- •1. Бизнесті бағалау пәні қызметі
- •2. Бағалау қызметінің субъектісі мен объектісі
- •3. Бизнестің негізгі ерекшеліктері
- •4. Бизнесті дамытудың негізгі механизмдері
- •5.Бизнесті бағалаудың негізгі мақсаты
- •6. Бизнесті бағалауда құн түрлері
- •7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
- •8. Бизнесті бағалау принциптері
- •9. Күйзеліске қарсы басқаруда бизнесті бағалаудың мәні.
- •14. Нарықтық экономикада бағалаудың қажеттілігі.
- •15. Бизнесті бағалау тәсілдері, функционалдық тәсіл
- •16. Ұқсас объектілерге бағалауды өткізу.
- •17. Жылжымайтын мүліктер және олардың рөлі.
- •18. Қ.Е.Б. Құжаттары
- •20. Жер ресурстары және оның салалар бойынша қызмет ерекшеліктері
- •21. Кәсіпорын табысын есептеу әдістері
- •22. Бухгалтерлік баланс,қызметі
- •23. Қаржылық есеп беру нысандары
- •24. Бағалау қызметін жүргізу және оның меншік иелері үшін маңыздылығы
- •25. Бағалау қызметін жүргізетін бағашының негізгі қызметтері
- •26. Кәсіпорынның қозғалмайтын мүліктерің классификациясы.
- •27. Бизнесті бағалау экономикалық маңызы
- •28. Кәсіпорын табыстары және олардың құралу көздері.
- •29. Бағалау қызметін жүзеге асыруда жоспарлау маңызы.
- •30. Қр Бағалау қызметі туралы Заңның негізгі қызметтері
- •31. Бизнес-жоспар маңызы мен қызметі
- •32. Кәсіпорын мүліктері: түрлері мен қызметі
- •33. Кәсіпорынды қаржыландыру көздері және олардың қызметі
- •34. Кәсіпорын басшысы ретінде кәсіпорын қызметін қалай бағалайсыз?
- •36. Жер ресурсының өндірістік қызметін бағалау
- •37. Кәсіпорындағы кадр саясатының маңызы
- •38. Кәсіпорын стратегиясы
- •39. Кәсіпорынды ұйымдастыру, басқару, бағалау
- •40.Кәсіпорын басшысы ретінде жоспарлау қызметін ұйымдастыру, жүргізу
7. Нарықта Бизнеске әсер ететін факторлар
Бағашы бизнес құнын есептеу барысында микро және макроэкономикалық факторларға көңіл бөлуі қажет. Олар:
Сұраныс. Сұраныс тұтынушылардың қажеттілігімен анықталады (осы бизнес қандай табыстар әкеледі, қай уақытта, қандай тәуекел етушілікпен, бизнесті қайта сату).
Табыс. Объекті иесі операциялық қызметтің сипатына байланысты және объектіні пайдаланғаннан кейін сатып пайда алудағы мүмкіншілігі. Операциялық қызметтерден түскен пайда табыс пен шығындар ағымының қатынасымен сипатталады.
Уақыт. Кәсіпорын құнын қалыптастыруда табыс алу уақыты үлкен мәнге ие болады. Меншік иесі активтерді қолданысқа тез енгізсе, онда табысты тез табады.
Тәуекел. Болашақта табыс алу ықтималдығы ретінде тәуекел етушілік бірлесіп көрініс табады.
Бақылау. Құнға әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Егер кәсіпорын жеке меншік иесін сатып алса немесе бақылау пакет акциясын иемденсе, онда жаңа меншік иесі басшыны сайлайды (еңбекақысын есептеу, кәсіпорын жұмысының стратегиясы, оның активтерін сату мен сатып алу); сол кәсіпорынды қайта құрады; басқа кәсіпорынды сіңіру (поглощение) жөнінде шешім қабылдау; дивидент шамасын анықтау құқығына ие болады.
Ликвидация. Кәсіпорын құны мен оның мүлігіне бағалауды әсер ететін маңызды факторлардың бірі осы меншіктің ликвидациялық дәрежесі болып табылады.
Шектеу. Кәсіпорын құнында кез келген шектеулер кездеседі. Мысалыға, егер мемлекет кәсіпорын өнімінің бағасын шектесе, онда ондай бизнестің құны төмен болады.
Сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Кәсіпорында сұраныс әлеуетті инвестордің төлем қабілеттілігімен, ақша құндылығы, және қаржы нарығында қосымша капиталдарды тарту мүмкіндігімен байланысты. Табыстылық деңгейіне инвестордың қатынасы және тәуекел етуге бару оның жасына да байланысты (көп табыс табуда тәуекел етуге жастар икемді болып келеді). Сұраныс экономикалық, әлеуметтік және саяси факторларға да байланысты.
8. Бизнесті бағалау принциптері
Бизнесті бағалаудың үш тобы бар:
♦ меншік иесіне беруге негізделген;
♦ меншікті пайдаланумен байланысты;
♦ нарықтық орта іс-әрекетіне қамтамасыз етілуі.
Барлық принциптерді бір мезетте басшылыққа алуға болады. Жекелеген жағдайларда негізгі және қосымша принциптер болады (мемлекеттік араласу нарықтық экономикаға көшу принциптері).
Принциптің бірінші тобы. Кез келген объектіні құнының негізгі критерийі оның пайдалылығы (полезность) болып табылады. Егер де шынайы немесе әлеуетті меншік иесіне пайдалы болса, онда бизнес құнға ие болады.
Әрбір тұтынушы үшін пайдалылық жеке, бірақ сапалығы мен сандылығы уақытпен, кеңістікпен және құнмен анықталады. Нарықтық экономикада меншік иесі үшін объектінің жалпы пайдалылығы ретінде сол объектінің табыс әкелу икемділігі болып табылады. Бизнестің пайдалылығы – бұл оның белгілі бір уақыт мерзіміндегі табыс әкелу қабілеттілігі. Пайдалылық неғұлым көп болса, соғұрлым бағаланатын құн шамасы жоғары болады.
Пайдалылық принципі мынада неғұрлым кәсіпорын меншік қажеттілігін қанағаттандыруға қабілетті болса, соғұрлым оның құны жоғары болады.
Кез келген пайдаланушының көзқарасы бойынша кәсіпорынның бағалық құны сондай пайдалылықтағы ұқсас кәсіпорынның минималды бағасынан жоғары болмауы қажет.
Сатып алушы бизнесті әртүрлі бағытта таңдауға мүмкіндік алады. Осыдан кәсіпорын құнын бағалаудың тағы бір принципі – алмастыру принципі қалыптасады. Ол былай анықталады, кәсіпорынның максималды құны аз бағамен сипатталады.
Бағалаудың келесі принципі – күту немесе алдын-ала болжау принципі. Өткен және осы уақыттағы бизнес маңызды болып табылады, бірақ оның экономикалық бағасы болашақта анықтайды. Кез келген бизнестің (кәсіпорын) пайдалылығы болжанған болашақ табыстар бүгінгі күні қаншаға бағаланатынымен анықталады. Күту принципі – бұл кәсіпорынды пайдалануда алынған табыстың ағымдық құнын анықтау.
Принциптің екінші тобы. Кез келген экономикалық қызметтің табыстылығы өндірістің төрт факторымен: жер, жұмыс күші, капитал және басқарумен анықталады. Сондықтан, кәсіпорын құны жүйе ретінде табысты бағалау негізінде есептелінеді. Табысты қалыптастыруда әрбір фактор «қазына» әкеледі. Осыдан қазына (вклад) принципі қалыптасады және кез келген қосымша активтер алынған өсім шығынынан көп болған жағдайда кәсіпорын жүйесінде экономикалық мақсаттарға сай келеді.
Әрбір фактор нақты қызметтен құралатын табыста төленуі қажет. Жер жылжымайтын мүлік болғанымен жұмысшы күшін, капиталды және басқаруды пайдаланғанына алу мен компенсация төленуі қажет, ал ақшаның қалған бөлігі жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленуге бағытталуы қажет.
Мысалыға, егер де жер учаскесі көп табыспен қамтамасыз ете алатын болса, кәсіпорын жоғары бағаланады. Жер учаскесінің қалған өнімділігі таза табыс ретінде анықталады, содан соң басқаруға, жұмыс күшіне және капиталды пайдалануға шығындар жұмсалады. Бұл принципті – қалдық өнімділік принципі деп атайды.
Өндіріс факторлары олардың ұдайы өндірістік кезеңін ескере отырып бағаланады. Ескірген технологиялық құралдар толығымен ауыстыруды қажет етеді. Осы факторлардың барлығын сатып алушы ескеруі қажет.
Аталған өндіріс факторлары объекті құнын арттыруы не азайтуы мүмкін. Бизнесті бағалау принципінің мәні мынада: өндірістің негізгі факторларына ресурстарды үстемелеуде шығынның өсу қарқынына қарағанда таза қайтарымның ұлғаю тенденциясы артады, ал белгілі бір жетістікке жеткеннен кейін жалпы қайтарым баяу қарқынмен артады. Қосылған ресурстардың шығынына қарағанда өсу құны төмендемейінше тежелу (баяулау) процесі жүре береді. Бұл принцип шекті табыс теориясына негізделеді және оны «шекті өнімділік принципі» деп атайды.
Кәсіпорын құнын бағалау барысында баланс жасау принципін ескеру қажет, яғни өндіріс факторлары шамасын тиімді жұмсай отырып, мол табыс алуға болады. Осы принциптің іс-әрекетін маңызды жағы кәсіпорын көлемі нарық қажеттілігіне сай болуы қажет. Егер осы сәйкестілік бұзылса, онда бизнес тиімсіз (тауар, ресурстарды жеткізуге қиыншылықтардың болуы) деп есептеледі.
Принциптің үшінші тобы. Нарықтық экономикада база белгілеуге әсер ететін факторлар – бұл сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы. Егер жетілген бәсекелестік жағдайында сұраныс пен ұсыныс тең болса, онда баға тұрақты болып, құнмен сәйкес болуы мүмкін. Егер сұраныс ұсыныстан артық болса, онда баға артады.
Егер кәсіпорын нарық стандарттарына сәйкес болса, онда база орташа нарықтық мәнде өзгеріске ұшырайды; ал кәсіпорын нарық талабына сай болмаса, онда ереже бойынша сол кәсіпорынның бағасы төмен болады. Сәйкестілік принципі бойынша кәсіпорын нарық талабына жауап бере алмаса, өндірістің жарақтануы, технология, табыстылық деңгейі орташа көрсеткіштен төмен бағаланады.
Сәйкестілік принципімен регрессиялық және прогрессивтік принциптер байланысты. Регрессияда (кері кету) – кәсіпорындар нарық жағдайына артығырақ үйлестірумен сипатталады. Прогрессивті жағдайда обьектінің инфрақұрылымын жақсартумен қамтамасыз етуде сол кәсіпорынның нарықтық бағасы оның құнынан жоғары болады.
Баға белгілеуге бәсекелестік әсер етеді. Сондықтан, кәсіпорын құнын бағалау барысында сол саланың осы уақыттағы және келешектегі бәсекелестік күрес деңгейін ескерген жөн. Бәсекелестік принципі мынаған негізделеді: егер де бәсекелестік күрестің күшеюі байқалса, онда болашақ пайданы болжауды табыс ағымын тікелей азайту немесе тәуекел ету факторларын арттыру жолымен жүзеге асыру қажет.
Бизнес құны тек ішкі факторлармен ғана емес, сыртқы факторлармен де анықталады. Кәсіпорын құны, оның мүлкі сыртқы ортаның жағдайымен, елдегі экономикалық және саяси тұрақтылық дәрежесімен де байланысты. Сондықтан, кәсіпорынды бағалағанда сыртқы ортаға байланысты принципін ескеру қажет.
Саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың өзгерісі нарық конъюктурасы мен баға деңгейіне әсер етеді. Кәсіпорын құны өзгереді және оның бағалау нақты күнге (дата) жүргізіледі. Осыдан келіп, құнның өзгеру принципі қалыптасады. Нарықтағы сұраныс, бизнесті дамыту мүмкіндігі, орналасқан жері және басқа да фактордар сол кәсіпорынды пайдалану тәсілдерін анықтайды. Бизнесті анықтауда мүлікке деген меншік құқығын экономикалық бөлу жөнінде сұрақтар туындауы мүмкін. Экономикалық бөлу мына жағдайда жүзеге асырылады, егер де объектіге деген құқықты екі немесе одан да көп құқыққа бөлсе, нәтижесінде объектінің жалпы құны өседі. Экономикалық бөлу принципінің мәні мүліктік құқықты бөлу не қосу арқылы объектінің жалпы құнын арттыру.
