- •2.3 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •1.6 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •1.6 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
- •2.7 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •4.5 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
- •4.5 Тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
Ситуациялық есеп №1
Науқас М. 48 жаста, ортопедиялық емге дайындалып жүр. Хирург-стоматологқа 4.4, 4.5 тістерін жұлуға жіберілді. Сыртқы қарауда: бет конфигурациясы айтарлықтай өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регинарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын қарағанда: 4.4 және 4.5 тістердің сауыттық бөлігі бұзылған, түбірлері ұяшықта терең жатыр, 4.4 және 4.5 тістер аймағындағы сілемейлі қабат пальпациялағанда ауырмайды, өзгеріссіз.
Есеп:
Болжамалы диагноз. 4.4, 4.5 тістерін хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
4.4, 4.5 тістердің түбірін жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
4.4, 4.5 тістерін жұлу үшін жасалынатын жансыздандыру әдістерін атаңыз.
4.4, 4.5 тістердің түбірлерін жұлу кезеңдерін атаңыз. Жұлғаннан кейін науқасқа ұсыныс беріңіз.
Тістң жұлу кезінде пайда болатын жергілікті асқынуды айтыңыз. Тістің сауыт және түбір бөлігінің сынуы кезіндегі сіздің тактикаңыз, осы асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №2
Науқас М., 70 жаста, 3.7 тісін жұлдыруға хирург-стоматологқа қаралды. Анамнезінде: тіс бірнеше рет емделген, күшәлә пастасы қойылған, бірақ үздік-үздік сыздап ауыратын болған, ұрты іскен. Консервативті емдеу әдістері нәтижесіз. Сыртқы бет-әлпетін қарағанда: бет-әлпетінің конфигурациясы өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын қарағанда: 3.7 тіс сауытының ½ бұзылған, 3.7 тіс айналасындағы сілемейлі қабат өзгеріссіз, пальпация ауырсынусыз. Ауызішілік рентгенограммада: 3.7 тіс түбір өзектері проецирленбейді, пломбыланбаған, алдық түбірдің түбір ұшында диаметрі 4 мм дөңгелек пішінді шекарасы анық сүйек тінінің деструкция ошағы бар.
Тапсырма:
Болжамды диагноз. 3.7 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
3.7 тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
3.7 тісті жансыздандыру тәсілдерін атап шығыңыз.
3.7 тісті жұлу операциясының этаптарын атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейінгі ұсынысты беріңіз.
Тісті жұлғаннан кейін болатын жергілікті асқынуларды атаңыз. Тісті жұлғаннан кейінгі төменгі ұяшықты нервтің невропатиясы кезіндегі сіздің тактикаңыз, асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №3
Науқас М., 40 жаста, хирургиялық стоматологқа 2.3 тіс аймағында тістеу кезінде болатын жедел шағыммен келді. Науқастың айтуынша: 2.3 тіс алдын емделмеген, бір күн бұрын қатты тағам тістеген кезде тісі сынған. Сыртқы тексеріс кезінде: бет әлпеті өзгемеген, тері жамылғылары қалыпты түсте, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын тексергенде: 2.3 тістің – медиальді-таңдайлық беткейінде – пломба, тіс сауыты мен түбірі 2 қозғалмалы фрагментке тігінен сынған. Перкуссияда қатты ауру сезімімен, тістің айналасындағы шырышты қабаты қызарған, ісінген.
Тапсырма:
Болжамды диагноз, таңдалған 2.3 тіске хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
2.3 Тісті жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
2.3 тісті жұлу үшін жасалатын жансыздандыру әдістерін таңдаңыз.
2.3 тісті жұлу кезеңдерін атаңыз. Науқасқа тісін жұлғаннан кейін ұсыныстар беріңіз.
Тісті жұлу кезінде мүмкін болатын жергілікті асқынуларды атап шығыңыз. Альвеолярлы өсіндінің бір бөлімі сынуы кезінде сіздің тактикаңыз, асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №4
Науқас У., 67 жаста, хирург-стоматологқа төменгі жақтың алдыңғы тістерінің қозғалғыштығына, тағамды тістей алмауына және де ауру сезімімен қызыл иектің қанағыштығына шағымданып келді. Сыртқы тексеріс кезінде: бет-әлпеті өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысын қарағанда:
0 |
0 |
0 |
0 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
7 |
6 |
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
0 |
0 |
0 |
|
0 |
|
|
|
|
|
|
|
0 |
0 |
0 |
0 |
3.1, 4.1 тістер интакты, тістеген кезде қатты ауру сезімімен, қозғалғыштық III дәреже, пародонтальды қалталар 5-7 мм тереңдікте, іріңді эксудаттың шығуымен анықталды. Дәрігер науқасқа 3.1, 4.1 тістерді жұлу керектігін айтты.
Тапсырма:
Болжамды диагноз. 3.1, 4.1 тістерге таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
3.1, 4.1 тістерді жұлуға арналған құралдарды таңдаңыз.
3.1, 4.1 тістерді жұлу үшін жасалатын жансыздандыру әдістерін таңдаңыз.
3.1, 4.1 тістерді жұлу кезеңдерін атаңыз. Науқасқа тісті жұлғаннан кейін ұсыныстар беріңіз.
Тістерді жұлып болғаннан кейін мүмкін болатын жергілікті асқынуларды атап шығыңыз. Альвеолит кезінде сіздің тактикаңыз, асқынудың себептері.
Ситуациялық есеп №5
Науқас И., 47 жаста 2.3 тісінің үнемі сыздап ауруы және ұрт аймағындағы ауырсыну сезімдерінде байланысты хирург-стоматологқа қаралды. Анамнезінде: Тіс бірнеше рет емделген, емдеу нәтижесіз болған. Сыртқы қарауда: бет әлпетінің конфигурациясы өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері сол жағында сәл ұлғайған. Ауыз қуысын қарағанда: 2.8 тісте үлкен тісжегілік қуыс, перкуссия күрт ауырады, тіс сауыт бөлігімен ұрт жаңға қарай айналған, ұрттың сілемейлі қабаты жарақатталған, ісінген, қызарған, пальпацияда ауырады. Ауыз ішілік рентгенограммада: 2.8 тіс түбір аймағында периодантальді саңылау кеңейген. Дәрігер бұл тісті жұлуға көрсеткішті анықтады.
Есеп:
Болжамды диагноз. 2.8 тіске таңдалған хирургиялық емдеу әдісін негіздеңіз.
2.8 тісті жұлуға арналған құралды таңдаңыз.
2.8 тісті жұлу үшін жасалынатын жансыздандыру әдісін таңдаңыз.
2.8 тісті жұлу кезеңдерін атаңыз. Жұлғаннан кейін науқасқа ұсыныс беріңіз.
Тісті жұлу кезінде пайда болатын жергілікті асқынуды атаңыз. Келесі асқынулар кезіндегі сіздің тактикаңыз: жұмсақ тінге түбірдің итеріліп кетуі және қызыл иекпен ауыз қуысының жұмсақ тіндерінің жарақатталуы. Осы асқынулардың себептері.
Ситуациялық есеп №6
Науқас В., 45 жаста, стоматологиялық клиникаға 1.6 тіс маңында үнемі сыздап ауыратын, тістегенде күшейе түсетін ауыру сезіміне шағымданып қаралды. Анамнезінде: 1.6 тіс 2 жыл бұрын тісжегінің асқынуы бойынша емделген. Эндодонтиялық жету жолы нашар және түбір өзектерінің қатты қисықтығынан тістің эндодонтиялық емі нәтижесіз болған. 2 жыл бойына тіс мазаламаған. Сыртқы бет-әлпетін қарағанда: бет-әлпетінің конфигурациясы өзгеріссіз, тері жамылғысы таза, регионарлы лимфа түйіндері аз ғана ұлғайған. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 1.6 тіс сауытының ½ бұзылған, перкуссия ауырсынусыз, 1.6 тіс айналасындағы сілемейлі қабат қызарған, ісінген, 1.6 тіс түбірінің ұшы маңындағы сілемейлі қабаттың пальпацияны аздап ауырсынады. Ауызішілік рентгенограммада: 1.6 тістің ұрттық түбір өзектері түбірдің 1/3 ұзындығына 1.6 тістің түбірлер ұшында шекаралары анық емес. Сүйек тінінің деструкциясы бар.
Тапсырма:
