 градус. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Көзасты аймағындағы ауырмалы инфильтрат әсерінен сол жақ, жоғары ерін, ұрт аймағының, сол жақ төменгі қабағы ісінгендіктен бет әлпеті ассиметриялы. Инфильтрат беткейіндегі тері тартылған, гиперемияланған, қатпарға қиын жиналады 26,25,24,23,22 тістер аймағындағы өтпелі қатпарда қатты ауыратын инфильтрат флюктуация байқалды.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз

  2. Қосымша зерттеу әдістерін жүргізіңіз

  3. Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз

  4. Ем жоспарын құрыңыз

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы

Ситуациялық есеп №24

Науқас К., 52 жаста, сол жақ самай төменгі жақ буыны аймағындағы ауру сезіміне шағымданды, ол ауру сезімі 3 апта бұрын тұмаумен ауырғаннан соң басталған. Бастапқыда буынның қозғалысы кезінде сықыр, содан кейін ауру сезімі пайда болған.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, дене температурасы 36,60С, сол жақ буын аймағында қызару, ісіну. Сол жақ регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған және ауру сезімімен. Ортопетомограммада жоғарғы және төменгі жақтың сүйек структурасы өзгермеген, сол жақ буындық саңылау кеңейген.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқыну және болжам.

Ситуациялық есеп №25

Науқас 25 жаста, Қарағанды облысынан келген, базарда ет кеседі. Емханадағы стоматолог-хирургқа басының ауруына, әлсіздікке, сол жақ ұртының ісінуі мен қызаруына шағымданып келді. 4 күн бұрын сол жақ ұртында дақ пайда болды, кейін ішінде қанды сұйықтығы бар көпіршік пайда болды. Бір тәуліктен кейін көпіршік айналасындағы қызару мен үлкен ісіну пайда болды. Теріні қасығанда көпіршік жарылып, орнына шеттері көтеріңкі жара пайда болды. Науқастың дене температурасы 37,8-38,20С, әлсіз, басы ауырады, діріл байқалады.

Қарап тексергенде: жағдайы орташа дәрежелі. Дене температурасы 38,60С. Сол жақ ұрты ісінген, пальпация ауырсынусыз. Сол жақ ұртының сыртқы бетінде диаметрі 1 см, түбінде қара қабыршақ байқалатын жара орналасқан. Айналасында гиперелия сақинасы бар, оның бетінде геморрагиялық сұйықтыққа толы ұсақ көпіршіктер бар. Жара маңындағы тері гиперемияланған. Сол жақ жақасты лимфа бездері пальпацияланады, ұлғайған, аздап ауырсынады.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша тексеру әдістері.

  3. Салыстырмалы диагностикасы.

  4. Ем жоспары.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы.

Ситуациялық есеп №26

Стоматологиялық клиникаға науқас С. қаралды, 46 жаста, әлсіздікке, мазасыздыққа, бас ауру, жүрек айну және дене температурасының 380С дейін жоғарылауына шағымданып келді.

Объективті: жалпы жағдайы орташа ағымды. Дене температурасы 37,80С. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда аурушаң. Екі жақ ұрт аймағының терісінде ашық қызарған дақ анық емес шекарамен «языков пламени» немесе «географиялық карта» көрінісіндегі дақ анықталды, ісінген, тері қалыңдаған. Ошақты ұстағанда ыстық және аздап ауыршаң. Эритема аймағындағы теріні саусақпен басқанда қызару 1-2 сек жоғалады. Эритема түлейді, оның айналасындағы тері аздап көтеріңкі, перефериялық инфильтроциялық білік көрінісінде.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша зерттеу әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.

  4. Ем жоспарын құрыңыз.

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжам.

Ситуациялық есеп №27

Науқас К., 27 жаста, хирургиялық стоматология кафедрасына оң жақ құлақмаңы аймағындағы ісінуге, аузының құрғауына шағымданып келді.

Анамнез: аталған белгілер 2 апта бұрын ангинамен ауырғаннан кейін пайда болған. Созылмалы тонзилиттің жиі асқынуы болады.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Сол жақ құлақмаңы шайнау безінің ісінуі нәтижесінде бетінің ассиметриясы байқалады. Сол аймақтың тері жамылғысының түсі өзгермеген. Құлақмаңы безі ұлғайған, консистенциясы тығыз, шеттері тегіс, қасындағы тіндермен бірікпеген, аздап ауырсынады. Ауыздың ашылуы еркін. Ауыз қуысының шырышты қабаты құрғақ, атрофия белгілері бар, тілі көп мөлшердегі ақ дақпен көмкерілген.

Без сөлін цитологиялық зерттегенде нейтрофилдер, лимфоциттер, макрофагтар, плазматикалық жасушалар, түлеген эпителий жасушалары анықталды.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша тексеру әдістері.

  3. Салыстырмалы диагностикасы.

  4. Ем жоспары.

  5. Мүмкін болатын асқынулар және болжамы.

Ситуациялық есеп №28

Науқас 27 жаста. Бет- жақ хирургиясы бөлімшесіне тігінен тұрғанда көзінде қосарланып көрінуіне, көз көрінуінің нащарлануына, ауырмалы және қиын жұтынуға, ауызын ашуға, тістерін дұрыс түйістіре алмайтындығына, тамағында бөгде зат тұрған секілді сезімге, құсу мен шақалу, жүрек айнуына шағымданып түсті.

Анамнезінде: бірнеше сағат бұрын белгісіз адамдардың соққысына қалған.

Қарау: жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Бет-әлпеті ай тәрізді формалы. Қабақ, мұрын негізі, көзасты, ұрт, самай аймағында айқын ісінген. Бетсүйек доғасы аймағында тіндер төмен түсіп кеткен. Параорбитальді гематома. Горизонтальді бағытта жатқызғанда беті салбыраңқы, энофтальм анықталды. Науқасты отырған күйі вертикальді бағытта тасымалдағанда беті ұзарады, көз алмасы төмен түседі, көз саңылауы кеңейеді. Бұл симптомдар диплопияның жоғарылауымен бірге жүреді. Ауыздың ашылуы шектелген. Пальпацияда маңдай сүйегінің мұрын бөлігі мен жоғарғы жақ сүйегінің маңдай өсіндісі аралығында, бет-маңдай сүйек тігісі мен бет-сүйек доғасының аралығында сүйек шығыңқысы байқалады.

Тапсырма:

  1. Болжамды диагноз

  2. Қосымша зерттеу әдістерін жүргізіңіз

  3. Салыстырмалы диагностиканы жүргізіңіз

  4. Ем жоспарын құрыңыз

  5. Мүмкін болатын асқынулар мен болжамы

Ситуациялық есеп №29

Әйел 35 жаста, хирургиялық стоматология кафедрасына дене температурасының 390С көтерілуі, қалтырау, басының ауыруы, мазасыздану, терісінің қызаруы, беттің сол жағындағы айқын ісінуге шағымданып келді.

Анамнезінде: Бір апта бұрын жоғарғы еріннің сол жағында біртіндеп үлкейе беретін ісіну пайда болған, оны өздігімен сығып шығарған. Дәрігерге қаралмаған, зақымданған алаңға метилурациль жақпаймайын жағып отырған. 1 күн бұрын сол жақ бетіндегі ісіну үлкейген, беттің қызаруы күшейе түскен. Ілеспелі ауруы: 5 жыл бойы инсулинтәуелді диабет.

Объективті: жалпы жағдайы – ауыр, дене температурасы 390С. Регинарлы лимфа түйіндері сол жақта ісінген, пальпацияда ауырады. Жоғарғы еріннің сол жағында өлеттенген бөліктері бар қабынбалы инфильтрат анықталды, оның үстіндегі тері көгерген, жанындағы тіндермен қосылған. Теріастылық веналар кеңейген, көрінеді.

Есеп:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша зерттеу әдісін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын құрыңыз.

  5. Болатын асқынулар және болжам.

Ситуациялық есеп №30

Науқас 28 жаста, стоматологиялық емханаға тіласты аймақта ісінудің сол жағында болуына, сілекей бөлінудің бұзылуы, тіласты аймағының сол жағында тартып ауыратынына, тіл түбіріне, құлақ иррадацияланатынына, тамақ қабылдау қиындағанда, жалпы әлсіздік, дене температурасының көтерілуіне шағымданып келеді.

Анамнезінде: Бұрын секрет бөлінудің бөгелісі болғанын байқаған, үздік-үздік «сілекейлі тесу» ауру сезімі, тіласты аймақтың ісінуі және үлкеюін тамақ қабылдағанда болатынын байқаған.

Объективті: Тіласты аймақта сол жағында ісіну анықталған, пальпацияда тіласты сілекей безінің кенеттен ауруы анықталады. Ауыз қуысын қарағанда: тіласты аймағының сол жағында сілемейлі қабат қызарған, тіласты сілекей безінің өзегі бойымен пальпациялағанда тығыз ауыратын инфильтрат анықталады. Тіласты сілекей безінің өзегін зондтағанда оның өзегінен сілемейлі-іріңді сұйықтық бөлінеді.

Есеп:

  1. Болжамды диагноз.

  2. Қосымша зерттеу әдістерін жүргізіңіз.

  3. Салыстырмалы диагноз жүргізіңіз.

  4. Емдеу жоспарын тағайындаңыз.

  5. Болатын асқынулар және болжам.